Анализ качественных признаков


Салыстырмалы қауіп-қатерді он-лайн калькуляторды қолданып есептейік



бет7/8
Дата23.02.2023
өлшемі0,62 Mb.
#169891
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
22-23 ЖМ 2-К САП Д АСС
sabaq-kz attachment fizika-9-synyp-test-sratary-9-nsa....

Салыстырмалы қауіп-қатерді он-лайн калькуляторды қолданып есептейік:

https://medstatistic.ru/calculators

Салыстырмалы қауіп-қатерді есептеу бөліміне кіреміз:

Салыстырмалы қауіп-қатердің мәнін және 95% СА (сенім аралығы) төменгі және жоғарғы шекараларының мәнін қараймыз және қорытынды жасаймыз:

Салыстырмалы қауіп-қатердің мәнін және 95% СА (сенім аралығы) төменгі және жоғарғы шекараларының мәнін қараймыз және қорытынды жасаймыз:

Қауіп-қатер факторы мен нәтиженің арасында тікелей байланыс бар. Жұмыс аймағындағы ауаның шаңдану дәрежесінің қалыпты деңгейден жоғары болуы жұмысшылардың тыныс алу мүшелері ауруларының даму қаупін 1,92есе арттырады.

Сенім аралығына 1 саны кірмегендіктен (95% ДИ: 1,11-3,31) бұл байланыс статистикалық мәнді.

Қауіп-қатерлер айырымы (risk difference, attributive risk) 

Қауіп-қатерлер айырымы:

RD=R1-R2

Бұл көрсеткіш зерттеліп отырған қауіп-қатер факторының әсері кандай аурушаңдық тудыратынын көрсетеді.

Біздің мысалда:

0,298 (негізгі топтағы абсолютті қауіп - қатер) – 0,155 (бақылау тобындағы қауіп-қатер)= 0,143 (қауіп-қатерлер айырымы )

Интерпретация: қауіп-қатер факторы әсер еткен топта тыныс мүшелері ауруларының 14,3% жұмыс аймағындағы ауаның шаңдануының жоғарылауынан болған (15,5% қауіп-қатер факторының әсерінсіз де ауыруы мүмкін).

Шанстар қатынасы OR (odds ratio)

  • Шанстар «жағдай-бақылау» түріндегі зерттеулерде есептелінеді және бағаланады.
  • Шанстар қатынасы – әсерге ұшыраған адамдарда оқиғаның немесе аурудың пайда болу шанстарының әсерге ұшырамаған адамдарда оқиғаның пайда болу шансына қатынасымен есептеледі.
  • «Жағдай-бақылау» түріндегі зерттеулерде нәтиженің пайда болу немесе пайда болмау шанстары бағаланбайды, керісінше, пайда болған нәтиженің қауіп-қатер факторына ұшырау шансы бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет