«Торғайлар мен мысық»
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.
Шарты: Жерді шеңбермен белгілеу керек /5-6м.диаметрмен/. Ортада тәрбиешімен тағайындалған бала жүреді – ол мысық. Қалған балалар шеңбердің сыртында- олар торғайлар. Мысық ұйықтап қалады.Торғайлар шеңбердін ішіне дән жеуге кіреді. Мысық оянып кетеді де, торғайларды көріп, оларды ұстай бастайды. Торғайлар шеңберден шығуға асығады. Шеңбердің ішінен мысыққа ұсталған торғайлар, шеңбердің ортасында қалады. Мысық 2-3 торғайды ұстаған соң, тәрбиеші жаңа мысықты таңдайды. Ұсталған торғайлар басқа ойынаушыларға қосылады. . ойын 4-5 рет қайталанады. Ұсыныс: мысық ақырын барыпторғайларды ұстайды /қатты ұстамай, ақырын ғана қолын тигізеді/.
«Аюдың апанында»
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.
Шарты:Бір жақта аюдың апаны болады. Екінші жақта балалар тұратын үй болады.Тәрбиеші аюды балалардың ішінен біреуін тағайындайды.Тәрбиеші: «Балалар қыдырып келіңдер»,- дегенде балалар үйлерінен шығып, саңырауқұлақ теріп, көбелек ұстап,орман қыдырады /еңкееді, түзеледі, басқа қозғалыс жасайды/. Олар дауыстап айтады:
-Біз аюдың қасында. Жеміс- жидек тереміз,
Аю ұйықтамайды, Аю ырылдайды. «Ырылдайды», - деген сөзден кейін аю үйлеріне қашып бара жатқан балаларды ұстай бастайды. Аюдың қолы тиген балалар акюдың апанында қалады. Бірнеше рет ұсталғаннан кейін аюдың рөліне басқа бала тағайындалады. Ойын 3-4 рет қайталанады. Ұсыныс: Ойынның басқа нұсқасы болуы мүмкін- екі аюмен ойнауға болады.
Қорытынды
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Оның үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез - құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ойындарымыз: тоғызқұмалық, қуыршақ, асық ойындары.
Балалар ойынында кейде өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат беріп,ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кез-келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол көбінесе тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы - балалардың бойында өнердің, білімнің, тәрбиенің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес.
Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өндір бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін! Ойнау арқылы балалар айналасындағыларды, қоршаған ортаны танып-біліп, есте сақтау қабілетін арттырады, ойындағысын толық жеткізуді үйренеді. Сондай-ақ ойын олардың қиялына қанат бітіріп, алға жетелейді. Демек, ойын – жай ғана ермек не уақыт өткізу амалы емес, балалардың дұрыс өсіп-дамуында ерекше рөл атқаратын тәрбие құралы.
Пайдаланылған әдебиет
1.Дүкенбаева.Г 2000ж
2.Бүлдіршіндерге арналған тілашар. Әдістемелік нұсқау.
3. Тілдерді оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану. Алматы 2010ж
4. Бала мен балабақша.– №№2,5,9,10. – 2013.
5.Отбасы және балабақша. – №№2,3,5. – 2011.
6. Отбасы және балабақша. – №№1,3,4. – 2012.