ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ Өкпені жасанды желдендіру (ӨЖЖ) – адамның өкпесінің табиғи желдетілуін қалпына келтіру үшін, оның тыныс жолдарына ауаны (немесе оттегіні) жіберу. Бұл әрекет қарапайым реанимациялық шара болып есептеледі.
ӨЖЖ-ні қажет ететін қалыпты ахуал: - автомобиль апаты;
- судағы оқиға;
- тоқ соғу және басқа.
Қазіргі кезде медицинада ӨЖЖ-нің әртүрлі тәсілдері бар. Маман емес адамның алғашқы көмек көрсетуі кезінде ең тиімдісі «ауыздан-ауызға» және «ауыздан- мұрынға» жасанды тыныс беру тәсілі.
Егер зардап шегушіні қараған кезде табиғи тыныс алуы сезілмесе, дереу өкпені жасанды желдендіру өткізілуі керек.