Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі жұмысының 2 тоқсаны бойынша қорытындысы



Дата17.06.2018
өлшемі30,2 Kb.
#42350
Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі

жұмысының 2 тоқсаны бойынша қорытындысы

2015-2016 оқу жылында мектепке дейінгі мекемелердің жалпы саны 44 бірлікті құрайды, оның 9 балабақша болса, соның ішінде 3 жекеменшік балабақша. Мектепке дейінгі біліммен 2239 бала қамтылған. Нәтижесінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен 3-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 100 % құрады.

Жылдың аяғына дейін 2 балабақша енгізу жоспарлануда, оның 1 жек меншік балабақша. Мектепке дейінгі біліммен қосымша 145 бала қамтылатын болады.

Ауданымызда мемлекеттік жекеменшік серіктестік бағдарламасы шеңберінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жүйесі таралуда. Осы бағыттағы 3 мекемеде 125 бала тәрбиеленуде.

Ауданда 37 жалпы білім беретін 37 мектеп, оның 21-і орта, 11-і негізгі, 5-і бастауыш мектеп. Оқыту тілі бойынша 15 (39%) мектепте қазақ тілінде білім алса, 2 (5%) мектепте орыс тілінде, 21 (56%) мектепте қазақ және орыс тілінде білім алады. 2015-2016 оқу жылының соңында оқушы саны 4105 баланы құрайды. Оқушылар 14 автобуспен 2 микроавтобуста тасымалданады. Жалпы аудан бойынша 16 мектепке, оның ішінде Тассай ауылындағы мектеп жанындағы интернатқа 430 оқушы тасымалданады.

Аудан бойынша оқушылардың білім сапасы 56 %, оқу үлгерімі 100% құрап, былтырғы оқу жылының нәтижелерімен сәйкес келді. 2015-2016 оқу жылында білім сапасына тәуелсіз мониторинг жасау үшін оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) Әуезов ат. орта мектебі, Көкжайық орта мектебі және Самар бастауыш мектебінен 9 сыныптағы 36 оқушыдан және 4 сыныптағы 42 оқушыдан алынды. Ағымдағы жылдың сәуір айында алынған оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижесінің жалпы орта ұпайы 34,2 құрады. ҰБТ нәтижесі аудан бойынша былтырғы оқу жылының нәтижесінен көтеріліп, 86,5 ұпайды құрады (2015 жылы -83,8 ұпай). Аудан бойынша ең жоғарғы 121 ұпайды Үлкенбөкен орта мектебінің түлегі Тохтарова Дина көрсетті. 100 және одан көп ұпай алғандар саны – 38 оқушы.

«Алтын белгі» белгісіне 8 мектептен 11 үміткер болды. Аудан бойынша «Алтын белгіні» 4 оқушы иеленді, бұл «Алтын белгі» үміткерлерінің жалпы санынан алғанда 36,3 пайызды құрайды. Соңғы 3 жылда ҰБТ нәтижесі 19,3 ұпайға жоғарылады.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық деңгейінде 9-11 сыныптардағы 21 оқушы қатысты. Облыстық олимпиаданың қорытындысы бойынша 5 қатысушы жеңімпаз атанды. Көкпекті орта мектебінің 11 сынып оқушысы Раздомина Анна «қазақ тілі» пәнінен облыстық олимпиадада 1 орынды, республикалық олимпиадаға қатысып 3 орынды иеленді. Амангелді ат. орта мектебінің оқушылары Зейнуллина Аружан, Нығметова Аяужан «Мәңгілік ел, Қазақстаным» атты республикалық фестиваліне қатысып, 1, 2 орынды иеленді. «Фариза, Фаризажан, Фаризақыз...» атты Республикалық байқауында Болғанбаев ат. орта мектеп оқушылары (Умиржанова Дильназ, Ержанқызы Мөлдір), Әуезов ат. орта мектеп оқушысы (Адылгазинова Назиля) жүлделі орындарды иеленді.

«Абай мұрасы – әлемдік кеңістікте» халықаралық конференциясына Ново-Тимофеевка орта мектебінің оқушысы Ержанова Ұлжан, Шәйжүнісов ат. орта мектебінің оқушысы Касенов Ильяс қатысып жүлделі 2,3 орындарды иеленді. Қ. Бітібаева атындағы Республикалық олимпиаданың облыстық деңгейінде Болғанбаев ат. орта мектеп оқушысы Қадылова Жансая, Әуезов ат. орта мектеп оқушысы Қалырбекова Толғанай жүлделі орындарды иеленді. Физика, тарих, математика, орыс тілі пәндерінен оқушылардың ғылыми жобалары облыстық байқауында Болғанбаев ат. орта мектебінің және Әуезов ат. орта мектебінің оқушылары 2, 3 орындарды иеленді. «Жарқын болашақ» облыстық олимпиадасынанда Амангелді орта мектебінің оқушысы Мақмет Арай 2 орын, Амангелді ат. орта мектебінің оқушысы Нуролдинов Ернар 3 орын, Көкпекті орта мектебінің оқушысы Шушакова Юлия 3 орын алды.

Көкпекті ауданында дарынды балалармен жұмыс нәтижесі бір талай жетістіктерді көрсетті. Бұл дарынды балаларды дамыту және оларды анықтау бойынша жүйе қалыптасқандығының көрсеткіші. Аталған бағыттағы жұмыс аудандық әдістемелік кабитетімен жүргізіледі. Дарынды балалармен жұмыстың сәттілігінің негізгі өлшемі, бұл олардың пәндік байқаулар және түрлі деңгейдегі олимпиадалардан алған жетістіктері болып табылады. Республикалық олимпиаданың облыстық деңгейінде жалпы білім беретін пәндерден 9-11 сынып оқушыларынан 21 оқушы қатысты.

2016 жылдың 16 сәуірінде Өскемен қаласында бастауыш сынып оқушылары арасындағы облыстық олимпиадада 14 оқушы қатысып, оның ішінде 8 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Жүлделі орындарды Пушкин ат. , Амангелді ат., Маяковский ат. орта мектептерінің, Октябрь мектеп –балабақша кешені, Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешенінің, Преображенка орта мектебінің оқушылары алды.

2016 жылдың сәуірінде Алматы қаласында Ж.Болғанбаев ат. орта мектебінің 7 сынып оқушылары «Тарих Ата» республикалық байқауына қатысып, Бахтиярова Аяулым 2 орын, Лескен Асылнур – 3 орынды иеленді.

Облыстық «Жас толқы» байқауында Казнаковка орта мектебінің оқушысы Бақытбекова Елназ гран-приді иеленді және «Тайжарыс» 4 республикалық радиобайқауында 1 жүлделі орынға жеңіп алды.

ҰОС 71 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен ұйымдастырылған республикалық шығармалар байқауына Көкжайық орта мектебінің оқушылары Ержанова Азиза, Токтаргазинова Раушан, Магауянова Аида қатысып 1 орындарды иеленді. «Нұрлы жол- путь в будущее» облыстық шығармалар байқауында Раздолное негізгі мектебінің оқушысы Манигарапова Даяна 3 орын алды.

ШҚО Өңірлік «Дарын» орталығы ұйымдастырған «Хрустальная нота» атты жас әншілердің облыстық байқауында Көкпекті балалар өнер мектебінің тәрбиеленушісі Алдажумен Нурали 3 жүлделі орныға ие болып, «Шығыстын дарынды жұлдызы 2015 » кубогын жеңіп алды.

2016 жылдың сәуір айында Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетімен Тарбағатай ауданында хиимя пәнінен ұйымдастырылған облыстық олимпиададан Ж.Шәйжүнісов атындағы орта мектебі оқушыларының командасы 1 орынды алып келді

Ауданның жалып білім беретін мекемелерінде 945 педагог қызмекер, оның – 718 мұғалім жоғарғы біліммен, 227 мұғалім арнайы орта біліммен жұмыс атқарады. Жоғарға санатты мұғалімдер саны- 97, 1 санатты мұғалім саны – 283, 2 санаты мұғалімдер саны – 274, санатсыз мұғалімдер саны – 291 құрайды. Білім беру бөлімімен ауданымызға жас мамандарды тарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Мектеп директорларымен бірлесе отырып, сәуір айында Семей қаласындағы педагогикалық институтының бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысып, болашақ жас мамандарын ауданымызға жұмысқа шақырылды. Аудан бойынша метематика, бастауыш сынып , орыс тілі және әдебиеті, музыка, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері мамандықтарына қадр қажеттілігі сақталуда (Қараөткел нм, Погорное нм, Октябрь мкетп-балабақша кешеніне, Жұмба нм, Романов нм, Көкжайық ом, Казнаковка ом, Амангелді ом (Мамай) Үлкенбөкен ом).

Жыл сайын мұғалімдердің жалпы санынан 25 % біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. 2015 жылы деңгейлік курстардан – 36 мұғалім өтті. Қазіргі уақытта 5 мұғалім курстан өтуде, жыл соңына дейінг 10 педагог қызметкерін 1 және 2 деңгейлік куртстан өткізу жоспарлануда.

Алматы және Өскемен қалаларындағы «Өрлеу БАҰО» АҚ қысқа мерзімді курстарынан 206 мұғалім, 5 мектеп директорлары, 8 мектепдиректорының оқу-тәрбие ісінің орынбасарлары өтті. 2016 жылдың соңына дейін білім мазмұнын жаңарту, үштілділік және мектеп жаттықтырушыларын оқыту бағдарламалары бойынша 160 мұғалімді оқыту жоспарлануда.



ҚР БҒМ 2016 жылғы 10 ақпандағы № 139 бұйрығымен бекітілген 2015-2019 жылдарға арналған үштілділікті дамыту бойынша облыстық Кешендік жоспарды жүзеге асыру жұмыстары басталды.

Ауданда 60 ағылшын, 86 қазақ тілі және 71 орыс тілі мұғалімдері жұмыс атқарады. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінде білім беру мекеме басшыларының қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыста көптілділікті дамыту мәселесі қаралып, үштілділікті дамытудың өңірлік бағдарламасының жобасымен, аудандық жоспарымен таныстырылды. Білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының шешімі бойынша орыс сыныптарында сабақ беретін 36 қазақ тілі мұғалімі және қазақ сыныптарында сабақ беретін 40 орыс тілі мұғалімі Назарбаев зияткерлік мектебі негізінде кіріс диагностикасынан өтті. КазТест және РусТест нәтижесі бойынша 5 қазақ тілі мұғалім және 10 орыс тілі мұғалімі Назарбаев зияткерлік мектебі негізінде курстық даярлықтан өтті. Көптілділікті дамытудың жоспарына сәйкес жоғары санатты мұғалімдер қатарынан құралған жұмыс тобымен түрлі байқаулар мен пәндік апталықтар, ашық сабақтар, оқушылар арасында сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді, бағдарламаны дамыту мақсатында педагогтарға арналған семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Ауданның жалпы орта білім бетерін мектептерінде қазақ тілі және ағылшын тілінің бірыңғай оқулықтарына және оқу-әдістемелік кешендеріне кезең-кезеңмен көшу бойынша жұмыс басталды. Кезең-кезеңмен көшу келесі оқу жылында аяқталады.

2016-2017 оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға жергілікті бюджеттен 10 млн теңге қаражат бөлінді. 8 сынып және 9 сыныптарды «Дінтану және зайырлылық» циклымен қорландыруға бойынша оқулықтарға тапсырыс құрылды. Бүгінгі күні оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендрді сатып алу бойынша 8 баспаханамен келісім-шарттар жасалуда.

Бірінші сыныптан бастап орта білім берудің мазмұнын толығымен жаңарту 2016-2017 оқу жылының 1 қыркүйегінен енгізіледі. Бірінші сыныптарды білім беру мазмұны жаңартылған оқулықтармен уақытылы қамтамасыз ету үшін ШҚО білім басқармасына құны 4321960 теңгені құрайтын 4140 дана 1 сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенге тапсырыс берілді.



Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жалпы білім беретін мектептер негізінде жүзеге асырылады. 26 мүмкіндігі шектеулі бала үйде арнайы тегін біліммен қамтылған. 26 мектеп жасындағы бала денсаулығындағы түрлі ауытқуларына байланысты оқытуға жарамсыз болып табылады. Аудандағы 7 білім беру мекемесінде инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған (Көкпекті орта мектебі, Ж.Шәйжүнісов ат. орта мектебі, Самар №1, Көкжайық, Ж.Болғанбаев ат. орта мектебі, А.С. Пушкин ат. орта мектебі, Амангелді орта мектебі (Мамай)), бұл 15,7 % құрайды. Ауданда психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс атқарады. Денсаулығында түрлі ауытқушылықтары бар 49 бала түзету көмегін көрсетіледі. Ауданда 264 мүмкіндігі шектеулі бала жалпы білім беретін мектептердің ортақ сыныптарында оқиды.

Қамқоршылық және қорғаншылық органының есебінде 50 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тіркеуде тұр. Оның 13- і жетім бала, 37 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, 10 бала патронаттық тәрбиеде. 50 бала тұрғын үй алуға кезекте тұр. 44 жетім және ата-анасының қамқролығынсыз қалған бала ай сайын 21210 теңге көлемінде жәрдемақы алып отырады.

Ауданның 8 мектебінде 1 балабақшасында бейнебақылау жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3421,0 мың теңгеге орнатылған.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ауданның 7 мектебінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінді. Олар:

1. «Октябрь мектеп-балабақша кешені» КММ ғимаратының 2 корпусының шатырына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, жалпы сомасы – 22525,0 мың теңгені құрайды (РБ -20272,0 мың теңге, ЖБ- 2253,0 мың теңге). Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың маусым-тамыз айларында жүргізіледі. Күрделі жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сатып алу 2016 жылдың 5 мамырында жарияланды.

2. «Октябрь мектеп-балабақша кешені» КММ балабақшасы ғимаратының шатырына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, жалпы сомасы – 6500,0 мың теңгені құрайды (РБ -5850,0 мың теңге, ЖБ- 650,0 мың теңге). Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың маусым-тамыз айларында жүргізіледі. Күрделі жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сатып алу 2016 жылдың 5 мамырында жарияланды.

3. Аухадиев атындағы орта мектебі ғимаратының шатырына ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу, жалпы сомасы – 19807,0 мың теңгені құрайды (РБ -17826,0 мың теңге, ЖБ- 1981,0 мың теңге). Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айынан қыркүйек айына дейін жүргізіледі. Ағымдық жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сатып алу 2016 жылдың 1 маусымында жарияланды.

4. Романов негізгі мектебі ғимаратына ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу, жалпы сомасы – 24816,0 мың теңгені құрайды (РБ -22334,0 мың теңге, ЖБ- 2482,0 мың теңге). Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айынан қыркүйек айына дейін жүргізіледі. Ағымдық жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сатып алу 2016 жылдың 1 маусымында жарияланды.

5. Шәріптоғай негізгі мектебінің спорт залына ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу, жалпы сомасы – 2771,0 мың теңгені құрайды (РБ -2494,0 мың теңге, ЖБ- 277,0 мың теңге). Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың шілде айында жүргізіледі. Ағымдық жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сатып алу 2016 жылдың 5 мамырында жарияланды.

6. Көкпекті орта мектебінің спорт залына ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу, жалпы сомасы – 3500,0 мың теңгені құрайды (РБ -3146,0 мың теңге, ЖБ- 354,0 мың теңге). Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың шілде айында жүргізіледі. Ағымдық жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сатып алу 2016 жылдың 5 мамырында жарияланды.

7. Куйбышев атындағы негізгі мектебі ғимаратының шатырын жабу жұмыстарын жүргізу, жалпы сомасы – 14967,0 мың теңгені құрайды (РБ -13470,0 мың теңге, ЖБ- 1497,0 мың теңге). Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айынан қыркүйек айына дейін жүргізіледі. Ағымдық жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сатып алу 2016 жылдың 3 маусымында жарияланды.

Bi-group холдингінің басшысы Рахимбаев Айдын өз қаражатынан Құлынжон ауылындағы Казнаковка орта мектебіне мамыр айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мектептерге ағымдық , әрлеу жөндеу жұмыстарын жүргізуге 9330,0 мың теңге бөлінді.

Ауданда 16 мектеп және 1 балабақша қатты отынмен жылынады. Көмірдің жылдық қажеттілігі 5948,5 тонна көмірді құрайды. 2016 жылдың 1 қаңтарынан 15 сәуіріне дейінгі көмірге қажеттілік 2711,0 тоннаны құрады. Калибрленген көмірді жеткізуші болып, Семей қаласының ЖК «Мурсалимов Т» атанды.

Ағымдағы жылдың маусым айында 2016-2017 оқу жылына білім беру мекемелеріне 5948,5 тонна көлемінде көмір жеткізу үшін байқау жариялау жоспарлануда. Көмірдің болжамдалған құны 1 тоннасына 9750 теңгені құрайды. Жалпы құны – 57997,9 мың теңгені құрайды.

Ауданның 21 мектебінде аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды ыстық тамақпен қамту үшін 21 жеткізуші жұмыс атқарады. 12 мектептің штатында аспаз жұмыс атқарады. Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушы саны 112.

Сүт және сүт өнімдеріне қажеттілік 2016 жылдың 1 сәуірінен 31 желтоқсанға дейін:

Көлемі – 66,3 тонна сүт және сүт өнімдері

Сомасы – 17635,9 мың теңге. Оның ішінде:

2016 жылдың 12 мамырына Көкпекті ауданының білім беру мекемелері сүт және сүт өнімдерін сатып алуға келісім-шартқа құны 19132,2 мың теңге, көлемі 68,8 тоннаға құрылды. Оның ішінде:

«Эмиль» ЖШС-мен 26 мектеп, 13 шағын-орталық, 5 мемлекеттік және 1 жеке меншік балабақша;

«MILKA» ЖШС-мен (Риддер қалалық сүт зауыты), ЖК «Тимофеева Я.В.» 3 мектеп, 1 балабақша;

«Өрнек» ЖШС-мен 2 жеке меншік балабақша;

«А.П. Милланд» ЖШС-мен 3 мектеп, 2 шағын-орталық және 1 мемлекеттік балабақша.

Ауданның 26 мектебі жалпы құны 6107,3 мың теңге, көлемі 17,2 тонна сүт және сүт өнімдерін жеткізу үшін келісм-шартқа отырды.

Ауданның 9 балабақшасы жалпы құны 10064,7 мың теңге, көлемі 40,0 тонна сүт және сүт өнімдерін жеткізу үшін келісм-шартқа отырды.

15 шағын-орталықтың 15 –і ата-аналар төлемі есебінен 10,8 тонна 2960,2 мың теңгеге келісім-шарт құрылған.

Ауданда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін 35 мектеп жанындағы лагер және 3 сауықтыру лагері жұмыс атқарады. Бұл Новостройка ауылындағы «Балауса-Көкпекті» спорттық –сауықтыру кешені /240 бала/, Мойылды ауылындағы «Балауса-Көкпекті» спорттық –сауықтыру кешені /240 бала/, Сарыбел ауылындағы «Жас толқын» дебаттық лагері /90 бала/. Барлығы алты маусымда жазғы сауықтыру лагерлерінде 570 бала демалады. 2016 жылы жазғы сауықтырудың барлық түрлерімен 3928 бала қамтылған, бұл 100 % құрайды. Оның ішінде аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар /460/, көпбалалы отбасынан /655/, қамқорлықтағы және патронаттағы /7/ балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған /50/ балалар, мүгедек және мүмкіндігі шектеулі /116/ бала, девианттық әрекетті /20/ балалар. Мектеп жанындағы лагерлерде 2606 бала демалады. Бұл лагерлерде балалар 10 күн демалады және ыстық тамақпен қамтылады.



Спорт

2016 жылы дене шынықтыру және спортты дамытуға 7,0 млн теңге бөлінді. Ауданда 187 спорттық құрылым бар.



2016 жылдың 6 айында дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданатын азаматтар қатары 2105 адам, бұл ауданның барлық жастағы тұрғындарынан 21 пайызды құрайды. 2016 жылдың 6 айында ауданның спортшылары облыстық және республикалық чемпионаттарда спорттың 5 түрінен қатысып, 4 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар таеквондодан әлем чемпионатынан 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Қазақстанның чемпионатында қазақша күрестен ауданымыздың спортшылары - 1 қола медаль, еркін күрестен – 1 алтын медальға иеленді. Қазақстан чемпионатында үлдар арасындағы ШҚО құрама командасының құрамында 4 қатысушы алтын медаль жеңіп алды. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ШҚО әкімінің жүлдесіне халықтық спорт ойындарында ауданның командасы менталдық есеп бойынша 7 орын алды.
Білім, дене шынықтыру және

спорт бөлімінің басшысы Ш. Мустафинова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет