Жалпы Заң төрт бағытты қамтиды



бет1/5
Дата26.01.2022
өлшемі439,19 Kb.
#129831
  1   2   3   4   5

«Педагог мәртебесі туралы» заң 21 баптан тұрады және жарты миллионнан астам ұстаздың жұмысына қатысты.

Жалпы Заң төрт бағытты қамтиды:

Бірінші, ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту; Екінші, мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту; Үшінші, материалды емес стимул тетіктері; Төртінші, материалдық ыңталандыру.

1-БАП. ОСЫ ЗАҢДА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР

1)педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кəсіп тік білімі бар жə не білім алушыларды жəне (не ме се) тəрбиеле нушілерді оқыту жəне тəрбие леу, білім беру қызметін əдіс те мелік қол дау немесе ұйымдас тыру бойын ша педагогтың кəсіптік қызметін жүзеге асыратын адам;

2) педагогтік əдеп – педагогтердің Қазақстан Республикасының педагог мəртебесі туралы заңнамасында белгіленген мінез-құлық нормалары;

3) педагогтік əдеп жөніндегі кеңес – білім беру ұйымында құрылатын, педагогтердің педагогтік əдепті сақтау мəселелерін қарайтын алқалы орган;

4) тəлімгерлік – педагогтің орта білім беру ұйымында педагогтің кəсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен адамға кəсіптік бейімделуіне практикалық көмек көрсету жөніндегі қызметі.

2-БАП. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПЕДАГОГ МƏРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫ

1.Қазақстан Республикасының педагог мəртебесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституция сына негізделеді, осы Заңнан жəне Қазақстан Респуб ли касының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2.Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

3-БАП. ОСЫ ЗАҢНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

Осы Заңның күші мектепке дейінгі білім беру ұйым дарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйым дарында, сондай-ақ əдістемелік кабинеттерде кəсіп тік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге қолданылады. Əскери оқу орындарының педагогтеріне осы Заңның күші «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктермен қолданылады.

4-БАП. ПЕДАГОГ МƏРТЕБЕСІ

1.Қазақстан Республикасында педагогтің ерекше мəртебесі танылады, бұл оның кəсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз етеді.

2.Білім беру саласында кəсіптік қызметін жүзеге асырған жəне Қазақстан Республикасының заңна масында белгіленген тəртіппен тиісті ұйыммен еңбек қатынас тарында болған кезеңде адам педагог мəртебесіне ие болады.

3.Педагог лауазымдарының тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет