16-БАП. ПЕДАГОГТІК ƏДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС 1.Педагогтік əдеп жөніндегі кеңестің қызметі білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітетін педагогтік əдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары негізінде білім беру ұйымы айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
2. Педагогтік əдеп жөніндегі кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады. Педагогті тəртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім педагогтік əдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы еске ріле отырып, білім беру ұйымы басшысының актісімен қабылданады. Педагогтік əдепті сақтау туралы мəселе қаралған кезде педагогтің:
- қаралып отырған мəселе туралы ақпаратты жазбаша түрде алуға;
2) қаралып отырған мəселе бойынша барлық материалдармен танысуға; 3) өз құқықтары мен заңды мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жеке өзі немесе өкілі арқылы заңға қайшы келмейтін барлық тəсілдермен қорғауға;
4) шешімді жазбаша түрде алуға;
5) қабылданған шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға құқығы бар. Педагогке қатысты талқылаулар жəне олардың негізінде қабылданған шешімдер оның келісімімен ғана жариялануы мүмкін.
17-БАП. ПЕДАГОГТІ КƏСІПТІК ДАЯРЛАУ
1.Педагогті кəсіптік даярлау техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне (неме се) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
2. Педагогтерді кəсіптік даярлаудың білім беру бағдарламалары педагогтің кəсіптік стандартының талаптары негізінде əзірленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |