Маңғыстау облысының білім саласы бойынша анықтама Облыстық білім беру жүйесіне қысқаша сипаттама


-2017 оқу жылының бірінші жарты жылдығының қорытындысы



бет2/3
Дата22.06.2017
өлшемі0,53 Mb.
1   2   3

2016-2017 оқу жылының бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша (дене тәрбиесі, технология, музыка, бейнелеу, АӘД пәндерін қоспағанда, негізгі пәндер бойынша) информатика (78,1%), дүниетану (72%), қазақ тілі (о) (71,8%), қазақ әдебиеті (қ) (71%), қазақ әдебиеті (о) (69,2%), ағылшын тілі (67,2%), математика (66,2%), орыс әдебиеті (о) (65,9%), Қазақстан тарихы (65,7%), дүние жүзі тарихы (65,1%).

Білім сапасы бойынша төмен нәтиже көрсеткен пәндер: алгебра (50,2%), геометрия (50,3%), физика (52,5%), химия (53,1%).


Орта білім беру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың жай-күйі

Педагог кадрлардың сапалық құрамын арттыру мақсатында жыл сайын педагогтер аттестатаудан өтеді. 2015-2016 оқу жылында жоғары санатқа өткен педагогтердің саны – 1885, І санатқа – 2519, ІІ санатқа – 2594 өтті. Қазіргі таңда санатсыз жұмыс жасап жүрген педагогтер – 3698, олардың ішінде көбісі жас мамандар.

Облыс бойынша қажетті педагогтер саны – 120, математикадан 34 маман, орыс тілінен 46 маман (орыс сыныптары үшін) қажет.

2016 жылы 4011 педагог біліктілік арттыру курстарынан өтті. Оның ішінде 260-ы үш тілде білім беру бойынша, 1445 – білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша .

Маңғыстау облысы бойынша 2017 жылдың қаңтар – наурыз аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ Маңғыстау облысы филиалы педагогикалық біліктілік арттыру институтынан ақылы курс – 191, білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша – 332;

- 300 бастауыш сынып мұғалімдері;

- 32 ағылшын тілі пәні мұғалімдері;

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Ақтау қаласындағы филиалы педагогикалық шеберлік орталығынан 33 аудандық, қалалық білім үйлестіру және облыстық оқу әдістемелік орталығы әдіскерлері курстан өтті.

Орал қаласы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мектеп басшыларына арналған курстан 33 директор өтіп жатыр.

Деңгейлік курс бойынша: ІІ деңгей - 36, ІІІ деңгей –30 мұғалім өтті.

2017 жылы білім мазмұнын жаңарту бойынша 2004 мұғалім, үш тілде білім беру бойынша 346 мұғалім өтеді.

Білім беру саласында қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу мұғалімнің ойлану стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді.

Мұғалімдердің заманауи технологияларды қолдануы бойынша 2016-2017 оқу жылында жүргізілген мониторинг бойынша төмендегі жағдайлар анықталды.



Педагогикалық технологиялар

Пайызы (%)

1

Сыни тұрғысынан ойлау (СТО)

45 %

2

Үш өлшемді әдістемелік жүйе / Деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж.Қараев)

11 %

3

Сатылай кешенді талдау технологиясы

7 %

4

Модульді оқыту технологиясы

10 %

5

Блум таксономиясы

6 %

6

Ойын элементтерін қолдану технологиясы

9 %

7

Дамыта оқыту технологиясы

5 %

8

Тірек сызбамен оқыту

5 %

9

Диалогтық оқыту

2 %


Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану



Педагогикалық технологиялар

Пайызы (%)

1

Интерактивті тақта қолдану

60 %

2

Мультимедиалық технологиялар

23 %

3

Электронды оқулық

10 %

4

Қашықтықтан оқыту (онлайн режимінде)

7 %

Маңғыстау облысы бойынша 2015-2016 оқу жылындағы білім сапасы – 48,9%, үлгерім - 99%. 2016-2017 оқу жылының бірінші жарты жылдығы бойынша білім сапасының көрсеткіші - 45,94% (2015-2016 о/ж 1 жарты жылдығы - 37,46%), үлгерім - 99,34% (2015-2016 о/ж. 1 жарты жылдығы – 98,5%).

Білім басқармасы әр тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерімі мен білім сапасына талдау жүргізеді. Оқушылардың ағымдағы бағалары мен тоқсандық қорытынды бағалары «mektep.edu.kz» электрондық журналына қойылады.

2016 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл – 78,5 (в 2015 о/ж. – 75,75). «Алтын белгі» иегерлерінің саны -77 (2015 ж.-46, 2014 ж.-40).

Облыс бойынша 134 мектеп (100%) интернет желісіне қосылған, оның ішінде кең жолақты интернет желісіне 74 мектеп (55,2%) қосылған.

Облыс бойынша «E-learning» электрондық оқыту жүйесіне 44 білім беру ұйымдары енгізілген. «E-learning» электрондық оқыту жүйесіне енгізілген білім беру ұйымдары арнайы құрал-жабдықтармен (компьютерлік сынып, интерактивтік мультимедиялық құрылғы, ноутбук, моноблок, подиум) жабдықталған және алу-беру актісі жасақталған. Қазіргі таңда оқу үрдісінде қолдануда.

Бүгінгі таңда www.mektep.edu.kz электрондық порталына 134 білім беру ұйымы енгізіліп, порталды толтыру жұмыстары жүргізілуде.

Bilim Media Group (BMG) компаниясы 2016 жылы Маңғыстау облысының 102 мектебімен келісімшартқа отырды. Қазіргі таңда жүйеге қосылған мектептер Bilim Media Group компаниясының онлайн оқыту ресурстарын («BilimLand білім беру платформасы», «ІTest», «ІMektep») оқыту барысында қолдануда. 2017 жылдан бастап аталған жүйеге қосылу үшін облыс бойынша барлық 134 мектептер мен Bilim Media Group компаниясының арасында келісімшартқа отыру жұмыстары жүргізілуде.




Материалдық-техникалық база

Облыс бойынша 134 күндізгі жалпы білім беру мектептеріндегі ескірген оқу жиһаздары және пайдалану мерзімі өткен оқу жабдықтары есепке алынып, мерзімінде ауыстырылып отырады.

Облыс бойынша 134 мектепте 6649 компьютерлік техникамен жабдықталған (Ақтау-1827, Жаңаөзен-1071, Бейнеу-1039, Қарақия-720, Маңғыстау-529, Мұнайлы-1063, Түпқараған-246, облыстық мектептер-154 компьютер).

108 мектепте барлығы 142 мультимедиалық-лингафондық кабинеттер бар.

Бүгінгі таңда 56 мектеп – физика (41,8%), 81 мектеп - химия (60,4%), 83 мектеп - биология (61,9%) кабинеттерімен жабдықталған.

2017 жылы мектептерге:

- жаңа модификацияланған кабинеттерге интерактивтік тақта алуға – 100,0 млн. теңге;

- 43 мектепке робототехникамен жабдықтауға 220,0 млн теңге

- физика және химия кабинеттерін мультимедиалық жабдықтармен қамтамасыз етуге - 630,0 млн теңге;

- материалдық-техникалық базаны жаңартуға – 10,0 млн. теңге, барлығы 960,0 млн. теңге қаражат бөлінді.

Жалпы білім беретін мектептер 99%-ға компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. Бір компьютерге шаққанда 14 оқушыдан келеді.

Облыс бойынша 134 мектепте 6649 компьютерлік техникамен жабдықталған (Ақтау-1827, Жаңаөзен-1071, Бейнеу-1039, Қарақия-720, Маңғыстау-529, Мұнайлы-1063, Түпқараған-246, облыстық мектептер-154 компьютер).

Облыс бойынша 134 мектеп (100%) интернет желісіне қосылған, оның ішінде кең жолақты интернет желісіне 74 мектеп (55,2%) қосылған.

2017-2019 жылдары жергілікті бюджет есебінен мектептерді кең жолақты интернет желісіне қосу үшін 6 шағын жинақты мектептерге 5952,0 мың теңге, 54 орта мектептерге 133920,0 мың теңге қаржы бөлу жоспарланды.


4. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі

2016-2017 оқу жылына жағдай бойынша облыста 26 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызмет атқарады. Оның ішінде мемлекеттік –15, мемлекеттік емес – 11.

Ал, ауылдық жерлерде 5 колледж өз жұмысын жүргізіп отыр. Бейнеу ауданында 2, Маңғыстау, Қарақия аудандары мен Жаңаөзен қаласының «Рахат» ауылында бір колледжден орналасқан.

Колледждердің студенттер контингенті 22454 адамды құрап, оның 13303 адам (59,2%) мемлекеттік тапсырыс бойынша бюджет есебіне, 9151 адам (41%) ақылы түрде білім алады. 9 сынып базасында–15307 адам (68%),11 сынып базасында– 7147 адам (32%).

2016-2017 оқу жылында 6516 студент қабылданды, оның 3560-і мемлекеттік бюджет есебінен, 2956-ы бюджеттен тыс қаражат есебінен.

2016-2017 оқу жылы бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында инженер-педагог саны -1450. Оның ішінде: жоғары санатты – 342 (23,6%); бірінші санатты – 320 (22%); екінші санатты – 323 (22,3%); санатсыз оқытушылар – 465 (32,1%).

Мемлекеттік колледжде - 970, мемлекеттік емес колледжде - 480 оқытушы.

Келген жас мамандар саны-80. Әйелдер - 1123, жоғары білімді - 1353, арнайы орта білімді – 97, зейнеткер -122. Орта жас-45 жас. Ғылым докторы – 2, ғылым кандидаты – 22, магистр – 85.

Мемлекетті колледжрердің басшылары -15 адамды құрайды, соның ішінде 1 әйел адам (7%).

Мамандарды дайындау 85 мамандықта, 135 біліктілік бойынша жүргізілуде. Олар: техникалық мамандықтар (мұнай-газ ісі, энергетика, автокөлік шаруашылығы); технологиялық мамандықтар (машина құрылысы, слесарлық және токарлық іс); құрылыс және коммуналдық шаруашылық; білім беру саласы; гуманитарлық мамандықтары (құқық, әлеуметтік жұмыс, іс-жүргізу); медициналық сала; өнер саласы; қызмет көрсету және экономика салалары.

2015 жылы колледждерге облыстық білім басқармасымен кәсіби бейіндеу (профилизация) жүргізіліп, базалық мамандықтар анықталды. (Білім беру саласы – 2 колледж; Медицина, фармацевтика – 3 колледж; Өнер және мәдениет саласы – 1 колледж; Қызмет көрсету саласы бойынша – 5 колледж; Мұнайгаз және химия өндірісі – 2 колледж; Энергетика – 2 колледж; Машина жасау – 1 колледж; Көлік – 2 колледж; Байланыс, телекоммуникация және ақпараттандыру технологиялары – 2 колледж; Құрылыс саласы – 2 колледж).

2016-2017 оқу жылында 6516 студент қабылданды, оның 3560-і мемлекеттік бюджет есебінен, 2956-ы бюджеттен тыс қаражат есебінен. «Баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім» жобасына сәйкес жұмыстар жүргізу бойынша, жалпы мемлекеттік тапсырыстын 3560 адамның ішінде, 32 жұмысшы мамандық бойынша 1195 орынға тапсырыс берілді,мемлекеттік тапсырыстың 33,5% жұмысшы мамандығын құрайды.
4.1. Аймақтың индустриялық – инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім берудің қолжетімділігін және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету жұмысының жай-күйі, соның ішінде жұмысшы кадрларды даярлау ісі

2017-2018 оқу жылына енгізу жұмыстарын жүргізу барысында экономика бағыттарына сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетикалық және коммуналдық, құрылыс, туризм, ауыл шаруашылық, комиссия төрағалары және ветеринария басқармасымен, ағымдағы жылдың қаңтар айының 24-27 аралығында дөнгелек үстелдер өткізілді.


4.2. Колледж түлектерінің мамандығы бойынша 2015, 2016 жылдары жұмысқа орналасу көрсеткіші

2015 жыл

Жұмыспен қамтылған - 56%,

оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 56%

Өзінмен-өзі - 24%,

оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 24%

Жұмыссыз - 20%,

оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 20%

Жұмыспен ж/е өзін-озінмен қамтылған - 79,2%


2016 жыл

Жұмыспен қамтылған - 58%,

оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 58%

Өзінмен-өзі - 23%,

оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 21%

Жұмыссыз - 20%,

оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 20%

Жұмыспен ж/е өзін-озінмен қамтылған - 80%


4.3. Колледждер тарапынан мектеп түлектері мен жастар арасында мамандық таңдау шараларының ұйымдастырылу көрсеткіштері

2017 жылы 9-17 ақпан күні аралығында Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында жұмысшы мамандығына республикалық және жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік тапсырысты орналастыруға байланысты Ақтау қаласында 25, Мұнайлы ауданында 11 орта мектеп базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан құрылған мобильдік топтар мектеп окушыларына мамандық тандауға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Барлығы 36 орта мектепті қамтыды.


4.4. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кредиттік-модульдік оқыту жүйесін, дуальді оқытуды енгізу жұмыстарының жай-күйі

ТжКБ жүйесіне кредиттік-модульдік оқыту технологияларын кезең-кезеңімен енгізудің жұмыс жоспарын орындау үшін Қайнар» колледжінде эксперименттік түрде 2008 жылдан бастап жүзеге асырылады.

Алдағы уақытта эксперименттік режимге енгізілген алаңдар, яғни 5 колледж кредиттік технология бойынша оқытуға көшеді деп күтілуде.

Бүгінгі таңда дуалды оқыту жүйесі бойынша эксперименттік түрде білім беру 17 колледжде енгізіліп, 23 мамандық (24 біліктілік) бойынша 782 студентті қамтыды.

Осы көрсеткіштерге сәйкес дуальды оқыту жүйесі енгізілген колледждер саны барлық колледждер санының 65,3%, мамандықтар саны барлық мамандықтың 27%, студенттер саны күндізгі бөлім контингентінің 3,5% құрайды.

2016 – 2017 оқу жылында дуальды оқыту жүйесі бойынша эксперименттік түрде білім беру 17 колледжде енгізіліп, 23 мамандық (24 біліктілік) бойынша 782 студентті қамтыды (2015-2016 оқу жылында 17 колледжде, 22 мамандық (24 біліктілік) бойынша 673 студент, оның ішінде 624-і мемлекеттік тапсырыс бойынша, серіктестік мекемелермен келісім шарттар саны -51).


4.5. Колледждердің материалдық-техникалық жарақтандырылуына қатысты өзекті мәселелер

Колледждердің материалдық-техникалық базасының төмендігі кадрларды даярлау сапасы мен ТжКБ жүйесінің тартымдылығын қамтамасыз етпейді.

Бірнеше мемлекеттік колледждер күрделі жөндеуді қажет етеді. (Маңғыстау гуманитарлық, энергетикалық, Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі ).

Бейнеу политехникалық және Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледждері типтік емес ғимараттарда орналасқан (бұрынғы балабақша және бастауыш мектеп ғимараттары).

Шешу жолдары.

2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет есебінен Бейнеу ауданы Бейнеу селосынан 200 орындық жатақханасымен бірге 400 орынды құрайтын Бейнеу политехникалық колледжінің жаңа ғимаратының құрылысын салу.

Күрделі жөндеуді қажет ететін колледждерге 2017 жылы бюджетті нақтылауда 827 512 млн.теңге қарастыру.

Колледждерден білім алушыларды жатақханамен қамту:

Жалпы облыста 3 жатақхана бар. Ақтау қаласында – 250 орын (типтік), Қарақия ауданында -200 орын (типтік), Жаңаөзен қаласында - 42 орынға арналған студенттер жатақханасы бар. Маңғыстау облысы бойынша 26 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 3 білім ұйымында қуаттылық жобасы 492 адамға арналған жатақхана бар. Қарақия кәсіптік колледжі, Маңғыстау политехникалық колледжі және Маңғыстау облыстық медицина колледждері барлығы 3 мемлекеттік оқу орны 376 студентті, мемлекеттік емес Каспий өңірі «Болашақ» колледжі 52 орынға жатақханамен қамтамасыз етіп отыр.

Бүгінгі таңға дейін жатақхана туралы мәселелер шешілмей келе жатыр.

Дегенмен, бүгінгі күні жатақхана қажеттілігі Ақтау қаласы бойынша – 1665, Жаңаөзен қаласында – 55, аудандарда – 200 орындарды құрайды.

Облыстың аумағынан келген білім алушыларға жағдай жасау мәселелері толығымен шешілмеген. Ауылдан келген студенттердің 25,6%-ы жатақханаларда қамтамасыз етілген.

Шешу жолдары

Бейнеу селосынан 200 орындық жатақханасымен бірге 400 орынды құрайтын Бейнеу политехникалық колледжінің құрылысына республикалық бюджет есебінен қаржы бөлуді қамтамасыз ету.

Ақтау қаласынан 240 орындық, Шетпе селосынан 50 орындық, жатақхана құрылыстары үшін жобалық–сметалық құжаттар жасақтау.



5. Қосымша білім беру жүйесі

Облыста балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығын арттыруда және бос уақытын өткізуде 14 қосымша білім беру ұйымында (Оның ішінде: мәдениет бағытындағы 8 өнер мектебі, музыкалық-шығармашылық-1 саз мектебі, түрлі бағыттағы: көркемөнерлік-эстетикалық, туристік-өлкетану, спорттық, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық, техникалық, экологиялық, тілдік бағыттағы үйірмелері бар 1-Оқушылар үйі, 2-Оқушылар орталығы, 2-«Дарын» қосымша білім беру орталығы) қамтылған бала саны-22718 (2015 жылы -22413 бала) 2016 жылы 5 аула клубы ашылып, көрсеткіш 43-ке жетті (2015 жылы- 38 аула клубы) қамтылған бала саны 14061(2015 жылы-12016 бала). Сондай-ақ, 18 спорттық мектептерге 11924 оқушы қатысады (2015 жылы-16 спорт мектептерінде 11560 оқушы).

Жалпы білім беретін 134 мектепте барлығы 48184 оқушыны қамтитын 2210 үйірмелер мен спорттық секциялар бар.

82826 оқушы қосымша біліммен қамтылған, облыстағы жалпы оқушы санының 69,2 % құрайды.

Өзекті мәселелер:

Демографиялық көрсеткіштің күрт өсуіне, сәйкесінше мектеп жасындағы бала санының артуына байланысты қосымша білім беру желілерін кеңейту мәселесі туындап отыр, әсіресе Ақтау қаласында.



Шешу жолдары:

Ақтау қаласында 1200 орындық «Оқушылар сарайының» ЖСҚ-на 26,6 мың теңге қаражат бөлініп, 2015 жылы 21,6 млн.тг., 2016 жылы 3,6 мың теңге, 2017 жылы 1,3 мың теңге игеріліп, бүгінгі таңда ЖСҚ мемлекеттік сараптамада қаралуда.



6. Инклюзивті білім берудің ұйымдастырылуы

Облыстық ПМПК есебінде 4504 бала бар. Оның мектеп жасына дейін -3040, мектеп жасында 1464 бала (оның:74-колледжде, 1159-арнайы түзету мекемелерінде, 388-үйде, 225-арнаулы сыныптарды, 290-ы күндізгі мектепте, оқуға жатпайтындары-745) бар. Күндізгі мектептегі мүмкіндігі шектеулі бала саны - 290.

Жалпы білім беретін 18 мектепте 24 арнаулы сыныптар ашылып, онда 123 бала тәрбиеленеді.

Инклюзивтік білім беріп жатқан жалпы білім беру ұйымдарында психологтар саны-185.



Сонымен қатар, инклюзивтік біліммен қамтылған 917 оқушының 85-і компьютермен қамтамасыз етілген.

Тосқауылсыз аймақ. Жалпы білім беретін 134 мектептің 91-інде (67,9 пайыз) «Кедергісіз аймақтар» құрылды.



Аудан, қала

Мектеп саны

«Тосқауылсыз аймақ» орнатқан мектептер саны

1

Ақтау қаласы

25

10

2

Бейнеу ауданы

25

8

3

Жаңаөзен қаласы

22

22

4

Маңғыстау ауданы

21

21

5

Мұнайлы ауданы

13

12

6

Түпқараған ауданы

9

8

7

Қарақия ауданы

15

6

8

Облыстық мектептер

4

4




Барлығы

134

91


Өзекті мәселелер:

  1. Білім беру ұйымдарындағы «Тосқауылсыз» аймақтардың талапқа сай келмеуі

  2. Білім беру ұйымдарында арнайы мамандардың (логопед, дефектолог, тифлопедагог, т.б.) жетіспеуі

  3. Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған оқу құралдарының жеткіліксіздігі


Шешу жолдары:

Қазақстанның жоғары оқу орындарында логопед, дефектолог мамандықтарына Маңғыстау облысынан 38 студент оқып жатыр (оның ішінде 6-ы 2016 жылы түскен) Осы студенттерді мектептерге тарту жұмыстары жүргізілуде.



  1. жылы арнайы білім беру ұйымдарына 4 дипломды маман қабылданды, 6 маман қайта даярлаудан өтті.

  2. жылы жол картасына сәйкес Түпқараған ауданының О.Баймырзаев, Ж.Мыңбаев атындағы орта мектептерге - 1384,22 млн.теңге, М. Әбдіхалықов, Шахта мектептеріне -2618,74 млн.теңге, «Ақбота», «Бәйтерек», «Ертөстік» бала бақшаларына -2618,74 млн.теңге, «Балбөбек» - 1384,22 млн.теңге, «Құлыншақ» -1123,91 млн.теңге, «Айгөлек», «Жауқазын», «Айгүл» бала бақшаларына -806,42 млн.теңге жергілікті бюджет есебінен «Тосқауылсыз аймақтар» құруға қаржы қарастырылды. Маңғыстау ауданының Жармыш орта мектебінің 315 мың теңгеге, ЖСҚ жасақталды.


7. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыстың ұйымдастырылуы

2016 жылдан бастап Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және балаларды өз отбасыларында тәрбиелеуге тілек білдірген азаматтарға арналған Республикалық деректер қоры (әрі қарай- Деректер қоры) жұмыс жасайды.

Қазіргі таңда облысымыз бойынша Деректер қорына 573 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала және балаларды өз отбасыларында тәрбиелеуге тілек білдірген 102 азаматтар тіркелген.

Интернаттық мекемелерде тәрбиеленетін балаларды отбасына орналастыру, жетім балалардың санын азайту, олардың туған - туысқандары арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып, жұмыстар үйлестіруде. Облыстағы әрбір ауданда (қалада) интернаттық мекемелерде тәрбиеленетін балалардың санын азайтып, жетімдерге қамқорлық көрсетіп, олардың туған-туысқандары арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, бала асырап алуға немесе қорғаншылыққа, патронатқа алуға ниет білдірген қазақстандық азаматтарға қолдау жасау бағытында «Қуан сәби», «Ризамын», «Сенім», «Мейірім», «Ризашылық» атты акциялары өткізіліп отырады. 2016 жылы қорытындысы бойынша оларға 125 қамқоршы, сонымен бірге бала асырап алуға ниет білдірген Қазақстан азаматтары қатысты.

2014-2015 оқу жыл аралығында интернаттық мекемеден негізгі орта мектепті – 14 түлек, 2015-2016 о.ж. – 7 түлек бітірді. Оның ішінде 14 түлек арнайы-техникалық білім беру ұйымдарында, 7 түлек жалпы білім беру ұйымдарында оқуын жалғастыруда.

Балалар үйі және отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерінің тұрғын үй мәселесін шешу, олардың жеке жинағын қолдануға тиімді пайдалану жұмыстары жүргізілуде.

Осы орайда, балалардың жәрдемақыларын, балалардың жинақ ақшаларын, демеушілікпен берілген қаражаттарын тиімді пайдалану мақсатында «Тұрғынүйжинақбанкіге» («Жилстройсбербанк») есеп шоты ашылып, 49 тәрбиенушіге 15 509,0 мың көлемінде салым салынды.


Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет