Жомартова Анар Шәріпжановна
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
«Ильич орта мектебі» КММ
Мұқағали Мақатаев «Жапырақ-жүрек ,жас қайың!»
(8- сынып)
Сабақтың мақсаты:
1.Мұқағали Мақатаевтің өмірімен,шығармашылығымен таныстыру.
2.Оқушылардың ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3.Поэзияны сүюге баулу,әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, кластер әдісі
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі,орыс әдебиеті
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, портрет
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.
ә) Сабақтың мақсатын,барысын айту.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен материалды қайталау, пысықтау.
Мұқағали Мақатаев туралы алған білімдерін жинақтау.
Итерактивті әдісін қолданып, сыныпты 3 топқа бөлу.
Әр топ презентация арқылы, жоспар бойынша жауап береді.
1-топ М.Мақатаевтың өмірбаянның баяндап береді.
2-топ М.Мақатаевтың шығармашылығы туралы айтып береді.
3-топ М.Мақатаевтың өлеңдерін жаттқа айтып береді.
Мұқағали ақынның өмір жолын баяндап беру.(Презентация арқылы)
1-топ
Мұқағали Мақатаев 1931жылы Алматы облысы, Райымбек ауданындағы
«Қарасаз» аулында дүниеге келген. Балалық кезі Отан соғысына дөп келеді.
1941 жылы оның әкесі Сүлеймен соғысқа кетеді.Сонда он жасар Мұқағали әкесін сағынып,өлеңдер жазады.Мұқағалидың әкесі соғыста қаза табады.Жетімдік өмір,ауыр тұрмыс Мұқағалиды ерте есейтеді. Ақынның туған жері Хан Тәңірінің етегінде, биік таулар қоршаған ,бұлағы көп ,шалғыны мол сұлу ауыл еді.Табиғаттың сұлу көрінісін көріп жүріп, ақын болмау мүмкін емес те сияқты.Мұқағали сол суреттің бәрін-бәрін өлеңге түсіреді.
2-топ
3-топ
Мұқағалидың «Менің анкетам» деген өлеңінен оның өмір жолын көруге болады. (Оқушы өлеңді оқып береді)
«Туған жерге» өлеңді оқу.
«Үш бақытым» өлеңді оқу
Мұғалімнің сөзі:
Мұқағали поэзиясы -таңғы шықтай мөлдір ,сырлы ,мұңлы поэзия.
Бүгінгі сабақта ақынның «Жапырақ-жүрек ,жас қайын!» өлеңіне тоқталайық.
Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау.
Сөздікпен жұмыс.Интерактивті тақтамен жұмыс.
а) оқушылар кезекпен жаңа сөздерді оқиды (қазақша-орысша)
ә) Сөз тіркестерінен сөйлем құрастыру.
б) Өлеңді қайталап оқу, орыс тіліндегі «Давай меняться жизнями» атты О.Жанайдарова аудармасымен салыстыра оқу.
Жапырақ-жүрек ,жас қайын! Березка с сердечками-листьями,
Жанымды айырбастайын. Давай поменяемся жизнями.
Сен адам бола бастасаң. И стану я тысячелистным,
Мен қайын бола бастайын. А ты будешь- с сердцем единственным.
Келісесің бе , жас қайың? Мы договорились,березка.
в) Сұрақ қою
1.Өлеңнің негізгі тақырыбы қандай?
2.Ақын адамның жүрегін немен салыстырады?
3. Интерактивті тақтамен жұмыс.Кестені толтыру.
А
Д
А
М
|
Ұқсастықтары
|
Қ
А
Й
Ы
Ң
|
«Мен-дағы жерден нәр алдым.»
«Біреуден мен де жаралдым»
|
«Сен-дағы жерден нәр алдың.»
«Біреуден сен де жаралдың»
|
Айырмашылықтары
|
«Бар жоғы менде бір жүрек,
Ол өлсе мәңгі кеткенім.»
«Айырмашылығым-Адаммын.»
|
«Беріпті жүрек саған мың.
Сондықтан ұзақ жасайсың.»
«Тілің жоқ, жанды қайын сен.»
|
Сабақты бекіту үшін:
Интерактивті тақтамен жұмыс.
а) Мұқағали өлеңдеріне жазылған әндерін тыңдау
ә) М.Мақатаевтің өмірі ,шығармашылығы туралы тірек сызбаны пайдаланып,қысқаша баяндап беру .
Мұқағали Мақатаев
1931 жылы туған 1976 жылы қайтыс болды
Шығармалары Туған жері
«Құс та болғым келеді» әнін айту.
Үйге тапсырма беру .
Өлеңді жаттап алу.
Мұқағали Мақатаев туралы қосымша мәлімет дайындап келу.
Достарыңызбен бөлісу: |