Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әдептілік – адамдықтың белгісі»



Дата05.05.2020
өлшемі15,45 Kb.
#66042
Байланысты:
«Әдептілік – адамдықтың белгісі»


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әдептілік – адамдықтың белгісі»

Мақсаты:
1.Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу;
2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
3.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, пікір алысу, әдептілікке байланысты түрлі суреттер.

Тәрбие сағатының барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі

-Оқушылармен амандасу;

-Тәрбие сағатымен таныстыру;

II. Әдептілік жайлы түсінік.

ІІІ.Әдептілікке, адамгершілік – сыпайылыққа байланысты мақал –мәтелдер.

IV. Ойын «Күн шуағы».

V. Ойланайық пікірлесейік.

VІ. Шығармашылық тапсырма.

VII. Қорытынды.

II. Әдептілік жайлы түсінік

Әдептілік — адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Әдептілік қағидалары — мінез-құлык нормасы болып табылады. Ал, мінез-құлық - адам бойына сүтпен кіріп, сүйекпен шығатын қасиет. Олай болса, адамды әдептілікке жастайынан баулу керек.

Әуелі адам әдептіліктің не екенін жақсы біліп, ол жайында жеткілікті түсінікке ие болуы қажет. Адам әдептілік туралы дүрыс түсінік пен білімге канық болғанда ғана оның нормаларына бой үсынудың қажеттілігіне көз жеткізеді.



«Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, - деп жазды В. А. Сухомлинский,

Әдептілік ережелері
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
Инабаттылық - әдептіліктің әсем көрінісі.
Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Имандылық қасиеттер:
Қарапайымдылық,Сыпайылық, Мейірімділік, Кішіпейілділік, Ізеттілік, Адалдық.

ІІІ.Әдептілікке, адамгершілік – сыпайылыққа байланысты мақал –мәтелдер

Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала.
Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.
Тәрбиелі адам — тағалы атпен тең.

Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,
Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.
Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.
Адам әдебімен көрікті.
Әдеп басы – тіл.
Әдепті дегенше, әдемі десейші.
Әйел — әдептің әліппесі.
Тәрбие басы — тал бесік.
IV. Ойын «Күн шуағы»

Балалар әдептілікке байланысты сөздерді күн сәулесіне жазады.

V. Ойланайық пікірлесейік
Ұлдарға сұрақ:

1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? (ең біріншіден мінезі, әдептілігі, әрине сыртқы келбеті).
2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? (Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі хош иісті болып өседі. Қыз балада, солай кішкентай кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие қалай болса, өскенде солай қалыптасады).
3. Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, өтірік айтқаны).
4. Қыздарға арнап мақал айт.(Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, қыздың көркі шаш. Қызға қырық үйден тыю. Анаға қарап қыз өсер).
5. Өзіңе қыздардың қандай қасиеті ұнайды?(қылықты, әдепті болса, сыпайы, биязы болса).
Қыздарға сұрақ:
1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні сыйламайтындығы).
2. Ұлдарға арнап мақал айт.
(Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстіне от жанар.
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар
Жақсы бала әкесін басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді, жақсы бала - сүйік, жаман бала - күйік).
3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл, адамгершілігі мол).
4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің? (Отан үшін отқа түс күймейсің дегендей, ұл бала еліне Отанына қызмет етуі тиіс. Ол үшін тәртіпті, саналы, адамгершілігі мол болуы керек деп ойлаймын).
5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені атар едің? ( Ата - анасын сыйлау, өз елін қорғау).

VІ. Шығармашылық тапсырма

Тақтаға әдептілікке байланысты суреттер ілінеді, сол суреттерге қарап оқушылар шағын эссе жазады.



VII. Қорытынды. Рефлексия

Бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлерінізді және әдептілік сөздерін «Әдептілік ағашына» апарып жабыстырамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет