Жунусова Алмагүл Тілекқабылқызы Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Аққудың қанатына жазылған жыр»



Дата26.08.2017
өлшемі79,26 Kb.
#29152
Атырау облысы

Махамбет ауданы

Бейбарыс ауылы

Чкалов атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жунусова Алмагүл Тілекқабылқызы
Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Аққудың қанатына жазылған жыр»

Мақсаты: а)Оқушылардың жүрегіне ақиық ақын Мұқағалидың өлеңдері мен әндерін мәңгі есте қалдыру.

ә)Мұқағалидың жырлан білгізе отырып,көркемдеп оқуға баулып,сөйлей білуге дағдыландыру;

б)Ұлттық тәлім-тәрбие беріп, адалдық, адамгершілік қасиеттерін жоғары қоюға,ақындарымызды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ақын портреті,слай шоу, кітаптары

Ұйымдастыру бөлімі:

Пойыз даусы естіліп тұрады.слайд арқылы пойыздың суреті көрініп тұрады.

Данагүл жүргізуші: «Құрметті жолаушылар!Алматы қаласынан «Аманат»пойызы тоқтады»

Бекарыс:Құрметті ұстаздар,ата-аналар бүгінгі «Аққудың қанатына жазылған жыр»атты ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!Бүгін ақынның туған жеріне сапар шекпекпіз.Бет алысымыз Алматы облысы,Райымбек ауданы Қарасаз ауылы.

Данагүл: Құрметті жолаушылар! «Автограф»,»Үш бақытым», «Қарасаз» бекетіне бағыт алған жолаушыларды отырғызу басталды.Билеттеріңізді көрсетулеріңізді сұраймыз.

Бекарыс:-Құрметті жолаушылар! «Аманат» пойызына отырғызу аяқталды.Шығарып салушылардың вогондарды босатуларыңызды сұраймыз.

(Қолыңда кітабы бар жігіт теңселіп жүреді)

Данагүл –Азамат сіз неге кірмейсіз?

Жансеркі :-Қарыңдасым тұра тұршыМен бұл пойызға мінсем қайтадан түспейтін сияқтымын.Көктемгі ауа қандай таза! «Япырай ,неткен көктем!өлеңін оқиды)

Бекарыс:-мына кісі бүртүрлі екен.Мас па,кімге ғашықпын дейді?Сіз кімсіз?Жеке төлқұжатыңызды көрсетіңіз?Әйтпесе пойызға мінбейсіз?

Данагүл: -Қане, тексеріп жіберші

Жансерік «Менің анкетам»өлеңін оқиды

Данагүл:-Кешіріңіз,аға ақын аға екенсіз ғо.Біз сізді танымай қалды.Төр сіздікі.

Бекарыс:Қайырлы күн,жолаушылар «Аққудың қанатына жазылған жыр»атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Данагүл:-«Жүрегінің түбіне кір жасырмай»,қалың қазақпен ағына жарыла сырласқан ақын Мұқағали жырлары еліміздің қиын кезеңінде есейіп,ер жеткен бір буын ұрпақтың басынан кешкен Өмір-өзенді:

қуаныш пен қайғыны, сағыныш пен мұнды ,ерлік пен өрлікті шынайы да көркем кестелейді емес пе?

Бекарыс:Рас,ақын жырлары небір құдіреттімін дегендерді тәубесіне

9

келтіріп, өлең болып туған,өлең болып өмірден өткен Мұқағали біз үшін поэзия алыбы.Енкейген кәріден, тәй-тәй басқан сәби де Мұқағалидың жыры мен әні десе елеңдеп,құлақ түреді .Олай болса Хантәңірі атанған Мұқағалидың өміржолына кезек берсек



Сембаев Айтқали.Өміржолына шолу

Данагүл:»Қазақ жырының аспандағы аз ғна жұлдыздардың арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік.Сенің жұлдызың-ең шұғылалы ,ең мейірімді жұлдыз» деп Тұманбай Молдағалиев ақынымыз айтқандай Мұқағали Мақатаев тірі болғанда биыл 82 жасқа толатын еді.

«Арыз жазып кетейін» Төлегенов Бекет

Бекарыс:


«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,-деп ақын өзі жырлағандай ақын мұралары мына біз барда ешқашан өлмек емес.Мәңгі жасайтыны қақ.Өйкені біз оның мұраларынан тәрбиелік нәр алып,сусындап,

шөлімізді басамыз.Ақынның артында ұл-қыздарынан бөлек құнды дүниелері бар.Ол-поэзиясы.Поэзия мен ақынды бөле жара қарауға болмайды.Себебі ол екеуі-егіз.Ақынның ғұмыр жасы пенденің жасымен өлшенбейді.Қалдырып кеткен мұрасымен ерекшеленеді.Мұқағалидың басқа ақындардан артықшылығы-табиғи талантында,ойының кеңдігінде,қазақтың қара сөзінің қаймағын бала кезінен қанып ішкендігінде.Мұқағали-ұлы ақынымыз Абайдай мәңгі жасайтың ақын.

Данагүл сен білесін бе біздің мектебімізде Мұқағали атамыздың поэмаларын жатқа білетін талантты оқушыларымыз бар. Аудандық «Менің пірім-Мұқағали» атты жарыста Жолдасқалиева Жанерке екі жыл қатарынан 2,3 орындармен марапатталып келеді.

Данагүл: Онда не тұрыс ортаға Жанеркені шақырып,поэмадан үзінді тыңдайық «Аққулар ұйықтағанда»

Бекарыс: Ақын қалың қазақ жұртына өзін былай таңыстырса керек.«Автограф»

Данагүл: Қай ақын болмасын ен алғашы өлеңін туған еліне ,жеріне арнайды емеспе.Мұқағали ақын да өзінің тір өлеңін туған жеріне арнаса керек.

Апырым-ай,

Туған жер –ай!

Теңдесер кім,

Бұл жерге сен болмасаң,келмес еді

Кіндігімді байлаған қазығым –ай,

Сен болмаң,бұл маңды көрмес едім,-деген жолдарыда ақын туған жеріне еш қандай теңдесетін жер болмағанын айтады. «Туған жердей

10

жер болмас,туған елдей ел болмас» деген халық мақалы тегін айтылмаса керек.Өзге жерге кеткенде ен алғаш сағынатының да, теңдестіретінің де осы өзінің туған жерін.Туған жердің әрбір тасы да дейін киелі.



Тулекешов Тұрақ «Қарасаз»

Уразымбетов Сайдбек «Туған жер-ай»

Кенжеғалиева Жадыра: «Елім барда»

Ән «Көнеміз де» Фарида,Данагүл,Еңілік

Мұқанов Думан:»Үш бақытым»

Бекарыс:Ақынмын деп мен қалай айта аламын

Халқымның өз айтқаның қайталадым

Күпі киген қазақтың қара өлеңін

Шекпен жауып өзіне қайтарамын ,-деп ақын өзі айтқандай поэзияны өз баласындай қараған еді

Фарида: «Поэзия»

Құралай: «Қасым солай болмаса»

Данагүл: Ақын да бір кездері бала болғысы келген еді.Сәбилік шақ адамның ең тамаша кезендері емес пе?Бәріміз қосылып ақынның «Сәби болғым келеді» әнін шырқайық.

Бекарыс: Әке-ана біз үшін ғана емес,атақты ақындарымыз үшін де қымбат.Ақын Мұқағали да әкесіне арнап алғашқы өлеңдерін арғанан еді.

Әке-Қорқытова Ақтоты

Майгүлге-Марта

Арманда ұлым-Болатова Дана

Әкеге-Еңілік

Данагүл: ендігі сөзді ақынға берілген бағаға берсек:

Марта: Мұқағали Мақатаев –біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.Мұқағали атта алып ақындық жарқын жүзіне көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп ,көше бермек. «Әбділдә Тәжібаев»

Фарида: М.Мақатаев-қазақ тарихында ең оқырманы көп,қалың халық басты жанашыры болған суреткер.Ол ең алдымен ақын.Қазақ жырының құдіреті.Фариза Оңғарсынова

Айтқали:Әдебиетте салынып жатқан ғаламат бір ғимарат,көк тіреген күмбез,сұлулық сарайы деп есептесек,сен соның талантты тас қалаушыларының бірі едің. «Қадыр Мырзалиев»

Бекарыс:Бүгінгі сабағымызды ақынның «Саржайлау»әнімен аяқтасақ.


Тақырыбы: Отбасы тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі

атқаратын ролі
Мақсаты:А) Отбасының бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру,балаға көңіл бөлдіру.

Б)Мектеп ,ата-ана арасындағы ынтымақтастықты арттыру.

С)Білімді де бәсекеге қабілетті ұрпақты ата-ана мен мектеп болып бірлесіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слай шоу,отбасы туралы нақыл сөздер,суреттер
Сабақ барысы:

Жүргізуші:-Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!Бүгінгі «Отбасы тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі атқаратын ролі»тақырыбындағы дөңгелек үстелімізге қош келіпсіздер!Бүгін бізге сыныбымыздағы оқушылардың ата-аналары құрметті мейман болып келіп отыр.Түрлі сауалдарға жауап іздеп,бірлесіп шешіп көрсек.

1994 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымымен Халықаралық отбасы жылы деп белгіленіп,әлемдік қауымдастықтың бұл мәселеге мән беруі көзделген еді.Адам баласының қасиетті міндеттерінің бірі-дүниеге ұрпақ әкеліп,артына із қалдыру.Баласының жақсы болғаның армандамайтын ата-ана жоқ шығар.Баласының болашағы үшін ата-ана отқа да,суға да түседі.Бала тәрбиесі-бүгінде қиын да күрделі процесс.Сондықтан бала тәрбиесіне бірлесіп көңіл бөлгеніміз жөн.

Отбасы-оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы.Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі,мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы.Отбасында басты мәселелерінің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру.Бұған баланың күн ырғағы,міндеттері,қойылатын талаптар,үй еңбегіне қатысуы,оқу әрекеті,бос уақытын ұйымдастырулар жатады.

-Сіздердің отбасында бұл қалай жолға қойылған?ата-аналарға сауал тастау

Баланың оқуға деген құлшынысы бір жағынан ата-анасының білімді , оқыған азаматтар болса,балаға деген талапты да қоя алады деп есептейді екен ғалымдары

-Сіздер бұған қалай қарайсыздар?

Қазіргі кезде отбасының «уақталу»үрдісі жүруде.Ол дегеніміз-жас

1

ата-аналардың тұратын әжесіз,атасыз отбасылар.Ата-мен әженің тәрбиесі бұрындары басқаша болды.Олар ұйықтар алдында немереге ертегі айтып,түрлі бастан кешкен әңгімелерін айтып,еңбектену керек екенің айтты.Бүгінде көп отбасыларымыз ата-әжесіз тұрып жатыр.Олардың өз алдына үй болып кетуі өздерінің мәселесі болып тұрғанда,балаға көп мән берілмей кетіп отырады.Бұл сұраққа қалай жауап бересіздер?



Бүгінде бала тәрбиесіне көгілдір экранның әсері де бар.Олар ата-анасы жұмысқа кеткенде көргісі келетін нәселердің бәрін көріп, ешкім оларға бөгет келтірмейді.Ата-ана баласының қандай мультфильм көретінің де білмейді.Сіздердің балаларыңыз қандай ертегі көреді немесе бос уақытында немен айналысады?

«Тәрбиенің негізі -бесіктен»дегенге қалай қарайсыздар?

Бала тәрбиесі басты назарда.Баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, күнделікті жаза қолдану да баланың тәрбиесіне әсер етеді.Сондықтан отбасы мен мектеп болып бірігіп ұйымдасқан түрде бала тәрбиесіне көңіл бөлетін болсақ сонда ғана күрмелі жіптін бір жағы шешілмек.Үнемі сынып жетекшінің бойына баласының тәрбиесін іліп қоюға болмайды.Ата –ана әр дайым өз баласының қамын ойлауы шарт.Мына слайдқа назар аударсақ:

Ата-ана басшылыққа алу қажетті ұстанымдар:
1.Баланың ең алдымен денсаулығын қадағалау қажет

2. Баламен жақын дос,сырлас болуға тырысу.

3.Баланың ісіне күдікпен қарамай ,түсіністікпен қарау

4.Баласының достарының арасына түспеу

5.Балаңыздың немен айналысатынын,қандай іске икемді екенін бақылау

6.Баланы еркін тәрбиелеу.

7.Баланы ойланып сөйлеуге дағдыландыру.

8.Баланың өзіне деген сенімін қалыптастыру.

Жақсы адамдар алдыңнан жол ашады.

Ал жаманы талтүсте адасады

Егер көңіл бөлмесек отбасына,

Онда елдің белгісіз болашағы демекші отбасында жарыс,тағы да пікірсайыс ұйымдастырасыздарма.Олай болса сіздерді тағы сынап көрейік.Мақал-мәтел жарысына ата-ана мен балас жарыспақ.Кім көп біледі екен.



Бүгінгі дөңгелек үстелімізге қатысқандарыңыз үшін барлық ата-анаға рахмет айтамын.Әрдайым бала тәрбиесіне көңіл бөліп,сіз бен біз болып қарауға шақырамын.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет