Жалпы Заң төрт бағытты қамтиды


-БАП. ПЕДАГОГТІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ



бет5/5
Дата26.01.2022
өлшемі439,19 Kb.
#129831
1   2   3   4   5
18-БАП. ПЕДАГОГТІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

1.Педагог бұрын алған кəсіптік құзыреттерін сақтаптұру жəне дамыту мақсатында біліктілігін арттыру курстарынан өтеді, олардан өту тəртібін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайды.

2. Педагогтің біліктілігін арттыру мақсатында қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту бір жолы немесе кезең-кезеңмен жекелеген бағыттар мен пəндерді (модульдерді) меңгеру арқылы, сондайақ «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту жолымен жүзеге асырылады.

3. Педагогтер алған білімін практикада іске асыруы үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізетін ұйымдар білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен педагогтер қызметін курстан кейінгі қолдауды тегін жүзеге асырады.

19-БАП. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПЕДАГОГ МƏРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ



Қазақстан Республикасының педагог мəртебесі туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылыққа алып келеді. 20-БАП. ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР Осы Заңның 8-бабы 3-тармағы 2) тармақшасы екінші абзацының қолданысы 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «орта білім беру ұйымдары мен техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін;». 21-БАП. ОСЫ ЗАҢДЫ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗУ ТƏРТІБІ

Осы Заң, 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 27 желтоқсан №293 -VI ҚРЗ  https://bilimdinews.kz/?p=82017&fbclid=IwAR19MbIjNRyleWW-0xqi1g_11_gFl1Gc3GUYp7GUcHuqMG-cHpGdNSXkxe4 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет