Елорда Нұр-Сұлтан – Қазақстанның жүрегі



Дата08.02.2022
өлшемі18,04 Kb.
#121149
Байланысты:
эссе Саматова Ш
эссе Саматова Ш, эссе Саматова Ш, эссе Саматова Ш, 8.Источники электромагнитного излучения, manager, М. Ергебеков, English File 4th edition Elementary Students book 2019

Елорда Нұр-Сұлтан – Қазақстанның жүрегі.
Менің Елордам Еуразияның тап кіндігінде тұр! Бұл ғажап емес пе?!
Иә, Нұр-Сұлтан – Елордам, байрақты еліміздің бас қаласы, жаһан таныған жас қала. Тұңғыш Елбасы жарлығымен 1998 жылы Ақмола атауының Астана болып өзгертілуі халық үшін теңдесіз қуаныш болғаны рас. Кейін, 2019 жылы, бас шаһарымыз Нұр-Сұлтан атанды, біз тағы да қуандық...
«Халықтардың достығы, бір-бірін түсінуі, ынтымастығы – Астананың және Қазақстанның негізін құрайды!» деп Нұрсұлтан Әбішұлының өзі айтқандай, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан еліміздің тұғырлы Тәуелсіздігін төрткүл дүниеге растап, әлемдік те, іскерлік те байланыстардың күре тамырына айналып отыр. Бұл елін ойлаған, елі мойындаған Тұңғыш Елбасының көреген саясаты, кемеңгер ойының жемісі мен қазақ халқының береке-бірлігі, еңбекқорлығының арқасы деп ойлаймын. Біз бүгін Елордамызды шаңырығы биікке көтеріліп, уығы нық қадалды, керегесі келісті жайылды деп әлемге жасқанбай айта аламыз, мақтана аламыз, себебі Нұр-Сұлтан заманауи талаптарға сай еуропалық қалаға айналып отыр...
Біз Қазақстанның бас ордасы Нұр-Сұлтанның жалынды жастарға, олардың жарық жұлдыздай келешегіне қалай оң ықпал етіп, жігерлендіріп отырғандығын бүгінгі қоғам тынысынан көріп, куә боп отырмыз. Әлбетте, қала экономикасының негізі – сауда, өнеркәсіп өндірісі, көлік, байланыс және құрылыс салалары. Ондағы өнеркәсіп өндірісі негізінен құрылыс заттарын, азық-түлік өнімдерін шығару мен машина жасау ісі төңірегіне шоғырландырылған. Иә, күн сайын деуге болар, Нұр-Сұлтанда бір-біріне ұқсамайтын әсем ғимараттар бой көтеруде. Ал Елорданың басты символына айналған «Бәйтерек» кешені оның бойтұмары іспеттес. Танымал британдық сәулеткер Норман Фостердің жобасымен салынған «Бейбітшілік пен келісім» сарайы, әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық отауы, теңізден алыс орналасқан океанариум – «Думан» орталығы, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры, Орталық Азиядағы ірі мешіт – «Әзірет Сұлтан», Әулие соборлар, «Бейт Рахель Хабад Любавич» синагогасы, «Қазақстан» орталық концерт залы, «Қазақ Елі» монументі, қазіргі заманғы «Өнер музейі» мен Президенттік мәдени-орталық сияқты сұлу ғимараттарды, сірә, тамсанбай атауға болмас! Елордамыз төрт бөлікке бөлінсе, Ақорда оның сол бөлігінде орналасқан. Ғажайып шаһарға келуші туристер легі 2017 жылғы ЭКСПО көрмесінен кейін тіпті артты деуге болар. Бұл өз кезегінде бас қаланың ажарын одан әрі арттырып гүлденуіне және экономикалық, сәулеттік, мәдени-рухани тұрғыдан кемелденуіне кереметтей жол ашып отыр...
Ел тарихындағы 2017 жыл... Иә, бас ордада өткен «жасыл эконимаканы» дамытуға бағытталған «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы жаңа технология мен инновацияларды қолдау негізіндегі «EXPO-2017» Халықаралық мамандырылған көрмесін, менің ойымша, елдіктің ерен жеңісі деп тануға болады. Мұның салдары жаһанға бүгінде бар баламалы энергия көздepiн пайдалануда ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясы мен жаңа әзірлемелерді пайдалануға мүмкіндік берді деп айта аламыз. Мен осы бір игі шараның өтуін тамашалап, куәсі болғаныма қатты қуанамын. Иә, заманауи жаңа құрылғылар, роботтар, бұрын естіп көрмегін қызықты заттар, өнімдер, шет елдерден келген мейман-туристер бәрі-бәрі мені қатты таң қалдырды, ерекше әсерге бөледі, тіпті өз көзіммен көріп тұрғаныма да сенбедім. Біртүрлі, бірақ жағымды әсерде болдым. Сол күндерде-ақ бас шаһарымызға деген махаббатым оянды. Маған болашақта Елордада өмір сүремін және оған бар білімім мен еңбегімді сарп етемін деген арманға толы ой келді. Иә, мен және мен сияқты жастар Нұр-Сұлтандай бас қаламыздың заманауи келбетінің дамуына, көркеюіне, әлемнің төрт бұрышына түгелдей танымал болуына үлес қосуы тиіс! Бұл – міндетіміз!
Елорданың өркендеуі – еліміздің өркендеуінің белгісі. Ендеше оның қаланып жатқан іргетасының берік болуы да мемлекетіміздің болашаққа сеніммен жасар нық қадамының кепілі болмақ. Бүгінде Нұр-Сұлтан – елдің ірі мегаполисі, жаңа ұрпақтың қаласы, Тәуелсіз Қазақстанның тынбай соғып тұрған жұдырықтай жүрегі. Нұр-Сұлтан – менің де, Сіздің де, барлық қазақстандықтардың мақтанышы! Елдігіміздің еңселі, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болып, Мәңгі Ел атануымызға атсалысайық, жастар! Мен оған кәміл сенемін!

Мен бүгін оқушымын оқып жатқан,


Санама ілім-білім тоқып жатқан.
Арқаның төріндегі Нұр-Сұлтанды
Қашан да пір тұтамын, етіп мақтан.


Жаршысы жақсылықтың Астанамыз,
Тарихың мен шежірең басқаға аңыз!
Жұлдыздай жарқырай бер, тек «Алға!»
Біз – жастар, қай істі де басқарамыз!

Ата-анам Шұғыла деп есім қойған,


Шұғылаң бола алмасам несін қойған?!
Осылай ынтығымды білдіремін,
Үш шумақ өлеңменен шыққан ойдан.


Саматова Шұғыла


Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
«№48 мектеп-қосымша білім беру орталығының»
8-сынып оқушысы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет