Эссе тақырыбы: Демографиялық мәселелер
Орындаған: Дүзбай Жанар
Тексерген:Сыбанбаев Қалмұрат
Алматы 2021-2022
Жоспары
1)Кіріспе бөлімі.
Әлеуметтік-экономикалық даму
2)Негізгі бөлім.
Еліміздегі демография
3)Қорытынды.
Қазақстандағы демографиялық ахуал.
Өздеріңіз білетіндей, халықтың жастық құрамы еліміздің демографиясына айтарлықтай әсер етеді. Елдер мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, жас ерекшеліктері қандай? Еліміздегі халықтың құрамын қалай ерекшелей аламыз? Негізгі демография дегеніміз не? Міне осы сауалдарға жауап беретін боламыз.
Халықтың жас құрылымы экономикалық дамудың маңызды факторы болып табылады,әлеуметтік салаға және барлық демографиялық процестерге әсер етеді. Оның ерекшеліктері ұтқырлық – негізгі жас топтарының саны мен үлесінің тұрақты өзгермеуі. ХХ-ХХІ ғасырлардағы алдыңғы демографиялық және әлеуметтік оқиғаларға байланысты.Жалпы Демография дегеніміз грекше δῆμος — халық белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және көші-қон коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу. Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі иммиграция мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына эмиграция, яғни халықтың көшіп-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынада алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және көші-қонның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие.
Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мысалы белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады. Демографиялық процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметік-экономикалық салдарын зерттей отырып, демография халық саны мен сапасы өзгерісінің заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары айқындайды.
Демография үшін бастысы – халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарының құрамы мен қозғалысының, сондай-ақ халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің бұл саласын кейде «экономикалық демография» деп атайды. Демографияның міндеттерінің бірі – халықтың ұдайы өзгерісінің заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау.
Демографиясы мықты елдер әрқашан өзге елдерге әсер ете алады. Қытай өзінің демографиялық ахуалының арқасында қазіргі жағдайына қол жеткізді. Қазақстан өзінің территориясын сақтап, қауіпсіздікті ойлау үшін демографиялық ахуалды жақсарту қажет. Ол үшін туу көрсеткішін арттырып, өлім деңгейін төмендету этникалық қазақтарды атамекеніне көшіп келуге ынталандыру міндеті тұр. Қазақстанда бұл міндет толығымен орындалып жатыр деуге толық негіз бар. Себебі Қазақстандағы халық санын арттырып, демографиялық ахуалды жақсарту үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Оның ішінде көші-қон саясатын ерекше атап өтуге болады. Қазақстан Республикасында 2017-2019 жылдарға арналған көші-қон тұжырымдамасы қабылданған болатын. Оған сәйкес, екі жылда халық санын өсіріп, түрлі тарихи жағдайларға байланысты елден жыраққа кеткен этникалық қазақтарды атамекенге қоныс аударуға ынталандыру, елге келгеннен кейін де жағдай жасау.931-1932 жылдары болған аштықтың салдарынан адам шығыны мен елден үдере көшкен қандастарымыз саны көп еді. 1926 жылдары барлық халықтың 57,1 процентін құрайтын қазақ ұлты 1939 жылы 38 процентке азайды, ал 1959 жылы қазақ халқы санының пайыздық көрсеткіші 30-дан аспады. 1970 жылы Қазақстанда 13 миллион адам тұрды. Оның 4,2 миллионы қазақтар болды, ал 5,5 миллионы орыстар. 1979 жылы Қазақстан халқының саны 14,7 миллионға көтерілді. Қазақтардың саны - 5,3 миллион, орыстардың саны - 5,9 миллион адам болды.
Енді қазір тәуелсіз Қазақстанда қазақтардың санын өсіру мақсатында көптеген істер атқарылуда. Жоғарыда атап өткен ашаршылық кезінде азық іздеп Қазақстаннан үдере көшкен қандастарымыздың ұрпағын Қазақстанға алып келу үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Этникалық қазақтардың азаматтық алу, тұрақты тіркеуге тұру, ықтияр хат алу, баспаналы болу, жұмысқа орналасу, мектеп, балабақшаға балаларын орналастыру, жоғары оқу орнына түсу секілді мәселелердің барлығын жеңілдетіп, барынша қысқа уақыттың ішінде жаңа ортаға сіңісіп кетуіне, құжат рәсімдеу жағынан қиындық көрмеу үшін барлығы жеңілдетіліп жатыр. Елімізде бұлай жеңілдік жасалмаса біздің демографиямыз ешқашан көтерілмейді.Өйткені өздеріңіз білетіндей сонау қиын заманымызға қайта оралар едік. Сол заманда елімізде ешқандай жағдай жасалмаған еді, тіпті киерге киім, ішерге ас таппай қырығандар қаншама. Қазірдің өзінде жағдай өте жоғары деп айта алмаймын. Күні кеше ғана көп балалы ана жағдайының жоқтығынан несиесін төлей алмай, өмірден түңіліп үш баласымен тоғызыншы этаждан секірген еді. Міне бұл жағдай тек бір рет болған жағдай емес, осыдан үш жыл бұрын бес бүлдіршініміз көмірге тұншығым ажал құшқан еді, әрине бұл өте қайғылы қаза болды. Сол жағдайдан кейін елбасымыз көп балалы ата-аналарға 42500тг төлеп, баспанасы жоқ жандарға баспана беріп көптеген қорлар ұйымдасып халыққа көмек қолдарын созып жатыр.Жалпы ойымды қорыта келе демографиялық көрсеткішті ұлғайтуға экономикалық, әкім¬ші¬лік шаралар ықпал ете алады.Сондықтан Мем¬лекет тарапынан арнайы бағ-дар¬ламалар жүзеге асып, жүйелі жұ¬мыс істеп отырса, ол елдегі де¬мог-рафиялық жағдайдың жақ¬саруына жанама түрде, қосымша дем беруші күш ретінде ықпал ете алады. Еліміздегі демография бірден көтеріліп кете алады деп айта алмаймын. Ал егер жалпы мемлекеттік тұрғыда ұлттық құндылықтар мен отбасы институтын нығайтуға бағытталған идеологиялық шаралар атқарылса, елдегі демографиялық өсімнің ортадан жоғары қарқын алуына әсер ете алады деп ойлаймын.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Ғаламтор жүйесінен https://qamshy.kz/article/43401-qazaqstandaghy-demografiyalyq-masele-oz-sheshimin-tapty
2.Abai.kz Ақпарат порталы https://abai.kz/post/3
Достарыңызбен бөлісу: |