Маңғыстау облысының білім саласы бойынша анықтама Облыстық білім беру жүйесіне қысқаша сипаттама



бет1/3
Дата22.06.2017
өлшемі0,53 Mb.
#19567
  1   2   3
Маңғыстау облысының білім саласы бойынша анықтама
1.Облыстық білім беру жүйесіне қысқаша сипаттама

Облыста 244 мектепке дейінгі ұйым (2015ж. – 245), жалпы орта білім беру– 146 мектеп (2015ж. – 144), техникалық және кәсіптік білім беру – 26 ұйым (2015ж. – 26), қосымша білім беру ұйымдары – 14 (2015ж. – 15), арнайы және арнайы (түзету) білім беру ұйымдары – 13 (2015ж. – 11).


2. Мектепке дейінгі білім беру жүйесі

Облыста 244 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 199 балабақша, 45 шағын орталық қызмет етеді. 2016 жылы 1370 орынға арналған 20 МДҰ ашылды (2- мемлекеттік, 18 – жеке меншік).





Аудандар мен қалалар

МДҰ

саны

Бала-

лар

саны

Балабақ-

шалар

Шағын-орталықтар

1-6 жас аралығындағы балаларды қамту %

3-6 жас

аралығындағы балаларды қамту %

мем.

жекеменш.


мем.

жекеменш.


1.

Ақтау

73

13054

34

24

8

7

64,3

98,4

2.

Жаңаөзен

46

7142

26

6

2

12

39,4

71,2

3.

Бейнеу

23

2438

23

-

-

-

66,8

81,30

4.

Қарақия

19

2039

15

2

2




51,4

77,7

5.

Маңғыстау

26

1738

19

2

4

1

45,9

70,36

6.

Мұнайлы

35

4279

11

20

4

-

33,9

69,2

7.

Түпқараған

18

1668

11

3

2

2

65,6

94,34

8.

Арнайы МДҰ

4

348

3

-

1

-

-

-

Барлығы

244

32706

142

57

23

22

50,3

83,5

Статистикалық мәліметке сәйкес 1-6 жас аралығындағы бала саны – 99 174, оның ішінде 3-6 жас – 61 932, отбасы тәрбиесінде 5406 бала.

25.03.2017 ж. облыста кезекте 33230 бала тұр, оның ішінде 3-6 жас аралығында – 4106 бала.

Материалдық-техникалық жабдықтау бойынша 183 МДҰ АҚТ құрал-жабдықтарымен қамтылған (жеке компьютерлер, мультимедиялық проекторлар, сенсорлы интерактивті тақталар және компьютерлі дамыту ойындары).

Кезектілікті азайту

2016 жылы білім басқармасының бұйрығы негізінде облыстағы кезектіліктің жай - күйін зерделеу бойынша жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы кезектілік тізіміндегі баланың мәліметтерін қарап, нақтылап, реттеді. Зерделеу нәтижесінде Ақтау қаласы бойынша - 1077, Жаңаөзен қаласы бойынша – 195, Мұнайлы ауданында -50, Маңғыстау ауданында – 27, Қарақия ауданында – 50, Түпқараған ауданында – 38, Бейнеу ауданында -45, барлығы 1532 балаға кезектілік азайтылды.

Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Ақтау қалалық білім бөлімі «Smart-Ex» ЖШС-нің жасақтауымен «Электронды мектепке дейінгі білім беру ұйымдары» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін («Е-ДДО») 69 мектепке дейінгі ұйымдарға енгізді. Жүйе арқылы 4455 балаға жолдама берілді. Нәтижесінде алғаш рет Ақтау қаласының барлық балабақшасындағы бос орындар туралы мәлімет мемлекеттік органдардың ресми сайттарына, қалалық lada.kz, tumba.kz сайттарына және жергілікті БАҚ-на жарияланды.

Қазіргі уақытта «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ арқылы «Е-акимат» пен «Е-ДДО» жүйелерін кіріктіру жұмыстары жүргізілуде. «Е-ДДО» жүйесін Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданының мектепке дейінгі ұйымдарына енгізу жұмыстары басталды.



Кадрмен қамтылуы

Мектепке дейінгі ұйымдарда 3710 педагогикалық кадр қызмет атқарады.

2016 жылы біліктілік арттыру курстарынан 1084 педагог, оның ішінде 36 МДҰ директоры өтті. 2017 жылы 30 мектепке дейінгі ұйым директоры, 320 педагогы біліктілік арттыру курстарынан өтеді деп жоспарлануда.

МДҰ-ға 122 тәрбиеші қажет етіледі.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысындағы 3 мемлекеттік және 1 жекеменшік колледж «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша мамандар даярлайды. 2017 жылы 360 түлек оқу бітіреді және МДҰ-ға жұмысқа орналасады деп күтілуде.

Сондай-ақ Ш. Есенов атындағы КМТжИУ жоғары оқу орнына осы мамандықты ашу туралы ұсыныс берілді.


Өзекті мәселе:

- Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін көбейту.


Шешу жолдары:

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамту үшін 2017 жылы облыста 4132 орынға 32 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 8-і мемлекеттік-жекешелік механизмі арқылы, 24-і – жеке меншік балабақшалар қосылады деп жоспарлануда.



Мемлекеттік-жекешелік механизмі арқылы 2017-2019 жылдары мына балабақшаларды ашу жоспарланды:

Мұнайлы ауданында:

- Маңғыстау-2, Маңғыстау-3, Қызылтөбе -2 әрқайсысы 140 орыннан 3 балабақша құрылысы;

- Қызылтөбе е/м 280 орындық, Батыр е/м 280 орындық 2 балабақша;

Ақтау қаласында:

- кері қайтарылған 1120 орындық 4 мемлекеттік балабақша - № 15, 6 ш/а; № 51, 27 ш/а; № 52, 14 ш/а; № 55, 13 ш/а - сенімгерлікке басқаруға беру арқылы;

- Шығыс -1 ш/а 240 орын, 32а ш/а 240 орын, 32а ш/а 240 орын, Приозерный-3 елді мекенінен 280 орын балабақшалар құрылысын салу;

Жаңаөзен қаласында:

- кері қайтарылған 280 орындық 1 мемлекеттік «Солнышко» балабақшасы «Самал» ш/а сенімгерлікке басқаруға беру арқылы;

- Мерей ш/а 320 орын, Шаңырақ ш/а 320 орын, Жұлдыз ш/а 320 балабақшалар құрылысын салу;

Қарақия ауданында:

- Жетібай кентінде 200 орындық бұрынғы №4 мектеп ғимаратын кері қайтару арқылы;

- Құрық елді мекенінде 280 орындық балабақшаның құрылысын салу;

Маңғыстау ауданында:

- Шетпе селосы «Ащыбұлақ» ш/а 150 орындық балабақша құрылысын салу;



Түпқараған ауданында:

- Ақшұқыр е/м 140 орын, С.Шапағатов е/м 140 орын балабақшалар құрылысын салу.



3. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру жүйесі

Жалпы орта білім беру желісі – 146 мектеп, оқушылар саны 121 211 (оның ішінде – 134 мемлекеттік, 5-жекеменшік, 7 кешкі мектептер). Шағын жинақты мектептер саны – 12 (Бейнеу ауданы – 7, Қарақия ауданы – 2, Маңғыстау ауданы – 3). 2016-2017 оқу жылы бойынша жалпы білім беретін мектептерде жұмыс жасайтын педагогтар саны – 10696.

Оның ішінде:

- Жоғары білімді – 7756;

- Жоғары және І санатты педагогтар – 4398;

- Жоғары орынды бітіріп жұмысқа орналасқан жас мамандар – 668.

Оның ішінде:

Облыс әкімінің грантымен жоғары оқу орнын бітіріп келгені – 160;

Ш.Есенов атындағы КТжИУ ПИ бітіріп келгені – 105.

318 жас маман ауылдық мектептерде жұмыс жасайды. 2016 жылғы аттестаттау қорытындысы бойынша 828 педагог жоғары санат алды ( 545 бірінші рет алғандар, 283 қайта растаған). Облыс бойынша күндізгі жалпы білім беретін 134 мектептің жобалық қуаттылы – 1320, оның ішінде оқушылар саны – 119590.

Облыс бойынша аппатық мектептер – жоқ;

Кешкі мектептер туралы, оларда оқу процесінің мемлекеттік стандартқа сай ұйымдастырылуы көрсеткіштері

Облыста 1060 баланы қамтылған, 7 кешкі ауысымды жалпы білім беретін мектеп бар. Олар:



  1. Ақтау қаласы «№1 кешкі ауысымды жалпы білім беретін мектеп» ММ. Мектепте оқушылар 6-11 сыныпта 171 бала 9 қазақ, 6 орыс сыныптарында білім алады.

  2. Ақтау қаласы «ГМ 172/1 мекемесі жанындағы кешкі ауысымды жалпы білім беретін орта мектеп» ММ. Мектепте 155 оқушы, 6-12 сыныптар аралығында, 7 қазақ, 14 орыс сыныптарында білім алады.

  3. Бейнеу ауданы «Бейнеу кешкі мектебі» ММ, 10-12 сыныпта 250 бала қазақ тілінде білім алады.

  4. Жаңаөзен қаласы «№1кешкі ауысымдық орта мектеп» МҚКМ. Мектепте 222 оқушылар қазақ-орыс тілдерінде білім алады.

  5. Қарақия ауданы «№3 жастар кешкі мектебі» МКҚМ. Мектепте 7-12 сынып аралығында 130 оқушы 10 қазақ сыныбында білім алады.

  6. Маңғыстау ауданы «Аудандық кешкі жалпы білім беру орта мектебі» ММ. Мектепте 146 білім алады, барлығы да қазақ сыныптары.

  7. Мұнайлы ауданы «№1 кешкі жалпы білім беру орта мектебі» КММ, мектепте 7-11 сынып сегіз сыныпта аралығында 86 бала білім алады. Барлығы да қазақ сыныптары.


Жаңартылған орта білім беру бағдарламаларының іске асырылуы туралы

Маңғыстау облысы бойынша 2015-2016 оқу жылында Ақтау қаласының №11 мамандандырылған физика-математика мектебі мен Түпқараған ауданының М.Горький атындағы мектеп-лицейінде жанартылған білім мазмұнына негізделген жаңа стандарт бойынша 1-сынып оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері және оқу бағдарламалары апробациядан өтті. 2016 - 2017 оқу жылында аталған бағдарламаны апробациялау осы мектептердің 2-сыныптарында жалғасуда.

2016-2017 оқу жылында 1-сынып оқушылары жаңартылған мазмұндағы жаңа стандарт бойынша оқуды бастады және 5 күндік оқу аптасына көшті.

Облыс бойынша 1-сыныпқа 15565 бала қабылданып, 692 сынып ашылды. Олар жаңартылған мазмұндағы оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілді.

1-сыныпқа сабақ беретін 1445 мұғалім «Білім мазмұнын жаңарту» бағдарламасы бойынша курстарда біліктіліктерін арттырды. Олардың ішінде бастауыш сынып мұғалімдері – 717, қалғандары орыс сыныптарындағы қазақ тілі, қазақ сыныптарындағы орыс тілі, ағылшын тілі, музыка, дене тәрбиесі және өнер пәні мұғалімдері.

2017-18 оқу жылында 2,5,7 сыныптарда жаңартылған бағдарламамен оқиды.

2018-2019 оқу жылында 3,6,8,10 - сынып оқушылары, 2019-2020 оқу жылында 4, 9,11,12 - сынып оқушылары жаңа стандартқа сәйкес білім алады.

Мазмұны жаңартылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің дайындығы туралы

2016-2017 оқу жылында 1-сыныпқа қабылданған 15565 оқушы жаңартылған білім мазмұны оқулықтарымен оқиды.

2017-2018 оқу жылында Маңғыстау облысы бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар алу үшін жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат 1 млрд.115 мың теңгені құрайды. (2016-2017 ж – 849 млн.251 мың теңге).

Келесі оқу жылына облыстың барлық мектептері 2,5,7- сыныптардың қайтадан басылып шығатын оқулықтары, жаңартылған білім мазмұны бойынша оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері, сонымен қатар қор жинау циклы бойынша басқа сыныптарға жетіспейтін оқулықтар мен оқу құралдары сатып алынады.

2017-2018 оқу жылында облыс бойынша 127 000 бала мектептке келеді деп күтілуде, оның ішінде: 2 сыныптар – 15700, 5 сыныптар – 13000, 7 сыныптар – 11500 оқушы.



Өзекті мәселелер:

1) Үш ауысымды жұмыс жасайтын мектептер саны – 5 , 1097 бала, оқушы орнының тапшылығы облыс бойынша – 5491 бірлікті құрайды.


Шешу жолдары:

Маңғыстау облысының 2017-2019 жылдарға арналған инвестициялық жобалары тізбесіне үш ауысымды оқытуды жою мақсатында 4 мектеп құрылысы Ұлттық қор қаржысы есебінен, 4 мектеп республикалық бюджет есебінен салынуға қолдау тапты.

2017 жылы Ұлттық қор есебінен салынатын 4 мектептің құрылысын бастау жоспарланды:

- Мұнайлы ауданы, Басқұдық селосындағы 600 орындық орта мектеп (ЖСҚ № 15-0223/15 20.04.2015 ж. - 1734,175 млн. тг.). Бүгінгі таңда Басқұдық селосында 960 орындық бір мектеп бар. Онда 2667 оқушы білім алады. Селода 4127 мектеп жасындағы бала тұрады, оның ішінде 1460 бала тасымалмен қамтылған.

- Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе селосындағы 600 орындық орта мектеп (ЖСҚ № 15-0327/15 11.08.2015ж. - 1674,360 млн. тг.). Қызылтөбе селосында 960 орындық бір мектеп бар, ондағы бала саны - 3012 .

- Жаңаөзен қаласы, Рахат селосындағы 900 орындық орта мектеп (ЖСҚ № 15-0112/15 21.02.2015 г.– 1630,1 млн. тг.).Рахат шағынауданында 960 орындық № 18 орта мектебі бар, ондағы бала саны - 3103, оның ішінде 294 оқушы үшінші ауысымда оқиды.

- Жаңаөзен қаласы, Рауан шағынауданындағы 900 орындық орта мектеп (ЖСҚ № 15-0054/15 23.01.2015 г. – 1446,9 млн .тг.). Бұл шағынауданда мектеп жоқ, тұратын адам саны 4 мыңнан асады, соның ішінде мектеп жасындағы бала саны -1000.

- Жаңаөзен қаласында 900 орынды мектеп Арай шағын ауданында (РБ). Аяқталу мерзімі – 2018 жыл.

- Түпқараған ауданында С.Шапағатов ауылында 600 орынды мектеп (РБ). Аяқталу мерзімі – 2018 жыл.

- Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы Ащыбұлақ-2 шағын ауданында 600 орынды мектеп (РБ).

- Қарақия ауданы Аппақ аулында 300 орынды мектеп (РБ). Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2017 жылдың желтоқсаны.

Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен Жаңаөзен қаласында №15 орта мектеп жанынан қосымша құрылыс салынуда.


2) Облыстағы 134 мектептің 7-уінде спорт зал жоқ (Бейнеу ауданы – 1, Жаңаөзен – 1, Қарақия ауданы – 1, Маңғыстау ауданы – 4).
Шешу жолдары:

Жаңаөзен қаласы «Дарын» мектеп-лицейін спорт залмен қамту үшін, бұрынғы балалар үйінің ғимаратына жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланып отыр.

Маңғыстау ауданы Бекі бастауыш мектебіне 200 орындық (шағын жинақты мектеп) және №5 бастауыш мектебіне 320 орындық жаңа мектеп салу жұмысы жоспарланып, жобалық сметалық құжаттары дайындалды, Тұщыбек негізгі орта мектебіне, Боздақ бастауыш мектебіне (шағын жинақты мектеп), Шетпе лицейіне қосымша құрылыс салу жұмыстары жоспарлануда.

Бейнеу ауданы Ноғайты мектеп балабақша кешеніне қосымша құрылыс салу жоспарланды (шағын жинақты мектеп).

Қарақия ауданы №2 бастауыш (шағын жинақты мектепке) қосымша құрылыс салу үшін жобалық сметалық құжаттары жасақталуда.
Мектеп-интернаттардың жатақханалары

2016-2017 оқу жылында облыс бойынша мектеп-интернаттар саны – 12, оның ішінде бала саны – 1553 (2015-2016 оқу жылы бала саны – 1482)


Жалпы типтегі мектеп-интернаттар саны – 8, бала саны – 1471, (2015-2016 оқу жылы бала саны – 1389) оның ішінде:

- дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты (2015-2016 о.ж. бала саны-381, 2016-2017 о.ж. бала саны-444),

- дарынды балаларға арналған білім-инновация мамандырылған мектеп-лицей-интернаты (2015-2016 о.ж. бала саны-348, 2016-2017 о.ж. бала саны-368),

- Жаңаөзен қаласындағы білім-инновация мамандандырылған мектеп-лицейі-интернаты (2015-2016 о.ж. бала саны-72, 2016-2017 о.ж. бала саны-117),

- Маңғыстау ауданында көп балалы және әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға арналған С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат (2015-2016 о.ж. бала саны-194, 2016-2017 о.ж. бала саны-189),

- Бейнеу ауданында көп балалы және әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға арналған «Бейнеу мектеп-интернаты» (2015-2016 о.ж. бала саны-150, 2016-2017 о.ж. бала саны-151),

- «Облыстық санаторлық мектеп-интернат» (2015-2016 о.ж. бала саны-, 2016-2017 о.ж. бала саны-58),

- «Мүмкіндігі шектеулі балаллар мектеп-интернаты» (2015-2016 о.ж. бала саны-106, 2016-2017 о.ж. бала саны-137),



- Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты (2015-2016 о.ж.-2, 2016-2017 о.ж. бала саны-7)

Мектеп жанындағы интернаттар саны – 4, бала саны – 82 (2015-2016 оқу жылы бала саны – 93).

Маңғыстау ауданы – 2:

- Сай-Өтес мектеп жанындағы мектеп-интернат (2015-2016 о.ж. бала саны-28, 2016-2017 о.ж. бала саны-26),

- А. Утепбергенов атындағы орта мектеп жанындағы мектеп-интернат (2015-2016 о.ж. бала саны-18, 2016-2017 о.ж. бала саны-20),

Қарақия ауданы – 2:

Құрық орта мектеп-гимназия жанындағы мектеп-интернат (2015-2016 о.ж. бала саны-22, 2016-2017 о.ж. бала саны-13),

Қ. Күржіманұлы атындағы мектеп жанындағы мектеп-интернат (2015-2016 о.ж. бала саны-25, 2016-2017 о.ж. бала саны-23).
Орта білім беру деңгейіндегі білім сапасының өзекті мәселелері:

- Соңғы 3 жылдың қорытындысы бойынша ҰБТ, ОЖСБ нәтижелері



Жылдар

Түлектер

ҰБТ

«Алтын белгі»

Қатысқаны

Орта балл

2014 жылы

4278

2507

74,5

40

2015 жылы

4188

2736

75,75

46

2016 жылғы

4825

3161

78,5

77(респ. рейтингіде – 3 орында )

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау

2014 жылы 13 мектеп қатысты, орта балл - 39,58.

2015 жылы 33 мектеп қатысты, орта балл - 30,4.

2016 жылы 16 мектеп қатысты, орта балл – 46,5.
- 3 деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің білім беру сапасының көрсеткіштері

2015-2017 жылдар аралығында 630 мұғалім деңгейлік курстан өтті.



Жылдар бойынша:

2015 жылы – 359 (І деңгей-85, ІІ деңгей-24, ІІІ деңгей – 250),

2016 жылы – 205 (І деңгей-89, ІІ деңгей-42, ІІІ деңгей – 74),

2017 жылы – 66 (ІІ деңгей-36, ІІІ деңгей – 30).



Деңгей бойынша: І деңгейден – 174, ІІ деңгейден – 102, ІІІ деңгейден - 354 мұғалім.

Аудан, қала бойынша: Ақтау қаласы – 126, Бейнеу ауданы – 97, Жаңаөзен қаласы – 83, Қарақия ауданы – 66, Маңғыстау ауданы – 90, Мұнайлы ауданы – 95, Түпқараған ауданы – 63, ОМИ – 3, ҚТЛ – 5, ЖҚТЛ – 1, ОСМИ – 1 мұғалім.

Деңгейлік курстардан өтіп біліктілігін арттырған мұғалімдер күнделікті сабақтарын бағдарламаның жеті модулін («Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау», «Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту», «Білім берудегі басқару және көшбасшылық») қолдана отырып өткізгені оң әсерін беруде.

Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер аудан, қала, облыс көлемінде жыл сайын өтетін олимпиада, байқау, сайыстарға қатысып, нәтиже көрсетуде.
- Пәндер кесіндісінде оқушылардың білім көрсеткіші төмен пәндер туралы ақпарат, себебіне талдау

2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша пәндердің білім сапасының көрсеткіші жоғары пәндер (дене тәрбиесі, технология, музыка, бейнелеу, АӘД пәндерін қоспағанда, негізгі пәндер бойынша) информатика (74,8%), қазақ тілі (орыс т.) (67,5%), ағылшын тілі (65,8%), қазақ тілі (қазақ т.) (65,7%), дүниетану (64,6%), құқық негіздері (63,5%).

Білім сапасы бойынша төмен нәтиже көрсеткен пәндер: алгебра (40%), геометрия (40,5%), физика (52,3%).



Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет