Алғы сөЗ Ұсынылып отырған «Нотариат» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы «Құқықтану»



бет33/61
Дата08.02.2022
өлшемі217,23 Kb.
#119695
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61
Байланысты:
нотариат

МҮЛІКТІ АЙЫРБАСТАУ ШАРТЫ


Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Екі мың сегізінші жылдың бесінші мамыры
Біз, 1980 жылдың 14 маусымында Павлодар қаласында туылған, Астана қаласы, 2 шағын ауданы, 3 үй, № 5 пәтерінің тұрғыны Омаров Асан Маратұлы, «бірінші тарап» деп аталатын және 1977 жылдың 10 шілдесінде Алматы қаласында туылған, Астана қаласы, 1 шағын ауданы, 1 үй, № 21 пәтерінің тұрғыны Оспанова Айгүл Болатқызы, «екінші тарап» деп аталатын, төмендегі мазмұндағы шарт жасастық:
1. Мен, Омаров Асан Маратұлы, маған жеке меншік ретінде тиесілі екі бөлмеден, дәлізден, санитарлық тораптан тұратын, жалпы көлемі 45,00 шаршы метр, соның ішінде тұрғын алаңы 31,00 шаршы метр, Астана қаласы, Абай даңғылы, 3 үйдегі № 23 пәтерді, Оспанова Айгүл Болатқызына жеке меншік ретінде тиесілі үш бөлмеден, дәлізден, санитарлық тораптан тұратын, жалпы көлемі 85,00 шаршы метр, соның ішінде тұрғын алаңы 55,00 шаршы метр, Астана қаласы, Абай даңғылы, 1 үйдегі № 53 пәтерге айырбас-таймын.
2. Айырбас нәтижесінде А.М. Омаровтың жеке меншігіне үш бөлмеден, дәлізден, санитарлық тораптан тұратын, жалпы көлемі 85,00 шаршы метр, соның ішінде тұрғын алаңы 55,00 шаршы метр, Астана қаласы, Абай даңғылы, 1 үйдегі № 53 пәтер (тараптар үш миллион теңгеге бағалаған) өтеді, ал А.Б. Оспанованың жеке меншігіне екі бөлмеден, дәлізден, санитарлық тораптан тұратын, жалпы көлемі 45,00 шаршы метр, соның ішінде тұрғын алаңы 31,00 шаршы метр, Астана қаласы, Абай даңғылы, 3 үйдегі № 23 пәтер (тараптар екі миллион теңгеге бағалаған) өтеді.
3. Айырбасталатын пәтерлер;
- А.М. Омаровқа 2005 жылдың 02 қаңтарында Астана қаласы-ның нотариусы А.Д. Иманбаева куәландырылған сатып алу-сату шарты жеке меншік құқығы, 2008 жылдың 05 мамырында
№ 21/014/30056 Астана қаласы Әділет департаменті берген анықтама негізінде тиесілі,
- А.Б. Оспановаға 2006 жылдың 08 маусымында Астана қаласының нотариусы Д.Т. Асанова куәландырылған сатып алу-сату шарты жеке меншік құқығы, 2008 жылдың 05 мамырында
№ 21/014/30059 Астана қаласының Әділет департаменті берген анықтама негізінде тиесілі.
4. Осы айырбастау шарты қосымша ақы төлеусіз жүргізілді.
5. Осы шарт жасалғанға дейін айырбасталатын пәтерлер ешкімге күні бұрын сатылмаған, кепілдемеге берілмеген, даулы және тыйым салынған (заң орындары құлыптаған) емес.
6. Осы шарттың ерекше жағдайлары қарастырылған жоқ.
7. Осы шартты жасау шығындарын тараптар тең үлеспен төлейді.
8. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 501, 502, 503, 504, 505-баптарының мазмұндары жөнінде нотариус тарапы-нан екі жаққа түсініктеме берілді.
9. Осы шарт үш данада басылып, бір данасы Астана қаласының нотариусы Б.Л. Мұқанованың іс құжатында сақталады, қалған екі дана көшірмесімен бірге тараптарға беріледі.
10. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 155-бабына сәйкес осы шарт жылжымайтын мүліктердің тұрған орны бойынша жылжымайтын мүлікті тіркеу органында тіркеуге жатады.


Қолдары: __________________________________________________________
__________________________________________________________
2008 жылдың 05 мамырында осы шартты мен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылдың 12 желтоқсанында берілген № 0001203 лицензия негізінде қызмет етуші, Астана қаласының нотариусы Мұқанова Б.Л., куәландырдым.
Осы шартқа тараптар менің көзімше қол қойды. Тараптардың жеке басы, олардың әрекетке қабілеттілігі және айырбасталатын пәтерлердің иелері Омаров Асан Маратұлы, Оспанова Айгүл Болатқызы екендігі тексерілді.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет