Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін



бет93/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Барлауға қандай талаптар қойылады?

  • Барлау түрлері мен оны жүргізу тәсілдерін атаңдар.

  • Барлаудың негізгі міндеттері қандай?

  • Радиациялық және химиялық бақылау постарын тағайындау туралы, оның құрамы, міндеттері мен жабдықталуы туралы не білесіңдер?

Дәріс№54 Табиғи апаттар
Сұрапыл апаттар дегеніміз-адамдармен жануарлардың өліміне,халықтың өмірінің күрт бұзылуына,материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін құбылыстар.Сұрапыл апаттар көбінесе адамның қолынан келмейтін табиғат күштерінің әсерінен болады.Мысалы;су басу,жер сілкінісі,ормандағы өрттер,көшкін т.б жатады.
Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай. 
Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады. 
Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы. 
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. 
Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.

Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт. 

Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% - тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінісінің, ал қалған 25% - зілзаланың басқа түрлері. 

Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады. 


Жер сілкінісі
Жер сілкінісінің кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100-ден аса үлкен жер сілкіністері болып тұрады. Жер сілкінісінің уақытын болжау қиын.
Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. 
Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарға үрей болады. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңіздің гравитациялық толқындарынан цунами пайда болып, құрылыста үлкен бүлінушілік жасайды. 
Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттары көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қауіпі бар. Бұл аймақта 6 миллионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 пайызға жуық өндірістік әлеуеті осы аймақта шоғырланған.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30%-ы шоғырланып, тұрғын үй қорының 35%-на жуығы орналасқан, Республика халқының 40%-ы тұрады. 
Жер сілкінісінің қауіпті бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғаш және улы материалдар қоймалары орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген объектілерді кейбіреулерінің бұзылуы, оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін. Инженерлік желілер мен коммуникациялардың жер сілкінудің салдарынан бұзылуы аса қауіпті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет