Алғы сөз «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» Абай Кұнанбаев



бет1/26
Дата09.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#176322
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Балалар өмірінде ойын маңызы

№7 «Айналайын» балабақшасы




«Балалар өмірінде ойынның маңызы»
Сурет коямын
/Әдістемелік құрал/

2017 оқу жылы



Алғы сөз
«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»
Абай Кұнанбаев

Ойын – баланың мектепке барғанға дейінгі ең басты жұмысы. Түрлі ойын баланың рухани және дене күші жағынан, танымдық үрдістері, эстетикалық талғамы жағынан жетілдіреді, тәртіптілікке шақырады, айналасын тануға көмектеседі. Бала ойында күштілік, шапшаңдық, төзімділік, айлакерлік сияқты дене қасиеттеріне дағдыланады, денсаулығы нығаяды.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл- әрекеті-ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Ойын үстінде ақыл-ой міндеттерін шеше отырып, бала өз еркімен есте сақтауға және қайталап айтып шығуға, жалпы белгілері бойынша заттарды немесе құбылыстарды жіктеуге, заттардың қасиеттері мен сапаларын бөліп көрсетуге, жекелеген белгілеріне қарай оларды анықтауға жаттығады, ойлау қызметінде арттырады.
Баланың ақыл ойын дамытудағы дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойындар болып табылады. Осы мақсатпен ойыншықтар, суреттер, түрлі заттар таңдап алынады. Осы заттардың барлығы түрлі түсті және сапасы түрлі материалдардан жасалған, бала қолының шамасы келетіндей болуы тиіс.
Ойынның дамуын көп жағынан, балалардың ақыл-ой белсенділігінің қарқыны, олардың ойын әрекеттерін азды көпті ойдағыдай орындауы, ережелерді игеру дәрежесі, олардың эмоциялық әсерленуі, ойынға еліктеу дәрежесі шешеді. «Балаға ең керегі ойын.Ең мағыналы мектебі, бар қызығы мол ойын.Ойында бала көргенін,білгенін екшелейді,үйренгенін нығайтып бекітеді.Тек ойын кезінде ған бала еркін сөйлейді.Не айту керек дегенге мән беріп жатпайды,өзінің көкейіндегісін ғана айтады.Бала ойында сызбалар мен арнайы үлгілер болмайды.Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білутәсілі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет