Жалпы Заң төрт бағытты қамтиды


-БАП. ПЕДАГОГТІҢ КӨТЕРМЕЛЕНУГЕ ҚҰҚЫҒЫ



бет3/5
Дата26.01.2022
өлшемі439,19 Kb.
#129831
1   2   3   4   5
9-БАП. ПЕДАГОГТІҢ КӨТЕРМЕЛЕНУГЕ ҚҰҚЫҒЫ
  • Адал еңбегі жəне өзінің кəсіптік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін педагогке Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ ұйымның ішкі тəртіп қағидаларында көзделген көтермелеулер қолданылады.
  • Педагогтің аса үздік жетістіктері жəне Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін оған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес мемлекеттік наградалар, оның ішінде «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы беріледі. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болған педагог республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде біржолғы төлем алады.
  • Білім беру саласындағы уəкілетті орган айқын дайтын тізбе бойынша білім алушылар мен тəрбие ленушілер арасындағы халықаралық олим пиадалардың, конкурстардың жəне спорттық жарыс тардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған педагогке тиісті мемлекеттік білім беру ұйымының қызметі бойынша үнемдеу есебінен үш лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді.

4.Жергілікті атқарушы органдар біржолғы сыйақы төлей отырып немесе онсыз, жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарды тағайындау жəне ынталандырудың өзге де нысандары арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелік күндерге орай педагогтерді көтермелеудің қосымша шараларын белгілеуге құқылы. Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтардың сипаттамасын, оларды беру тəртібін, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерін жергілікті атқарушы орган айқындайды.

5. Жыл сайын республикалық бюджет қаражаты есебінен «Үздік педагог» атағын иеленушіге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде жəне тəртіппен сыйақы төленеді.

10-БАП. ПЕДАГОГТІК ҚАЙТА ДАЯРЛАУ

1.Педагогтік білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кəсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін кəсіптік білімі бар адамдар жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында педагогтік қайта даярлаудан өтеді.

2.Педагогтік қайта даярлау тəртібін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайды.

3.Осы баптың нормалары қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша педагогтің кəсіптік қызметін жүзеге асыратын адамдарға қолданылмайды.

11-БАП. ПЕДАГОГТІҢ КƏСІПТІК ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІ ШЕКТЕУ

Педагогтің кəсіптік қызметіне:


  • соттың заңды күшіне енген үкіміне сəйкес педагогтің кəсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен əрекетке қабілетсіз немесе əрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
  • медициналық қарсы көрсетілімдері бар, психиатриялық жəне (немесе) наркологиялық есепте тұрған;
  • техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ адамдар;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулер негізінде жіберілмейді.

12-БАП. ƏЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР

Педагогтерге:


  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тұрғынжайға, оның ішінде қызметтік тұрғынжайға жəне (немесе) жатақханаға;

  • 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне кепілдік беріледі. Ауылдық елді мекендерде кəсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басымдық тəртіппен жүзеге асырылады;

    3) ұзақтығы күнтізбелік 56 күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына; 4) өздеріне кезекті еңбек демалысы берілген кезде күнтізбелік жылда бір рет кемінде бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жəрдемақыға кепілдік беріледі. Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктері білім беру саласындағы уəкілетті орган тиісті саланың уəкілетті органдарымен келісу бойынша бекітетін қағидаларда айқындалады. Педагогтердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдардан орындарды жергілікті атқарушы органдар бірінші кезектегі тəртіппен береді.



Педагог Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сəйкес денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз ететін əлеуметтік кепілдіктерді иеленеді. Ауылдық елді мекенде кəсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке:
  • жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында кəсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес пайызға арттырылып белгіленеді;

  • 2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тəртіппен жəне мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жəне отын сатып алу бойынша əлеуметтік қолдау көрсетіледі. Ауылдық елді мекендерге кəсіптік қызметін жүзеге асыру жəне тұру үшін келген педагогке жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша көтерме жəрдемақы жəне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін əлеуметтік қолдау көрсетіледі. Жергілікті атқарушы органдар педагогке тұрғынжайды жалдау (жалға алу) үшін жəне коммуналдық көрсетілетін қызметтерге өтемақы төлемдерін, санаторийлік-курорттық емделуге жəне демалуға жолдама сатып алу үшін толық немесе ішінара төлемдер, сондайақ педагогті əлеуметтік қолдауға бағытталған өзге де жеңілдіктер белгілеуге құқылы

13-БАП. ТƏЛІМГЕРЛІК

Орта білім беру ұйымында кəсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен педагогке бір оқу жылы кезеңіне тəлімгерлікті жүзеге асыратын педагог бекітіліп беріледі. Тəлімгерлікті жүзеге асырғаны үшін педагогке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қосымша ақы төленеді. Тəлімгерлікті ұйымдастыру тəртібін жəне тəлім герлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайды. 14-БАП. ПЕДАГОГКЕ БІЛІКТІЛІК САНАТЫН БЕРУ (РАСТАУ) Педагогтерге біліктілік санаттар білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен беріледі (расталады).

15-БАП. ПЕДАГОГТІҢ МІНДЕТТЕРІ Педагог:

  • өз қызметінде тиісті кəсіптік құзыреттерді меңгеруге;
  • оқыту мен тəрбиелеудің педагогтік қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тəрбиелеудің сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге;
  • өзінің кəсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік жəне шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға);
  • педагогтік əдепті сақтауға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден өтуге;
  • білім алушылардың, тəрбиеленушілердің жəне олардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
  • балаларды заңға, адамның жəне азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи жəне мəдени құндылықтарға, мемле кеттік рəміздерге құрмет көрсету, жоғары иман дылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тəрбиелеуге
  • білім алушылар мен тəрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жəне саламатты өмір салты мəдениетін қалыптастыруға;

9) білім беру ұйымының басшылығына өмірлік қиын жағдайда жүрген баланың анықталу фактілері туралы дереу хабарлауға

10) құқық қорғау органдарына жəне білім беру ұйымының басшылығына қылмыстық не əкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар əрекеттерді (əрекетсіздікті) кəмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс жерде кəсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлауға;

11) білім алушылар мен тəрбиеленушілерді оқыту жəне тəрбиелеу мəселелері бойынша ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне консультация беруге міндетті.

Педагог білім беру процесін саяси үгіттеу, білім алушылар мен тəрбиеленушілерді саяси, діни немесе өзге де сенім-нанымдарды қабылдауға не олардан бас тартуға мəжбүрлеу үшін, əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру, əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік тиесілік белгісі, дінге көзқарасы бойынша азаматтардың ерекшелігін, астамшылығын не кемшіндігін насихаттайтын, оның ішінде білім алушыларға Қазақстан Республикасының ұлттары мен ұлыстарының тарихи, ұлттық, діни жəне мəдени дəстүрлері туралы анық емес мəліметтерді хабарлау арқылы үгіттеу үшін, сондай-ақ білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін əрекеттерге итермелеу үшін пайдалануға құқылы емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет