Жалпы Заң төрт бағытты қамтиды



бет2/5
Дата26.01.2022
өлшемі439,19 Kb.
#129831
1   2   3   4   5
5-БАП. ПЕДАГОГТІК ƏДЕП

1.Педагогтік əдеп заңдылық, адалдық, жауапкершілік, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарына негізделеді.

2. Педагогтік əдепті бұзу тəртіптік теріс қылық болып табылады жəне педагогті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес тəртіптік жауаптылыққа алып келеді.

3.Педагогтік əдепті білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітеді

6-БАП. ПЕДАГОГТІҢ КƏСІПТІК ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес жұмыс беруші педагогке ол кəсіптік қызметін жүзеге асыру үшін жағдайды қамтамасыз етеді. Педагог кəсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде: 1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кəсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;

2) одан Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыруға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулер жүргізуге;

4) оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейді. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерін олар кəсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тартуға жол берілмейді.

7-БАП. ПЕДАГОГТІҢ КƏСІПТІК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ Кəсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде педагогтің:

1) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде кəсіптік қызметті ұйымдастырудың тəсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;

2) лауазымды адамдар жəне басқа да тұлғалар тарапынан заңсыз араласудан жəне кедергі келтіруден қорғалуға;

3) білім алушылар, тəрбиеленушілер жəне олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан кəсібіне құрметпен қаралуына жəне тиісінше мінез-құлық көрсетілуіне;

4) кəсіптік қызметін жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық жəне материалдық-техникалық қамтамасыз етілуге жəне қажетті жағдайлардың жасалуына;

5) ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруға, педагогтік практикаға жаңа əдістемелер мен технологияларды енгізуге;

6) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде шығармашылық бастамаға, оқыту мен тəрбиелеудің авторлық бағдарламалары мен əдістерін əзірлеуге жəне қолдануға, оқыту мен тəрбиелеудің жаңа, неғұрлым жетілдірілген əдістерін дамытуға жəне таратуға;

7) білім беру бағдарламасына сəйкес оқыту мен тəрбиелеудің оқу құралдарын, материалдарын жəне өзге де құралдарын таңдауға;

8) білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, білім беру қызметінің əдістемелік материалдары мен өзге де құрауыштарын, сондай-ақ оқулықтарды, оқу-əдістемелік кешендер мен оқу құралдарын əзірлеуге қаты суға;

9) жұмыс орны бойынша сайланбалы лауазымға сайлануға жəне оны атқаруға;

10) білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған, оның ішінде білім беру ұйымының қызметіне қатысты мəселелерді талқылауға қатысуға;

11) білім беру ұйымын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

12) бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруға;

13) үздіксіз кəсіптік дамуға жəне біліктілікті арттыру нысандарын таңдауға;

14) біліктілік санатының мерзімінен бұрын берілуіне;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жеке педагогтік қызметке;

16) кəсіптік қызметіндегі табыстары үшін көтермеленуге;

17) «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқын далған тəртіппен жəне шарттарда кəсіптік дағдыларын сақтап-тұру жəне арттыру үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтуге; 19) өзіне қатысты қабылданатын ұйым басшысының актілеріне, əрекеттеріне жəне шешімдеріне жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағым жасауға;

20) білім алушылар, тəрбиеленушілер жəне олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан арнамысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне құқығы;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар. Педагогтің осы баптың 1-тармағында көзделген құқық тарын жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс.

8-БАП. ПЕДАГОГТІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ ҚҰҚЫҒЫ Мемлекеттік ұйымдарда кəсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке еңбегіне ақы төлеу жүйесі, лауазымдық айлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар жəне ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен айқындалады. Жекеменшік білім беру ұйымдарында кəсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеуді олардың құрылтайшылары немесе соған уəкілеттік берілген адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес айқындайды. Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын білім беру саласындағы уəкілетті орган еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында кəсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің айлық жалақысын есептеу үшін бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі: 1) 16 сағат – орта білім беру ұйымдары үшін;

2) 18 сағат: техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін; білім алушылар мен тəрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары үшін; мамандандырылған жəне арнаулы білім беру ұйымдары үшін;

3) 24 сағат: мектепке дейінгі ұйымдар, мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мектепалды топтары, білім беру ұйымдарының мектепалды сыныптары үшін; балалар мен жасөспірімдердің спорттық білім беру ұйымдары үшін;

4) 30 сағат – интернаттық ұйымдардың, демалыс лагерьлерінің, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жатақханаларының тəрбиешілері үшін;

5) 25 сағат – арнайы білім беру ұйымдарының жəне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тəрбиешілері үшін белгіленеді. Мемлекеттік ұйымдардың педагогіне негізгі жұмыс орны бойынша: философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дəрежесі үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде; ғылым кандидаты ғылыми дəрежесі үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің

17 еселенген мөлшерінде, ғылым докторы ғылыми дəрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді. Мемлекеттік орта білім беру ұйымында кəсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке негізгі жұмыс орны бойынша ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дəрежесі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді. Жергілікті атқарушы органдар педагогтерге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 300 еселенген мөлшерінде сыйақы түрінде қосымша ынталандыру төлемдерін белгілеуге құқылы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет