Алғы сөЗ Ұсынылып отырған «Нотариат» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы «Құқықтану»



бет1/61
Дата08.02.2022
өлшемі217,23 Kb.
#119695
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
нотариат
БИЛЕТЫ МЕНЕДЖМЕНТ ТИПО РУС, Менеджмент вопросы ВО КАЗ, Кәсіпкерлік- табыс көзі, ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА 6 Поиск информации в Интернет, 1 КУРС каз.яз 21-22уг. 2 семестр с 14 февраля, практика 2-JavaScript, 1 КУРС ДОТ 21-22уг. 2 семестр, 4 4дәрістер - Циклдер, Комп жүйелердің сәулеті, 2-дәріс (1) (1), Архитектура 1 прак, Д рістер кешені Д ріс №1 Д ріс та ырыбы, 16933018, Тізім практикалық жұмыс, Зертханалық жұмыс Веб



АЛҒЫ СӨЗ
Ұсынылып отырған «Нотариат» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы «Құқықтану» ІІ,ІІІ курс студенттеріне және оқытушыларына арналған.
Бұл оқу- әдістемелік құралында нотариат туралы заңдылықтарды , нотариустың құқықтық жағдайын,нотариустың қызметін бақылауды ,нотариалдық іс жүргізуді,нотариаттық іс әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды түлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оқу- әдістемелік құралы қолданыстағы заңдарды қолдану тәртібіне бағытталған.
Оқу-тәжірибелік құралы Қазақстан Республикасында нотариаттық органдар жұмысында жиі жасақталатын құжаттар: сенімхаттар, келісім шарттар, арыздар, куәліктер, өсиеттер және т.б. бүгінгі күні бірыңғай түрде (қазақ тілінде ортақ стандартпен) дайындауды қажет ететіндіктен, осы аталған және тағы басқа құжаттардың үлгілері ұсынылған оқу-тәжірибелік құралының мазмұнына енгізілді.
Бұл оқу- тәжірибелік оқу құралының дайындалуына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің аға оқытушысы, з.ғ.к. Шаймерденова Б.Ш пікір берді.
1997 жылы «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған соң еркiн, бюджеттен тыс нотариат органдары құрылып, елiмiзде нотариат ұйымдарын реформалау жүзеге асырыла бастады.
Дегенмен, негізгі мақсат – Қазақстанда мемлекеттік тілді дамыту, оны құқықтық салада заң ережелерін қолдану жұмысында тиесілі деңгейде пайдалануды қамтамасыз ету.
Бұл оқу-әдістемелік құралы бәсекеге қабілетті кадрларды дайындауға ролі мен маңызы- нотариалдық құжаттарды құрасытру және рәсімдеу әдіс тәсілдерін меңгеріп жүзеге асыруда бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаулауда қажетті құрал деген үмiт артырады.


Тақырыбы:Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары



  1. Нотариат түсінгі

  2. ҚР-ғы нотариат

  3. ҚР құқықтық жүйесіндегі нотариаттың алатын орны

  4. Нотариаттық қызметтің негізгі принциптері

Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл құқық пен фактілерді куәландыруға және заңмен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық әрекеттерді жасау жолымен жеке және заңды тұлғалардың заңдық мүдделері мен құқықтарын қорғаудың заңмен бекітілген жүйесі.


«Нотариат» термині латын сөзі «notarius», аударғанда жазу, хатшы деген мағананы береді. Біріншіден, нотариат даусыз құқықтар мен фактілерді куәландыру, құжаттарды, олардан алынған көшірмелерді куәландыру, құжаттарға атқарушылық күш беру және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығы мен заңдық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында басқа да нотариаттық әрекеттер жасау жүктелген органдар жүйесін көрсетеді.
Заңмен белгіленген жағдайлармен шектерде натариаттық іс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:

  1.  мемлекеттік натариат кеңселерінде жұмыс істейтін нотариустар (мемлекеттік нотатиустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар);

  2.  жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды адамдар;

  3.  Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар;

Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдарынан тұрады.
Нотариаттық қызмет-нотариустың және өзге де уәкілетті адамдардың осы Заңмен көзделген нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы.
Нотариустар мен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті басқа да адамдар натариаттық іс-әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нармативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен, осындай қызметті реттейтін халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің құпиясын сақтауға кепілдік береді.
Нотраиус ретінде қызметін тоқтатқан адамдар нотариаттық іс -әрекеттерінің құпиясын сақтауға міндетті.
Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотаріус берген құжаттардың көшірмелері немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жүргізілген заңды жеке тұлғаларға, не олардың уәкілетті адамдарына ғана беріледі.
Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен құжаттар өздері жүргізіп жатқан істер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының жазбаша талап етуі бойыеша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әділет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметін тексеруді жүзеге асыруға уәкілдік берілген нотаріат палаталарына бері леді.
Жасалған нотариаттық іс-әрекет туралы мәліметтерді қасақана жария еткен адамдар заңдарға сәйкес жауап береді.
Меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға қажетті мәліметтер мен құжаттарды нотаріус оларды талап еткен кезден бастап он күн мерзімнен кешіктірмей нотариусқа табыс етуге міндетті.
Өсиеттер туралы мәліметтер, өсиеттердің дубликаттары мен көшірмелері мүдделі адамдарға, егер заңдарға өзгеше белгіленсе, өсиет Беруні өлгеннен кейін ғана бері леді.
Осы Заңмен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті өзге де адамдар;
Нотариат жүйесіне тек қана мемлекеттік нотариалдық конторалар мен жекеше нотариустар ғана емес, сонымен қатар нотариаттық әрекеттер жасау өкілеттілігі бар атқару билік органдарының лауазымды тұлғалары кіреді;

  • Қазақстан Республикасының консулдық ұйымдарының лауазымды тұлғалары басқа мемлекеттердің аумағында нотариаттық әрекеттер жасай алады;

  • жекелеген нотариаттық әрекеттер жасау құқығы дәрігерлік бөлімнің бас дәрігері мен оның орынбасарына, аурухананың кезекші дәрігеріне,

  • сонымен қатар қарттар мен мүгедектер үйінің директорлары мен бас дәрігерлеріне,

  • әскери бөлімдердің, мекемелері мен әскери-оқу орындарының командирлеріне де берілген.

  • Егер тұрғылықты жерде нотариус болмаса, онда нотариаттық әрекетті атқару билік органдарының лауазымды тұлғалары жасай алады. Өзінің сипаты мен атқаратын функциясына байланысты нотариат мемелекеттік басқару органдарының қатарына жатады. Өйткені нотариаттық әрекеттер жасау тек белгілі бір билік өкілеттілігі бар органға жүктелген.

Нотариаттық қызметті реттейтін және бақылайтын мемлекеттің өкілетті органы Қазақстан Республикасының әділет Министрлігі болып табылады.
Екіншіден, бұл заң нормаларымен нотариаттық қызметті реттейтін заң саласы. Ең алдымен біздің елде нотариат қызметі нотариат туралы Негізгі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.
Нотариат реформасы мен нотариат туралы заңның мәні бойынша қазіргі экономикалық кеңістікте екі нотариус жұмыс істейді: бірі мемлекеттік конторада, екіншісі жеке конторада. Олардың арасындағы айырмашылық, біріншісі нотариаттық әрекет жасаудан алған төлемді толығымен мемлекетке береді де одан кепілденген еңбек ақысын алады. Ал екіншісі жеке тәжірибемен айналысып, төлемдерді өзінде қалтырады. Тек заңмен қарастырылған салықтар мен өзге де төлемдерді төлейді. Бүгінгі күні нотариат – мемлекет функцияларының бірін орындайтын және белгілі бір шығынсыз әрекет ететін жалғыз көпшілік-құқықтық институт.
Нотариаттың алдында тұрған басты мақсат ол азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқығы мен мүддесін қорғауды қамтамасыз ету. Мұндай міндет нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңынан туындайды. Ал осы мақсаттардың орындауын қамтамасыз ету үшін нотариаттық палата мен нотариустар заң талаптарын қатал орындауы керек, сонымен қатар біздің нотариат негізделген принциптердің орындалуын қамтамасыз етуі керек.
Нотариаттың келесі міндеттерінің бірі превентивтік әділ сот. Заңдық бекітілген даусыз құқықтар сотқа жүгінуден қорғайды және жақтардың құқықтары мен қаражаттарын үнемедеумен қатар мемлекеттің сот жүйесіне кетіретін шығындарын да азайтады. Мысал ретінде туыстық қатынастардың болу фактісін бекіту арқылы нотариустардың соттардың үлесіндегі салмақты азайту мүмкіндігін жатқызуға болады. Бұл сұрақ мұрагерлік құқықты ресімдеу кезінде жиі туындайды және мұрагерлік құқықты ресімдеу кезінде мұрагерлердің мұраға қалдырушымен туыстық қатынастарын дәлелдейтін құжаттардың болмау жағдайымен жиі қатар жүреді. Қазір бұндай жағдайда нотариус жақтарды сотқа жіберуге міндетті, ал сот нотариус жасаған сұраныстарды қайталайды да соңында туыстық қатынастарды дәлелдей алатын куәларды шақырады.
Нотариаттың құқықтық табиғатын анықтайтын белгілердің қатарына юрисдикциялық және құқық қорғау функциясын жатқызуға болады. Нотариус бұл жүйедегі басты әрекеттегі тұлға ретінде, тұтынушының даусыз құқығы мен заңдық фактілерін растап қана қоймай, сонымен қатар нотариус азаматтрадың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқығы мен мүддесінің бұзылуына жол бермеуі керек. Нотариус куәландырған келісімдер мен басқа да заңдық фактілердің айғақтығы нотариаттың әрекеттерді жүргізу прцедурасының қатаң реттелген ережесімен қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет