Сабақтың тақырыбы Жақсылық жолымен жүреміз



Дата16.02.2020
өлшемі308,43 Kb.
#58185
түріСабақ
Байланысты:
өзін-өзітану


Пән: Өзін- өзі тану

Мектеп: Мұхтар негізгі орта мектебі

Күні: 22.01.2020ж.

Мұғалімнің аты- жөні: Хасамбек С.

Машықтанушы:Аятхан Р.

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жақсылық жолымен жүреміз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушыларға адам өміріндегі жақсылықтың маңыздылығын жеткізу арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың бәрі: Жаңа білімді түсінеді, сұрақтарға жауап береді.


Оқушылардың көпшілігі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.


Кейбір оқушылар: Анық және толық сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.


Құндылықтрды дарыту

Оқушыларды бір- біріне деген құрмет көрсетуіне, жақсылық жасауына тәрбиелеу.


Ресурстар

Оқулық, суреттер, кері байланыс, стикер.


Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы 5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпты қалыпқа келтіру.

Оқушылармен амандасу, көңіл күйлерін сұрау.

«Жүректен жүрекке » шаттық шеңбері.

Оқушылар бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.



Дәйексөз: «Жақсылық- жан азығы ». (мақал).Сыныппен мағынасын ашу.

Жұмсақ ойыншық



Сабақтың ортасы

30-35 минут



Кіріспе тапсырма.

«Бір жұлдызды құтқару» аңыз әңгімесін мәнермен дауыстап оқу.

Мәтіннің мағынасын ашу мақсатында қойылатын сұрақтар:

  1. Баланың жасаған іс-әрекетін қалай сипаттар едіңдер?

  2. Жасаған жақсылықты неліктен міндет етпеу керек?

  3. Өздеріңе басқалардың жасаған жақсылығын естеріңе түсіріп айтыңдар.

  1. тапсырма.Дәптерге «Жақсылық» деген сөздің әрбір әріпінен басталатын адами қасиетті білдіретін сөзді жазыңдар.

Ж- жақсы

А-адал


Қ-қайсар

С-сабырлы

Ы-ырыс-несібелі

Л-лайықты

Ы-ырыс

Қ-қамқор



  1. тапсырма. Суреттерге мұқият қараңдар. Мұндай жағдайларда қандай жақсылық жасауға болады? Айтып беріңдер.



Оқулық


Суреттер

Сабақтың соңы

5 минут


Кері байланыс.

Рефлексия.

Тақтадағы смайликтерге стикерлерді жабыстыру арқылы сабақты бағалау.


А3 форматтағы смайликтер




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет