Маңғыстау облысының білім саласы бойынша анықтама Облыстық білім беру жүйесіне қысқаша сипаттама


Педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етуге қатысты проблемалық мәселелер



бет3/3
Дата22.06.2017
өлшемі0,53 Mb.
#19567
1   2   3

8. Педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етуге қатысты проблемалық мәселелер

Күндізгі жалпы орта білім беру ұйымдарында 10696 педагог кадрлар жұмыс жасайды. Олардың ішінде жоғары білімдісі – 7756, техникалық және кәсіби білімі барлар саны – 2938, ал екеуінде жалпы орта білім, бірақ олар жоғары оқу орындарының соңғы курстарында оқып жатыр, диплом алып шығады.

Педагогикалық білімі бар, бірақ мамандығы сәйкес келмейтін мұғалімдер саны-145, олардың ішінде кері даярлау курстарынан өтіп сабақ беріп жүргені – 14, шағын жинақталған мектепте жұмыс жасап жүргені-45, қазіргі беріп жүрген пәні бойынша институтта сырттай оқитыны – 78.

Мамандығы сәйкес келмейтін мұғалімдерді қайта даярлау курстарынан өтуге және өз пәні бойынша сырттай оқуға мүмкіндік жасалуда.


9. Қосымша, арнайы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуына қатысты проблемалық мәселелер:

14 қосымша білім беру орталығының 6-ы типтік, 8-і бейімделген ғимаратта орналасқан. Барлық орталықтардың оқу жиһаздарымен жабдықталуы 100% құрайды, оның 15 % жаңалауды талап етеді.

8 өнер мектебі мен 1 саз мектебінде (4 өнер мен 1 саз мектептері бейімделген ғимаратта) музыкалық аппаратура, музыкалық аспаптар, ұлттық костюмдермен 100% қамтамасыз етілген, оның 20 % жаңалауды талап етеді.

Шешу жолдары:

- Ақтау қаласында 1200 орындық «Оқушылар сарайының» құрылысы 2018 жылы басталады;

- Құрық балалар өнер мектебінің жаңа ғимаратының құрылысы 2018 жылы басталады деп жоспарлануда. ЖСҚ дайын.

Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңы негізінде 13 арнайы және арнайы (түзету) білім беру ұйымдары жұмыс жасайды.

- психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (әрі қарай - ПМПК) – 2, тіркелген бала саны – 4406 (2015ж.-3385). Оның мектеп жасына дейін – 1464, мектеп жасында – 2942. Мүгедек бала саны – 1850 (2015 ж. – 1270). Оның мектеп жасына дейін – 403, мектеп жасында 1447 бала (Ақтау, Жаңаөзен қалалары)

-даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп – интернаты -1 (Ақтау қаласы, 32 ш/а, бала саны -133);

- арнайы (түзету) білім беру ұйымдары 5 (бала саны -645);

- оңалту орталығы1 (Жаңаөзен қаласы, бала саны-50);

- психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері – 4 (Бейнеу, Маңғыстау,Қарақия, Мұнайлы аудандары, бала саны-181).



Өзекті мәселелер: Арнайы (түзету) білім беру ұйымдары желісін көбейту.

Шешу жолдары:

- «Дара» жеке қорының қолдаумен Ақтау қаласынан 225 балаға арналған ППТК ашу;

- «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметті жобаларды дамыту қорының қолдауымен 4 ППТК –ның материалдық-техникалық базасын нығайту;

- Түпқараған ауданында ППТК ашу;

- Мұнайлы ауданында ПМПК ашу.
10. Білім алушыларды оқулықтармен қамтамасыз етуге қатысты проблемалық мәселелер

2016-2017 оқу жылында Маңғыстау облысы бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар алу үшін жергілікті бюджеттен қаражат 800,000 мыңға теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Қайта басылып шыққан 8-сыныптардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары, жаңартылған білім мазмұнындағы 1 сынып оқулықтары, 4-сыныптардың ағылшын тілі, 9-сыныптардың «Зайырлылық және дінтану негіздері» оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары толық сатып алынды. Қорландыру циклы бойынша басқа сыныптарға да оқулықтар және үш тілде оқытатын жаратылыстану-математикалық бағыттағы эксперименттік мектептер (23 мектеп) үшін ағылшын тіліндегі оқулықтар сатып алынды. Жаңа оқу жылында болжам бойынша 118 000 баланың орнына 119 558 оқушы келуіне байланысты, кейбір мектептерде оқулық жетіспеушілігі байқалды.

Аталған мектептерге кітапхана абонементі бойынша аудан, қала мектептері арасында артылған оқулықтарды ауыстыру жұмыстары жүргізілді. 1-11 сынып оқушылары толық негізгі оқулықтармен қамтамасыз етілді.


11. «Мұғалім» кәсібінің беделін көтеруге бағытталған іс-шаралар туралы

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша мамандарды ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге тарту мақсатында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мамандары, білім беру ұйымдарының басшылары жыл сайын жоғары оқу орындарында өткізілетін жәрмеңкелерге қатысып, қажетті мамандарды жұмысқа шақырады.

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық жерлерге жұмысқа орналасқан педагогтар біржолғы көтерме ақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін жеңілдетілген несие алуда. Атап айтқанда соңғы үш жылда аталған жобамен ауылға барып жұмыс жасап, тиісті көмектерін алған педагогтар саны мынадай: 2012-2013 оқу жылында-187, 2013-2014 оқу жылында-316, 2014-2015 оқу жылында-200; 2015-2016 оқу жылында -369 жас маман жұмысқа орналасты, олардың ішінде үй алғандар саны – 153, біржолғы көтерме ақы алғандар саны – 172.

Сондай-ақ Нұр-Отан партиясымен бірлесіп өткізілетін қоғамдық қабылдаулар мен кездесулерде ауылда жұмыс жасауға тілек білдірген қажетті педагогтардың жұмысқа орналасуына ықпал жасалып отыр.


12. Қамқоршылық Кеңестерінің жұмыстары туралы

Бүгінгі таңда облыста 73 (Ақтау -15, Бейнеу -10, Жаңаөзен -16, Қарақия -4, Маңғыстау-14, Мұнайлы-8, Түпқараған-6) мектеп және 3 (Жаңаөзен-2, Бейнеу -1) балабақшада қамқоршылық кеңестер қоғамдық қорлар негізінде құрылып, Ұлттық білім беру деректер базасына тіркелді.

Қамқоршылық кеңестері облыста 2011 жылдан бастап жұмыс жасайды. Қор есепшотына келіп түскен қаржыларға аз қамтылған отбасы балаларына материалдық көмек көрсету, дарынды балалардың республикалық сайыстарына қатысуға демеушілік жасау, білім беру ұйымдарының матреиалдық-техникалық базасын жақсартуға көмектесу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, кеңес мүшелері білім беру мекмелеріндегі тәрбие үрдісіне де ат салысуда.
13.Білім алушылардың бойында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру жұмыстарының жай-күйі

І. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының индикаторында көрсетілген бағыттар бойынша:

1) Қосымша білім берумен қамтылған оқушылардың үлесі 2016 жылы-28% ;

2) Жалпы білім беретін мектептердегі спорттық секциялармен, оның ішінде республикалық балалар-жасөспірімдер спорттық жарыстарымен (оқушылар Спартакиадасы және т. б.) қамтылған білім алушылардың үлесі 2016 жылы- 22,1 % ;

3)Балалар мен жасөспірімдер қозғалыстарымен, оның ішінде «Жас ұлан», «Жас қыран» қозғалыстарымен қамтылған оқушылардың үлесі үлесі 2016 жылы - 29,4%.
14. Білім алушылар арасында тәрбие жұмысының жай-күйі туралы толық ақпарат

Тәрбие жұмысының басым бағыттары: Тұжырымдамада көрсетілген 8 бағыт бойынша барлық сынып жетекшілері өз сыныптарын жылдық жоспар жасап, тәрбие жұмысының орынбасарына бекітіп, сол жоспар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп отыр.

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие; 2. Рухани-адамгершілік тәрбие; 3. Ұлттық тәрбие; 4. Отбасы тәрбиесі; 5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие; 6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие; 7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі; 8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Облыстағы 134 мектепте 196 – директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, 220 – педагог-психолог, 139 – әлеуметтік-педагог, 134 – кітапханашы, 115 – мектеп инспекторы жұмыс жасайды.

Тәрбиенің тұжырымдалық негіздерін басшылыққа ала отырып, мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруды жолға қоюды үйлестіру бойынша сынып жетекшілері мен тәрбие жөніндегі орынбасарлар үшін Ақтау қаласында, Мұнайлы және Түпқараған аудандарында жүрмелі әдістемелік күн ұйымдастырылып, 500-дей педагог қатысты.

Республикалық курс-семинарларға барлығы 129 педагог-психолог қатысып, біліктілігін арттырды.

Облыстағы 134 мектепте психолотардың қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенция» жобасы жүзеге асырылуда.

- жастар мен жасөспірімдер арасында тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар

Маңғыстау облысының білім басқармасы білім беру ұйымдарында оқушылардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық шаралар ұйымдастырылып келеді.

Білім беру ұйымындарында 115 мектеп инспекторы кабинеттермен жабдықталған. Облыстың барлық мектептерінде «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» акциясы өткізіліп тұрады. Осыған орай білім беру ұйымдарының жасөспірімдері арасында құқық бұзушылықпен қылмысты төмендету мақсатында ІІД-мен бірлікте профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

2016-2017 оқу жылының ақпан бойынша құқықбұзушылық әрекеттерге байланысты кәмелетке толмағандардың аудандық, қалалық ішкі істер есебінде тұратын 321 оқушы мектеп инспекторларының, мұғалімдер, әлеуметтік педагогтар, психологтардың жіті қадағалауында (Ақтау - 93 , Жаңаөзен - 120, Мұнайлы - 41, Қарақия - 9, Маңғыстау - 14, Түпқараған - 8, Бейнеу - 36 оқушы).

Облыс бойынша 234 «сәтсіз» отбасы (2015 жылы 201 отбасы, 351 бала), оның ішінде 453 бала бар.
- жыныстық сипаттағы қылмыстардан, нашақорлықтан сақтандыру іс-шаралары, нәтижелері

Облыстық білім басқармасы «08.02.2017ж №31-нқ) мен денсаулық сақтау басқармасының (09.02.2017 ж №38)«Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмаған қыз балалар арасында ерте жүктіліктің алдын алу жөніндегі 2017 – 2018 жылдарға арналғанбірлескен іс-қимыл жоспары» бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде. Білім басқармасының 03.05.2016 жылғы № 65 нқ бұйрық негізінде Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындарындағы студенттерге, репродуктивті денсаулықты сақтау сұрақтарын енгізу, ерте жүктіліктің алдын алу, бейресми білім беру курсы аясында жүзеге асыру шаралары. Пилоттық жобаға алынған 14 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының биология пәні мұғалімдері арнайы курстан өткізілді. Жаңаөзен мұнай және газ колледжінде және Ақтау қаласындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінде, Бейнеу ауданының жастар орталығында Y-peer жастарға арналған ресурстық орталықтары ашылды.

- Оқу жылы ағымында мектеп психологтары мен дәрігерлер жоғары сынып оқушыларымен «Ерте жас кезінде отбасын құру: артықшылықтары мен кемшіліктері», «Жасөспірімдердің қауіпсіз жыныстық дамуы» тақырыптарында түсінік жұмыстарын жүргізді. Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Қарақия ауданында «Қайсар» Маңғыстау аймақтық одағы» қоғамдық бірлестігі «Мектеп оқушыларын келеңсіз жағдайлардан сақтандыру және ерте жүктіліктің алдын алу бағытында жұмыстарды күшейту», «Ерте жүктіліктің әлеуметтік проблемасы» тақырыптарында жасөспірімдер арасында дөңгелек үстелдер ұйымдастырды, бейнероликтер көрсетті.
Білім басқармасы білім беру ұйымдарында оқушылардың арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында төмендегідей жұмыстар жүргізуде.

«2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасына» сәйкес 2017 жылға жергілікті бюджеттен 2 517 мың теңге бөлінді. Осы қаражат шегінде білім басқармасы 2 бөлімнен тұратын «Есірткісіз болашақ» тәрбиелік-танымдық іс-қимыл жоспарын жасақтады. Жоспар аясында ағымдағы жылдың маусым айынан бастап шаралар өткізіледі. Білім басқармасы мен Облыстық ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы «2017 жылға арналған Маңғыстау облысында білім беру ұйымдары оқушыларының арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар» біріккен жоспарын бекітті. Облыста балалар мен жасөспірімдердің қызығушылғын арттыруда және бос уақытын тиімді өткізуде 14 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымында (оның ішінде 9-өнер мектебі, 3—шығармашылық үйі, 2-Дарын орталығы), 22 718 бала қамтылған (2015 жылы -22 413 оқушы). Сонымен қатар, 43 аула клубы, онда 14061 оқушы (2015 жылы 38 аула клубы-12016 оқушы), мектеп жанындағы спорттық секция саны -887 қамтылған бала саны- 19000 (2016 ж. 18192 оқушы), ал 18 спорттық мектепте 11869 (2015 жылы 16 спорттық мектепте - 11560 оқушы), 9 әскери-патриоттық клубта 294 оқушы қамтылған.

Дүниежүзілік денсаулық күні аясында демікпе ауруының алдын алу онкүндігіне, халықаралық балаларды қорғау күндеріне орай оқушылар арасында «Спорт нашақорлыққа қарсы» «Денсаулық фестивалі», жыл сайын дәстүрлі түрде Білім басқармасы мен «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы арасындағы бекітілген меморандумға сәйкес «Дарабоз» спорттық-интеллектуалды сайыстар өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулу бағытында өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда облыс бойынша 14 жасөспірім наркологиялық диспансер есебінде тұр. Оның ішінде есірткіні тұтыну бойынша 13, алкоголь тұтыну бойынша 1 жасөспірім (Ақтау қ.-13, Бейнеу ауданы-1)

Облысымызда 17 балалар- жасөспірімдер спорт мектебінде 36 спорт түрінен 12500 оқушылар тартылған. Жазғы Спартакиада 2 жылда бір рет дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Спартакиада облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, спорт түрлері бойынша федерациялармен бірлесе отырып, облысымызда жүйелі түрде жүргізілетін және облыс аясында кеңінен таралған 28 спорт түрінен 34 жарыс өткізілді. Спартакиада бағдарламасы бойынша ақтық кезеңінде Маңғыстау облысы спорттың 32 түрінен 40 жарысқа қатысты.


-діни экстремизм мен терроризмге қарсы танымдық жұмыстардың ұйымдастырылу деңгейі

2017 жылғы 10 қаңтарда Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Маңғыстау облысының дін істері басқармасының бірлескен «Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында тағатты сана мен патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуын алдын алу мақсатында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 жылға арналған бірлескен жоспары» бекіліп,сол жоспардың аясында жұмыстар жүргізілуде.

Облыстағы білім ұйымындарында діни экстремизм бойынша ашық шиеленіс немесе келеңсіз оқиға тіркелмегендігі туралы білім басқармасынан ай сайын жоғары органдарға есеп беріліп келеді.

Білім беру ұйымдарының объектілерін төтенше жағдайларға, террористтік акцияларға қарсы дайындық деңгейін көтеру, атап айтқанда объектілерінің төтенше жағдайларға қарсы жедел қауіп дабылының, өрт қауіпсіздігі дабылының, бейнебақылау қондырғысының төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай диспетчерлік кезекшілік қызметінің пультіне (БДКҚ, ЕДДС-единная дежурная диспетческая служба) қосылуы мәселелері қарастырылды.

«Маңғыстау облысында 2014-2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының» 25-тармағына сәйкес жергілікті бюджеттен 500 мың теңге қаралып, жылына 4 рет оқушыларды жергілікті тарихи-мәдени орындарға саяхатқа апару қарастырылған. 17.02.2017ж. Ақтау қаласының №14 о/м акт залында 150-ге жуық жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізілді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары

Облыста білім ұйымдарының 89 % бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.

Білім беру ұйымдарын күзетпен, қазіргі заманғы қауіп дабылы мен бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету бағытында жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. Бейнебақылау қоныдрғылары мектеп, колледждерде 100% қамтылған, бүгінгі таңда оларды ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191 қаулысы талаптарына сәйкес жаңалу жұмыстары жүргізілуде.
Мектептердегі мектеп формасын сақтау деңгейі. Білім басқармасы білім саласындағы өзгерістер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының іс-шаралар жоспарын бекітілді, облыстық дін істері басқармасы, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірігіп, жұмыстар жүргізілді, бірыңғай мектеп формасының үлгісін әр оқу жылының аяғында ата-аналар қауымдастығымен келісе отырып бекіту керектігі айтылды. Сонымен қатар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда мектеп формасына бағынбай өзге киім киіп (хиджаб) жүрген 62 оқушы бар. (Ақтау қаласы-14, Жаңаөзен қаласы -41, Қарақия ауданы -1, Мұнайлы ауданы-6). Соңғы рет Дін істері басқармасымен, Ішкі істер Департаментімен бірлесе отырып, хиджаб киетін оқушылардың ата-аналарымен кездесу өткізілді. 13 наурызда Жаңаөзен қаласының 4 мектебінде 14 наурыз күні Ақтау қаласының 2 мектебінде, 15 наурыз күні Мұнайлы ауданындағы 2 мектепте, 16 наурыз күні Түпқараған ауданындағы 1 мектепте оқушылардың мектеп формасын сақтауы, өзге киім киюді болдырмау мақсатында ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылды. Хаттамалары толтырылып, шешімдері щығарылды.
15. Білім беру жүйесіне қатысты тұрғындардың ой-пікірлері, колледждердің қызметіне қатысты сын-ескертпелер, арыз шағымдар туралы ақпарат (2015-2017жж.)

Маңғыстау облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім бөліміне 2015 жыл жеке тұлғалардан 6 арыз (ЖТ-Г-91, ЖТ-Д-3908б/н, ЖТ-Д-93, ЖТ-С-122, ЖТ-Т-88, ЖТ-ҰЖ-125,) түскен. Атап айтсақ құжаттардың төлнұсқаларын беру бойынша-1, жатақғана орналастыру бойынша-1, конкурс нәтижесіне келіспеу бойынша-1, оқу ақысын төлеу бойынша-3 арыз.

2016 жыл 11 арыз (ЖТ-А-12, ЖТ-Д-11, ЖТ-Е-13, ЖТ-И-10, ЖТ-К-57, ЖТ-Л-82, ЖТ-0-09, ЖТ-С-39, ЖТ-Т-07, ЖТ-У-04, ЖТ-Ө-14) түскен. Атап айтсақ оқу ақысын төлеу бойынша-10, жұмысқа орналастыру бойынша-1 арыз.

2017жылдың 3 айында 4 арыз (ЖТ-А-13, ЖТ-А-13/1, ЖТ-А-13/2, ЖТ-А-17, ЖТ-А-18, ЖТ-Ч-20) оның ішінде: 1адам 3рет арыз түсірген, барлығыда оқу ақысын төлеу мәселесіне байланысты.

Маңғыстау облысының білім басқармасына балабақшалар бойынша ата- аналар тарапынан арыз-шағымдар 2015 жылы – 15, 2016 жылы – 12, 2017 жылы – 2. Шағымдардың мазмұны :

- балабақшаларға кезектілік;

- балабақшадан орын алуда уақытылы хабарланбауы;

тұрғылықты мекен – жайы бойынша балабақшалар арасында балаларды ауыстыру бойынша.


16. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқығын жүзеге асыруда және қоғамдық ортаға тартып әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету қолжетімділігін қалыптастыру:

Облыс бойынша 2 психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациясы, 4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, 5 арнайы мектеп-балабақша, 1 мектеп – интернат, 1 оңалту орталығы.

2016 жылы Қарақия мен Мұнайлы аудандарында 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері ашылды.

Мұнайлы ауданында 2017 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтауда ПМПК ашу жоспарлануда.



Маңғыстау облысының білім

басқармасы басшысының

міндетін атқарушы Н. Қойжанов
Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет