Кредиттік оқыту технологиясы – бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім беруді таңдап алған траекториясын регламенттеу болып табылады. Біздің республикамыздың жоғары оқу орындарында кредиттік жүйені енгізуде шетел мемлекеттерінің тәжірибесі мен халықаралық тәжірибенің маңызы өте зор. Енді осы оқыту технологиясын енгізудің күшті, әлсіз жақтарына тоқталсақ.

(S) Күшті жақтары
Білім сапасының халықаралық стандарттарға сәйкестігі;
Оқу үрдісін барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қағаз жүзінде және электронды түрде қамтамасыз ету;
Оқытудағы мәжбүрлеу әдісінен студенттің өзін білім алуға белсенділендіруге көшу;
Кредиттік оқыту жүйесінде практикалық іс-тәжірибеден өтуге көп көңіл бөлінеді.
(W) Әлсіз жақтары
Жоспарланған кредит санының пәннің мазмұнын терең оқып-үйренуге жеткіліксіздігі;
Көптеген жоғары оқу орындарында электрондық оқыту жүйесінің толық жұмыс істемеуі;
Өз бетінше білім алуға студенттердің дайын болмауы;
Педагог кадрлардың кредиттік технологияның барлық механизмдерін меңгеруінің төмендігі;
Бір тақырыптан басталған семинар мазмұны келесі аптадағы семинар уақыты қайта келгенше ұмытылып немесе көмескіленіп қалуы.
(О) Мүмкіндіктері
Академиялық еркіндік және оқу бағдарламаларының көп нұсқалылығы, пәндер мен оқытушыларды таңдау мүмкіндігі;
Оқу үрдісі мен жеке білім алу жолын және мамандандыруды таңдауды ұтқыр жоспарлау мүмкіндігі;
Еңбек рыногы сұраныстарына бағыт ала отырып академиялық бағдарламаларды қозғалмалы етіп жоспарлауға мүмкіндік беріледі;
Студенттің өз дайындығының бағытын түзету қажеттілігі туындаған жағдайда бағдарламаларды біріктіруге болады;
Керек болған жағдайда білім алуды кезең-кезеңімен яғни уақыт аралық үзілістермен іске асыруға мүмкіндік береді.
ҚР-ның кейбір облыстарындағы ЖОО-да оқытудың кредиттік оқыту технологиясына толыққанды көшуі мен оны енгізе алмауы;
Оқытудың кредиттік оқыту технологиясын тереңдетіп түсінбегеннен әр түрлі қарсы ойлардың болуы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, қазіргі кездегі білім парадигмасының өзгеруіне байланысты кредиттік технологияны енгізудегі қиындықтар жеткілікті. Осы қиындықтарды жою үшін дәстүрлі оқытудығ да жағымды жақтарын қолдану қажет.