Білімділігі: Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру және дамыту ұйымшылдықпен тәртіптіліктің тиімді жолдарын үйрету, жауапкершілікті арттыру; ә) Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау. б) Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. Тәрбиелігі: Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Дамытушылығы: Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Оқушылармен амандасу; түгендеу; Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу Сәлеметсіңдер ме балалар? Көңіл- күйлерің қалай? сабаққа дайынбыз ба ? Шаттық шеңбері -Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді) Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді) Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды) Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді) Мұғалім: -Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғып қояйық. -Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мейірімділік-асыл қасиет», Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз. «Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер? – Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен. – Адамзат ненің,кімнің мейіріміне бөленген? – Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші: «Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар? Балалардың жауаптары тыңдалады.
Видеоролик
Негізгі бөлім
Жаңа тақырыпты меңгеру
20 мин
«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру жақсы адамақкөңіл жаны тазабірлікжарастық махаббатшыдамды Мейірімділік шуағы рақымшыл ынтымақбауырмалдық.