Мемлекетке өз мәнінен ажырамас мынандай атрибуттық қасиеттер тән



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата24.10.2023
өлшемі441,29 Kb.
#188177
1   2   3
Байланысты:
09446fe5bc7f1aa371161dbb55152564 1 (1)
практика 4, Ет консервілердің жіктелуі және ассортименті, AUES Ungarov, Жанбараков Ж..... 7 СРС, Физика. Тәжірибелік сабақ. №1, aidos ezh zhogary matematika1 2, консерв окулык, 4 наука, Кәсіпкерлік 5, Ақпарат түсінігі ЦТ срсп, физиология, 1топ Осн биотех 9практ, 9 БӨЖ, Виртуальный лабораторный практикум по дисциплине База данных, семестрлик жумыс Толегенова Асем
Платон (У-1У вв. до н.э.) 


Аристотель мемлекеттерді басқару түріне қарай былайша жіктейді:
Аристотель (1У в. до н.э.)
Қанша адам билік
жүргізеді
Кімнің мүддесін қорғайды
Бір адам
Бірнеше
Көпшілік
баршаның
Өздерінің
Монархия
Аристократия
Полития
Тирания
Олигархия
Демократия


Жаңа заман ойшылдарынан басқару жүйелерін жіктеудің кеңінен белгілі 
болған түрлерін Т. Гоббс пен Ш.Л. Монтескье ұсынды. Гоббс адамдардың 
тәуелділігінің формасына қарап мемлекеттің үш формасын ұсынады:

Монархия - жеке адамның билігі;

Аристократия – азаматтардың бір бөлігінің билігі;

Демократия – халықтың көпшілігінің билігі.
Ш.Л.Монтескье өзінің “Заңдар рухы туралы” басты еңбегінің алғашқы 13 
кітабында мемлекеттік басқарудың үш нысанын ұсынады:

Республика;

Монархия;

Деспотизм.
Мемлекеттік құрылыс нысандары – мемлекеттің өз құрамындағы 
бөліністерді басқаруды ұйымдастыруын, орталықтың жергілікті басқару 
органдармен қарым-қатынасын реттейді. Қоғамның дамуы барысында 
оның үш түрі қалыптасқан: Унитарлық, федеративтік және 
конфедеративтік.
Томас Гоббс 
1588-1679


Азаматтық қоғам – жеке адамдардың сұранымдары мен мүдделерінің жарыққа шығып, қалыптасуына 
және олардың жүзеге асуына жағдай туғызатын мемлекеттен тәуелсіз, дербес қоғамдық институттар 
жүйесі.
Азаматтық қоғамның басты қозғаушы күші, субъектісі өзіне тән сұранымдары мен мүдделері бар адам 
болып табылады. Демек, адам мұнда шешуші басты тұлға. Оның мақсат – мүддесі мен талап – 
сұранымдарының қанағаттандырылу деңгейі азаматтық қоғамның өлшемі (критерийі) болып табылады. 
Адам арқылы ғана түрлі қоғамдық қатынастар азаматтық қоғамға келіп тоғысады.
Демократиялық қоғамда азаматтық қоғам мен мемлекет бірін – бірі қуаттайды, бірін – бірі қажет етеді, 
үнемі келісімде болады. Ал тоталитарлық қоғамда мемлекет азаматтық қоғамды жұтып қояды, өмірдің 
барлық саласы қатаң мемлекет бақылауында болып, азаматтық қоғам нышандары жанышталып қалады. 
Азаматтық қоғамның негізгі функциялары:

Азаматтардың мүдделері мен игілік-қазыналарының қорғалуын қамтамасыз ету, олардың жеке және 
қоғамдық өміріне мемлекеттің орынсыз араласып, өз өктемдігін тықпалай беруін шектеу.

Қоғамдағы мүсәпірлер мен кембағалдардың күнкөрісіне азды-көпті қамқорлық жасау.

Түрлі партиялар мен қозғалыстар, ұйымдар арқылы мемлекет саясатына араласып, ықпал жасау, өз 
өкілдерін мемлекеттік органдарға сайлау.

Саяси биліктің демократиялық механизмдерін қалыптастыру, мемлекеттік құрылымдар мен одан 
тысқары қоғамдық – саяси ұйымдар арасында тепе – теңдік пен үйлесімдік табу;

Қоғамда дамыған әлеуметтік құрылымды қалыптастыру;

Жеке кісілердің жоғары білім және мәдени деңгейінің, олардың жан – дүние бостандығының болуына 
қол жеткізу.


Оның мүшелері нақты меншік иесі болуы керек. Басқаша айтқанда, меншік азаматтық қоғамдағы әрбір
адамның бостандығының түр негізі болып табылады.
Экономика саласында оған мемлекеттік емес кәсіпорындар мен шаруашылық бірлестіктері жатады
(кооперативтер, акционерлік қоғамдар, корпорациялар, ассоциациялар, жеке меншік кәсіпорындар,
ұжымдық шаруашылықтар, т.б.).
Әлеуметтік салада отбасы, мешіт (шіркеу), қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар, қорлар, тәуелсіз
басылымдар, өзін - өзі басқару органдары, шығармашылық, кәсіптік, т.б. одақтар кіреді. Аталдған
құрылымдарға ықпал жасау азаматық қоғам мен мемлекет арасындағы қайшылықтың мәні болып
табылады.
Азаматтық қоғам нарықтық қатынастардың орнығуына, меншіктің көптүрлігінің қалыптасуына, нарық
механизмінің еркін қызмет атқаруына жағдай қалыптастырады.
Әрине көріп отырғанымыздай, азаматтық қоғамның қалыптасуы - өте күрделі әрі ұзақ мерзімді,
бағытталған іс – жігерді талап ететін процесс.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Иванов, В. Теория государства. М.: Изд. дом Гос. ун-та -
Высшей школы экономики, 2019. 288 с..
2. Пляйс Я.А

Политология : Учебник. - М: ИНФРА-М, 
2019. - 414. - ISBN 978-5-16-014758
https://new.znanium.com/catalog/document?id=343224


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Document Outline

  • Slide 1
  • Slide 2
  • Slide 3
  • Slide 4
  • Slide 5
  • Slide 6
  • Slide 7
  • Slide 8
  • Slide 9
  • Slide 10
  • Slide 11
  • Slide 12


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет