Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін


Дәріс№47 Ұжымдық қорғану құралдары



бет86/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

Дәріс№47 Ұжымдық қорғану құралдары.
Азаматтық қорғаныстың қорғаныш ғимараты – адамдарды, күштердің жеке құрамын, сондай-ақ олардың техникасы мен мүлкін қарсыластың шабуыл құралдарының әсерінен қорғауға арналған арнайы ғимарат.
Орналасқан жеріне қарай паналар қоса салынған және жеке тұрған паналар болып бөлінеді. Қоса салынған паналарға ғимараттың подвал қабаттарында орналасқан паналар, ал жеке тұрғандарына ғимараттардан бөлек тұрған паналар жатады.
Паналар негізгі жайлардан, сондай-ақ қосалқы жайлардан – сүзгілі желдеткішті камералардан, санитарлық тораптардан, дизельді электр станцияларынан, қорғанышты кірер және шығар есіктерден тұрады. Паналар жарық беру жүйесімен, байланыс және хабарлау аппаратурасымен жарақталады. Сумен жабдықтау сыртқы су құбыры желісінен жүзеге асырылады. Су құбыры зақымдалған немесе ол болмаған жағдайда, панада болу мерзіміне лайықталған ыдыстарда ауызсудың авариялық қоры жинақталады.
Халықты паналарға тасалау азаматтық қорғаныстың тиісті хабарлау сигналдары бойынша жүзеге асырылады, ал орналасуы коменданттың нұсқауы бойынша жүргізіледі. Хабарлау сигналы алынғаннан кейін біраз уақыт өткен соң пананы толтыру аяқталып, есіктері жабылады.
Панадан шығару коменданттың не кезекшінің рұқсатымен, радиациялық, химиялық, биологиялық және өртке қарсы жағдай анықталғаннан кейін ғана жүргізіледі. Пананы үйінді басып қалған немесе зақымдалған жағдайда комендант сырттан көмек күтпей панадан шығуды жұмысқа жарамды адамдарды жұмылдырып ұйымдастырады.
Панадан әуелі бірнеше адам шығып, олар өз бетімен шыға алмайтындарға, балаларға көмектеседі. Одан әрі қалғандары эвакуацияланады.
Радиоактивтік заттардан қорғанысты паналардан басқа арнайы салынған радиацияға қарсы тасаларда (РҚТ) қамтамасыз етеді. Олар адамдарды радиоактивтік заттардың тыныс органдарына, тері мен иімге түсуінен, жарықтық сәлеленуден, өткір радиациядан және соққы толқыннан қорғайды.
Радиацияға қарсы тасалар ретінде ғимараттардың бейімделген подвалдары, үйлердің ұралары (погребтер), тұрғын және өндірістік үй-жайлардың цокольдық қабаттары пайдаланылуы мүмкін. Радиацияға қарсы тасалар отыруға және ұйықтауға арналған орындармен, санитарлық тораптармен, желдеткіш жүйелермен және ластанған сырт киімді сақтауға арналған жайлармен жабдықталу керек.
Бұл тасаларда кемінде екі кірер есік болу керек. Бұдан басқа тасаларды су және электр тоқпен жабдықтау сыртқы жүйелер арқылы жүргізілуге тиісті. Сыртқы жүйелер істен шығуы мүмкін, сондықтан қосымша ауыз су қорлары және электр тоғымен тасаларды қамтамасыз ету үшін электр генераторлар, шамдар, аккумуляторлар қорлары болу керек.
Ақпарат алу үшін радио желісінің дауысты сөйлегіштері орнатылады. Мүмкіндік болса дауысты сөйлегіштерге қоса телефон және радиоқұралдары орнатылады.
Қорытынды бөлім. Жаңа тақырыпты сұрастыру арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру. Үй тапсырмасы:§7.8-337 бет оқып шығу. Взводтың сапталуы және әскери қоштасу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет