Анализ качественных признаков



бет1/8
Дата23.02.2023
өлшемі0,62 Mb.
#169891
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
22-23 ЖМ 2-К САП Д АСС
sabaq-kz attachment fizika-9-synyp-test-sratary-9-nsa....

Сапалы деректерді талдау. Жиіліктер арасындағы айырмашылықтардың статистикалық мәнділігін бағалау: Пирсонның Хи – квадрат критерийі. Ассоциациялар өлшемі: салыстырмалы қауіп-қатер, қауіп-қатерлер айырмасы, шанстар қатынасы.

Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасы

Сапалы деректердің түрлері

Сапалы деректер құбылыстың қандай-да бір белгілі категорияға жататынын сипаттайды және төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • номинальды (мысалы: диагноз, қан тобы, асқынулар түрлері, палата номері)
  • реттік (немесе рангілік, ординальды) – оларды реттеуге болады, бірақ олармен арифметикалық амалдар орындауға болмайды (мысалы: науқастың жағдайы ауыр, орташа, қанағаттанарлық болуы мүмкін)
  • дихотомиялық (немесе бинарлы) – тек қана екі қиылыспайтын категориядан тұратын айнымалылар (мысалы, пациент шылым шегеді немесе шылым шекпейді, негізгі немесе бақылау тобы, аурудан жазылу немесе жазылмау, әйел адам немесе ер адам және т.б.).

Сапалы деректер (немесе белгілер)

  • Бұл белгілерді санмен өлшеу мүмкін емес.
  • Мысалы, немесе әйел адам, немесе ер адам, немесе дені сау, немесе ауру болуы мүмкін.
  • Бұл белгілермен арифметикалық амал орындауға болмайды(арифметикалық орта, дисперсия т.б. есептеуге болмайды).
  • Сапалы деректерді сипаттаудың бірден-бір тәсілі, ол- мәндері бірдей нысандарды санап, олардың нысандардың жалпы санының қандай үлесін құрайтынын анықтау керек.
  • Мысалы, COVID-19 ауырған студенттердің ішінде жалпы медицина факультеті студенттерінің үлесі.
  • Егер зерттеу жұмысының мақсаты әртүрлі топтағы жиіліктердің арасындағы айырмашылық жөніндегі статистикалық жорамалды тексеру болса (мысалы, қыз балалар арасындағы миопияның пайда болу жиілігін ұл балаларда пайда болу жиілігімен салыстыру), онда топтардағы жиіліктерді салыстыру үшін статистикалық талдау әдістерін қолдану керек.
  • Сапалық деректерді талдауға арналған ондай әдіс- Пирсонның χ2 (хи квадрат) статистикалық критерийі.
  • Салыстырылып отырған топтардағы жиіліктер эпидемиологиялық құрал – төртторлы кестеге енгізіледі (орайластық кестесі, 2×2 кестесі), деректер кестенің A, B, C және D төрт торкөзіне орналастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет