Тақырыптың туындау себептері



Дата11.11.2016
өлшемі18,7 Kb.
#1482

Шеберлік сыныбы

  • Қасым Аманжолов
  • шығармашылығын оқуға қызықтыру және оның тәрбиелік мәні

Тақырыптың туындау себептері:

  • Қазақ мектептеріндегі қазақ әдебиеті бағдарламасында Қасым шығармашылығына 5-11 сынып бағдарламаларында небары 3 сағат бөлінген.
  • Орыс тілінде оқытатын мектептердің оқу бағдарламасына мүлде енгізілмеген.
  • 3. Қасым - «Ұлтшылдыққа қарсы күрес» науқанының «ревизиясына» ұшыраған ақын, ал «ревизияға» ұшырау себебі – ұлтжандылығы.

Қасым поэзиясының өзіндік ерекшеліктері

  • Өмірі мен поэзиясының өзара байланысында;
  • Арнадым жинағымды бәріңізге,
  • Оқыр деп жасыңыз да, кәріңіз де.
  • Алыңыз азырқанбай алғашқымды,
  • Көп борыш өтелмеген әлі бізде...
  • Өлеңдерінің көбі І жақта жазылған;
  • Өлеңдерін оқып отырып, ақынмен сөйлескендей боласың;
  • Адам мен табиғат қатар суреттеледі;

Қасым шығармашылығын оқыту арқылы балаларға қандай тәрбие беруге болады?

  • Қасым бейнесі арқылы адам баласының өзіне деген сенімі қандай болуы керектігін. Мысалы:
  • а/ Мен дауылдың ұлымын,
  • Тұра алмаймын дауылсыз. («Дауыл»)
  • ә/ Асқақ жыры ақынның жүр аралап,
  • Өзіміздей кәдімгі өр мінезбен... ( «Абай Арманы»)
  • Өмір арпалыстарында жеңімпаздыққа ұмтылу тәрбиесін, мойымауға, морт сынбауға;
  • Жақсылыққа шын жүректен, жан-тәнімен қуана білуге;
  • Айқын мақсаттар белгілеп, сабырмен әрекет етуге;

Мектеп бағдарламасында:

  • 5-сыныпта “Дауыл” өлеңіне – 1 сағат
  • 7-сыныпта “Ақын өлімі” дастанына - 2 сағат
  • 11-сыныпта Қасым өмірі мен шығармашылығына – 2 сағат.

Оқу бағдарламасындағы сабақтардың мазмұнын арттыру үшін:

  • Өлеңдерін,
  • дастандарын толық нұсқада
  • білуі шарт
  • Қасым туралы
  • зерттеген материалмен
  • қаруланғаны жақсы
  • “Құпия қыз”, “Жамбыл тойында”,
  • “Біздің дастан”, “Абдолла” поэмалары

Қазақ әдебиеті, 5-сынып “Дауыл”

  • Мақсаты: Өлең шумақтары мен көркемдігі арқылы ақын мінезінің дауылға ұқсастығын түсіндіру
  • Әдістері: Мәнерлеп оқу
  • Концепциялық карта
  • Аналитикалық талдау
  • Тест
  • Пайдаланылған әдебиет:
  • “Қазақ әдебиеті” энциклопелиялық анықтамалық “Аруна” Алматы 2005;
  • “Нұрлы дүние” Қ.Аманжолов “Жазушы” Алматы 1991
  • Пәнаралық байланыс:
  • А) Тарих
  • Ә) Бейнелеу өнері

Сабақтың өту барысы:

  • Сабақтың өту барысы:
  • І. Ұйымдастыру
  • ІІ. Концепциялық карта арқылы ақын өмірбаянын баяндау:
  • (5 мин)
  • Білуге тиісті
  • Мәліметтер
  • Өмір сүрген жылдары
  • 1911-1955
  • Туған жері
  • Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы
  • Оқыған жері
  • Семей мал дәрігерлік техникумы (1930ж.);
  • Ленинград орман шаруашылық институты (1931ж., аяқтай алмайды).
  • Қызметтері
  • “Лениншіл жас” газеті редакциясында;
  • Орал облыстық “Екпінді құрылыс” газеті редакциясында;
  • Орал облыстық театрында.

Тақырыпқа кіріспе:

  • Тақырыпқа кіріспе:
  • Дауыл кезінде қандай табиғат құбылыстары болады?
  • шаң көтеріледі
  • Дауыл кезінде қатты жел тұрады
  • осал тұрған нәрселер теңселеді
  • ілулі тұрған заттар ұшады
  • адамдарда қорқыныш сезімі пайда болады
  • Қасымның ақынды қызықтырады
  • “дауылы” ақын дауылмен жарысып жүгіреді
  • ақын дауылды мақтаныш сезімдерімен суреттейді
  • ақын дауылға ілесе жүріп, ер жетеді
  • тынымсыз еңбек етуді, әрекет, қозғалысты
  • дауылдан үйренеді
  • Ал Қасымның “дауылы” қандай?

Сыныппен жұмыс:

  • Сыныппен жұмыс:
  • І. Ақынның “Дауыл” өлеңін 1 оқушыға мәнерлеп оқыту
  • ІІ. Өлең шумақтарын жекелеген оқушыларға үлестірме карточкалар арқылы ұсынып, әртүрлі тапсырмалар беру:
  • А)Ышқына соққан дауылға
  • Құмартушы ем жасымда
  • Нөсерлеп құйған жауынға
  • Қызығушы ем жасынға
  • Асты сызылған сөздердің синонимдік қатарын жаса.
  • Ә) “Дауыл!”, “Дауыл!” дегенге,
  • Шықтық үйден дүркіреп,
  • Аспан тұрды төбемде,
  • Аласұрып, күркіреп.
  • Өлең шумағын мәтінге айналдырып жаз.

Бекіту тесті:

  • Бекіту тесті:
  • Қасымның өмір
  • сүрген жылдары
  • А) 1911-1955
  • Ә) 1911-1970
  • Б) 1911-1985
  • Қасымның туған жері:
  • А) Солтүстік Қазақстан
  • Ә) Орал облысы
  • Б) Қарағанды облысы
  • Қасым “Дауыл”
  • өлеңінде:
  • А) дауылдан қорқады
  • Ә) дауылға қызығып,
  • ілеседі
  • Б) дауылды жек көреді
  • Үйге тапсырма:
  • 1. Өлеңді жаттау.
  • 2. Өзіңе ұнайтын табиғат құбылысы
  • туралы әңгіме жазып келіңдер

11 – сынып Қазақ әдебиеті Қасым Аманжолов “Ақын өлімі туралы аңыз” Мақсаты: Абдолла бейнесі арқылы оқушылардың отаншылдық сезімін кеңейту.

Әдістері: Баяндау. Үш бөлімді күнделік. Дебат Пайдаланылатын әдебиеттер: Қасым Аманжолов “Нұрлы дүние” Абдолла Жұмағалиев “Таңдамалы өлеңдер жинағы” Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, Қазақстан тарихы Көрнекіліктер: мультимедиалық экран, ақындар портреті

Сабақтың кіріспе бөлімі: Концепциялық карта: (үй тапсырмасын тексеру немесе мәліметтерді еске түсіру)

  • Сұрақтар
  • Оқушылардың жауаптары
  • Қасымның өмір сүрген жылдары
  • Туған жері
  • Оқыған жерлері
  • Қызметтері
  • Алғашқы жинағы
  • Дастандары
  • Отбасы мүшелері
  • Сұрақтар
  • Оқушылардың жауаптары
  • Қасымның өмір сүрген жылдары
  • Туған жері
  • Оқыған жерлері
  • Қызметтері
  • Алғашқы жинағы
  • Дастандары
  • Отбасы мүшелері

Сабақтың негізгі бөлімі:

  • СОҒЫС

“Ақын өлімі туралы аңыз” – ақын, жауынгер Абдолла Жұмағалиев туралы дастан

  • Ақын туралы
  • Мәліметтер
  • Абдолланың өмір сүрген жылдары
  • 3.04.1915 – 1942.
  • Туған жері
  • Оқыған жерлері
  • 1934 – 1936 ж.ж. Орал пединституты
  • 1936 – 1938 ж.ж. Алматы МУ
  • Қызметі
  • 1938 – 1939 ж.ж. Қызылорда сауда техникумы
  • 1939 – 1941 ж.ж. Қазақ мемлекеттік баспасы
  • Жинақтары
  • “Таңдамалы өлеңдер” (1945)
  • “Өшпеген жалын” (1962)
  • “Өлмес өмір туралы поэма” (1985)
  • Аудармалар
  • Байрон, Лермонтов, Низами, Тоқтағұл

Поэманың көркемдік ерекшелігі

  • Поэмадағы табиғат суреті - “жиіркеніп, жиырылды жер” - “буырқанып тасты өзендер”
  • - “қонды орманға қорғасын бұлт” - жаланған от сатыр – сұтыр”
  • Поэмадағы Абдолла бейнесі
  • - “жараланған жолбарыстай” - “өзі оқ болып атылғандай” - “өрт жанарлы бір жас ұлан” - “құшып жерін, сүйіп тасын” - “айдаһардай көтерді бас” - “айтты ол шырқап от ішінде сүйген әні “Қарғам – ауын”
  • Поэмадағы фашизм бейнесі - “жерімізде жындай қаптап” - “найзаға іліп ар – ұятты” - “ұрлық отын жағып отыр”

Сыныппен жұмыс: (Үш бөлімді күнделік)

  • Абдолланың әрекеттері
  • Өзіңе ұнаған үзінді,
  • ұнау себебі
  • Дебат:
  • Қазіргі заманда Абдолланың ерлігіндей ерлік жасалуы мүмкін бе?
  • иә
  • жоқ
  • Үйге тапсырма:
  • Қасым атаға алғыс хат жазып келу, поэмадан өзіне ұнаған үзінді жаттау

Қасым шығармашылығының өзекті тақырыбы:

  • Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы,
  • Баршы өзің, жүрегіңмен тыңдашы!
  • Тұр ғой соғып туған дала жүрегі
  • Жеріміз бар қасиетті, киелі
  • Сен бақытты, атам қазақ баласы!
  • Кең далалы, кең пейілді қазақпыз.
  • Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.
  • Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,
  • Ел намысын кескілеспей бермейміз,
  • Сертің осы азат жігіт, азат қыз!
  • Қасым Аманжолов

Каталог: kopilka -> uploaded files
uploaded files -> Оқып үйренудің негізгі мақсаты Оқытуда қалыптасатын әдіс-тәсілдер
uploaded files -> Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі дара тұлға
uploaded files -> Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
uploaded files -> Ххі ғасыр көшбасшысы өткізген
uploaded files -> Жарық туралы дуализм Квант дегеніміз не? Абсолют қара дене Фотон
uploaded files -> Өмірбаяны 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл
uploaded files -> Презентация №50 Абай атындағы орта мектеп
uploaded files -> Атақты жазушы Біздің жерлесіміз
uploaded files -> Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
uploaded files -> Оқиғалар тізбесі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет