Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін


) Автоматтан – ұңғылық тежеуіш-компенсаторын, пулеметтен – жалын сөндіргішін бөліп алу



бет40/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

4) Автоматтан – ұңғылық тежеуіш-компенсаторын, пулеметтен – жалын сөндіргішін бөліп алу. Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш компенсатордың орнықтырғышы батырылады.Ұңғылық тежеуіш компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің көмегімен бұрап алуға болады.
5) Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп қақпақшаны алады.
6) Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты (пулеметті) дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.
7) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып, ұңғы қорабынан бөлектеп алады.
8) Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.
9) Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрып, газ түтігін газ камерасының келте түтігінен шығарып алады. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.

  1. Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен газ түтігін алдыңғы шетімен газ камерасының келте түтігіне ұмсындырады және ұңғы бастырмасының артқы шетін ұңғыға қысады; тұйықталғышты оның орнықтырғышы көздеу қалыбының ойығына кіргенше бұрайды.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет