Алфавит Ақпаратты кодалау үшін пайдаланылатын таңбалардың шектеулі жиынтығы. Ақпараттық қауіпсіздік



Дата26.12.2021
өлшемі16,97 Kb.
#128741
Байланысты:
Глоссарий
касипкерлик

Алфавит - Ақпаратты кодалау үшін пайдаланылатын таңбалардың шектеулі жиынтығы.
Ақпараттық қауіпсіздік- Мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай күйі.
Ақпаратты қорғау- Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені.
Алгоритм - Берілген есепті шешу үшін орындалатын әрекеттер тізбегі. 

Арбитражды хаттама- Арбитр - хаттама қатысушысы, хаттаманың кезекті қадамын орындау үшін әрекет ете отырып, қалған қатысушылар оған сенеді. 

Ассиметриялық жүйе- Ашық кілтті криптожүйелер деп те аталады. Бұл жүйеде деректерді шифрлау үшін бір кілт, шифрды ашу үшін басқа кілт қолданылады.
Аутентификация - Бұл функция қатынасу серіктерін және деректер көзін аутентификациялауды қамтамасыз етеді.
Блоктық шифрлар- Шифрланатын мәтіннің бөлігіне қолданылатын түрлендірудің негізгі әдістерінің тізбегі.
Бірреттік шифрлау жүйесі- Кілттік тізбектің бір рет қолданылуы.
Бүтіндік- Хабарды алушы алынған хабарда оны жіберу кезінде жолай қандай да бір болмасын өзгеріс енгізілді ме, жоқ па соны тексере алады.
Гаммалау арқылы шифрлау - Шифрланатын мәтіннің символдары шифр гаммасы деп аталатын кейбір кездейсоқ тізбек символдарымен қосылады.
Гаммалау (gamma xoring) - белгілі бір заңға сәйкес шифрдың гаммасын ашық деректердің үстіне салу (беттестіру) үрдісі.
DES стандарты - АҚШ-тың Ұлттық стандарттар бюросы жариялаған шифрлау стандарты.
Жасырындылық- Заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау. 
Итерация - Циклдың бір рет орындалуы.
Криптология- Ақпаратты оны түрлендіру арқылы қорғаумен шұғылданатын ғылым.
Криптография - Құпияжазу, ақпаратты заңсыз пайдаланушылардан қорғау мақсатымен оны түрлендіру әдістері жайындағы ғылым. 

Криптоанализ - Ақпаратты оның кілтін білмей-ақ қалайша кері шифрлау мәселесімен айналысады.
Криптожүйе- Шифрлау алгоритмі, сондай-ақ алуан түрлі кілттердің, ашық және шифрланған мәтіндердің жиынтығы.
Криптографиялық алгоритм - шифрлау және кері шифрлау үшін қолданылатын математикалық функция.
Криптографиялық хаттама- Негізінде криптографиялық алгоритм жататын хаттама.
Кілт- Ақпаратты шифрлау және кері шифрлау, сондай-ақ оған қол қою үшін арналған цифрлық кода.
Криптоберіктілік- Шифрдың негізгі сипаттамасы. Ол кілт белгісізжағдайда шифрдың кері шифрлауға беріктігін анықтайды.
Кілт бойынша орын ауыстыру- Бұл әдісте кестенің бағандары кілттік сөз,сөздер тіркесі немесе сандар жиыны бойынша орын ауыстырылады.
Қол жетерлік- Санаулы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуғаболатын мүмкіндік.
Орын ауыстыру шифрлары- Бұл әдісте шифрланатын мәтіннің символдары белгілі бір ереже бойынша орын ауыстырылады.
Полибий квадраты - Шифрлау түрі. Қарапайым ауыстырудың алғашқы шифрларының бірі болып табылады.
Программа - Берілген алгоритмді компьютерге түсінікті тілде жүзеге асыратын командалар жиынтығы.
Симметриялық криптожүйе- Деректерді шифрлауда және шифрды ашуда бір ғана кілт қолданылатын жүйе.
Тұтастық- Ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғалуы.

Төреші хаттама- Арбитражға түсетін салмақты жеңілдету үшін арбитр қатысатын хаттама жиі екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі, арбитражсыз қарапайым хаттамамен сәйкес болса, екіншісі, қатысушылар арасындағы алаауыздықты шешу үшін жүгінетін ерекше арбитр, ол - төреші арбитр деп аталады.
Шифр - Бақылаушыда мәлімет болмаған жағдайда, ашық ақпаратты бастапқы қалпына келтіре алмайтындай етіп түрлендіру үшін қолданылатын шартты белгілер тізбегі.
Шифрлау - Белгілі бір адамнан басқалар оқи алмайтындай етіліп ақпаратты математикалық, алгоритмдік түрлендіру әдісі.
Хаттама - Тапсырманы шешу үшін бір немесе бірнеше жақтың қатысуымен орындалатын қадамдар тізбегі.
Цикл - Біртектес амалдарды орындауға арналған программалау әдісі.
Цифрлық ерекше белгі(ЦЕБ,digital watermark) - Арнайы мақсатпен бейнені қалқалатын (бүркемелейтін) көзге көрінбейтін ақпарат.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет