АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
https://atu.kz/
«Инжиниринг және ақпараттық технологиялар»
факультеті
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы
«Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
(әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану,
психология)
ӘГП кафедрасының сениор-лекторы Жумабаева К.Ж.
Раб.тел.:8 (727) 296-71-52 (вн. 107)
№ 7 Дәріс. Мемлекет және азаматтық қоғам.
Дәріс жоспары:
1 . Мемлекет ұғымы, белгілері және түрлері.
2. Азаматтық қоғам және оның қызметтері.
Мемлекет
- қоғамның саяси жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі есебінде билік жүргізу құралы,
қоғамды басқарудың механизмі болып табылады. Ол қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық және
мәдени-рухани қарым-қатынастардың әрі туындысы, әрі олардың реттеушісі, қоғамдағы құқықтың,
заңдардың іске асуын, бір сөзбен айтқанда бүкіл саяси жүйенің қызмет етуін қамтамасыз етуші.
Мемлекет ұғымы кең мағынада алғанда жоғары билік органдардың құзырындағы белгілі
территориялық аумақта орналасқан бүкіл елді, халықты, қоғамды қамтиды. Мәселен, Қазақстан
мемлекеті, Ресей мемлекеті, т.б. түсініктерді осы тұрғыда пайдаланамыз. Өзіндік нақты
мағынасында алғанымызда мемлекет ұғымы белгілі территорияда жоғары билік тұтқасына ие
болып отырған ұйымды білдіреді.
Мемлекетке өз мәнінен ажырамас мынандай атрибуттық қасиеттер тән:
❖
Мемлекет механизмін құрайтын органдар мен мекемелер, күштеу құралдарының болуы:
мемлекеттік аппарат (іс жүргізушілер), сақшы, әскер, сот, прокуратура, түрме.
❖
Мемлекет аумағында орындалуы бүкіл халық тарапынан міндетті болып табылатын заңдар мен
нормаларды қабылдау, олардың орындалуын бақылауға алу және ашық түрде күш қолдану
құқығының барлығы.
❖
Мемлекет билігі жүргізілетін территорияның және ел-жұрттың болуы, мемлекеттік аппаратты
және билікті қорғаушы органдарды ұстауға қажетті халық тарапынан міндетті түрде төленетін
салықтардың болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |