Сабақтың мақсаты: Сілтеменің қай қолданылатынын түсіндіру. Білімділігі: Оқушыларға сілтеме құрып, мазмұндарды баптап үйрету



бет1/4
Дата17.06.2018
өлшемі0,68 Mb.
#42753
түріСабақ
  1   2   3   4
Сабақтың тақырыбы: Құжатта сілтемелерді ұйымдастыру. Атау. Иллюстрация тізімі. Қиылыс сілтемелер. Мазмұнды баптау.

Сабақтың мақсаты: Сілтеменің қай қолданылатынын түсіндіру.

Білімділігі: Оқушыларға сілтеме құрып, мазмұндарды баптап үйрету

Тәрбиелігі:Оқушыларды жинақылыққа, уақытты тиімді пайдалануға үйрету

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы

Сабақтың өту әдісі: сөйлесу, сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: экран, проектор, слайдтар, компьютер, топтама, тест тапсырма

Пайдаланған әдебиеті: Б.Қ. Сапаргалиева, Н. Е. Масалимова, Г. А. Тезекбаева қоғамдық-гуманитарлық бағыты . Информатика 10 баспасы: Астана. «Арман - ПВ»

2014 ж


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсаты мен маңызын айқындау.

ІІІ. Үйге тапсырма тексеру.

Үйге берілген тәжірибелік жұмысқа тоқталып, қосымша ауызша сұрақтар қою.

Сілтемелер, мысалы, есеп беру кезінде, кітап, журналдарға мақала, дипломдық, курстық жұмыстар жазғанда әдебиеттер тізімін енгізу үшін қажет.

Сілтеме құру үшін Сілтемелер мәзіріне өтіп, Сілтемелер және Әдебиеттер тізімі батырмаларын пайдалануға болады.



Жаңа сілтеме құру үшін мына әрекеттерді орындаймыз: Сілтеме кірістіру → Жаңа мәлімет енгізу бұйрығын таңдаймыз. Сілтеме құру диалогтік терезесі пайда болады.

  • Деректеме құру терезесінде деректеме түрі өрісін таңдаймыз. Ол: кітап, кітаптың бөлімі, журнал мақаласы, есеп беру,лер, конференция мақаласы болуы мүмкін.

  • Әдебиеттер тізімі өрісін толтырыңңдар: атауы, авторы, жылы және шығарылған қаласы, баспасын жазамыз. Сілтеменің түрін таңдауға байланысты бұл өрістер өзгеріп кетуі мүмкін екеніне назар аударыңдар. Сонымен қатар әдебиеттер тізімінің қандай стилі таңдалғанына да мән беру керек.

Атау

Сілтеме атауы топтамасында: Сілтемеге атау беру , Иллюстрация тізімі, Кестені жаңалау, Қабаттасқан сілтеме қосымшалары орналасқан. Соның ішінде Атау енгізу қосымшасы арқылы суреттер мен нысандарға атау енгіземіз. Атау енгізу батырмасын шертеміз. Атау нысанды сипаттайды және сол нысанның астыңғы қатарына жазылады.

Иллюстрация тізімі: құжаттағы кестелер үйлесімділігін орнату.

Қиылыс сілтемелер

Элементке сілтеме беру (суреттер мен кестелер т.б.). Егер нысандардың орны ауысса, сілтемелер автоматты түрде жаңарып отырады және гиперсілтеме ретінде бейнеленеді.



Мазмұнды баптау

Егер жұмыс жасап отырған құжатымыздың ауқымы үлкен болса, мысалы, кітап басып шығару керек болса, онда міндетті түрде мазмұнын жазамыз. Мазмұнды құру барысында Тақырыпша (Заголовка) стилін таңдаймыз, мысалы, 1-тақырыпша, 2-тақырыпша, 3-тақырыпша. Мазмұндарды құрастыру бірнеше кезеңнен тұрады:



  1. Word берілген стильдері бойынша тақырыптарды табады;

  2. Тақырыптар деңгейі бойынша сұрапталады;

  3. Әрбір тақырып тиісті беттер нөмірімен жабдықталады.

Мазмұндар топтамасы: Мазмұн, Мәтін кірістіру, Кестені жаңарту батырмаларынан тұрады.

Жаңа сабақты бекіту

Тәжірибелік тапсырманы компьютерде орындау арқылы білімдерін бекітеміз



Үйге тапсырма

Құжатта сілтемелерді ұйымдастыру. Атау. Иллюстрация тізімі. Қиылыс сілтемелер. Мазмұнды баптау



Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.



Бағалау

Күні: _______________

Сыныбы:____________

Сабақтың тақырыбы: Рецензиялау, емле ережесі, ескерту, құжатты қорғау

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Мәтіндік редакторда рецензиялау, емле ережесі, ескерту, құжатты қорғау ережесін меңгеру

ә) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

б) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, топтамалар, тапсырмалар, т.б.

Сабақтың өту барысы:


  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

  • Мәтіндік редакторда бетті нөмірлеу жолын көрсетіңіз.

  • Мәтіндік редактор дегеніміз не?

  • Мәтіндік редактордағы колонтитул дегеніміз не?

Жаңа сабақ.

Сөздермен әрекеттер жасау үшін рецензиялау мәзірін шертеміз. Рецензиялау мәзірінің топтамасына кіретін қосымшалар мыналар: емлесін тексеру, тілдермен жұмыс, ескерту, жазуларды өзгерту, өзгертулер, салыстыру, құжатты қорғау батырмалары. Осы батырмалар арқылы сөздер мен әрекеттерді жүзеге асырамыз. Word бағдарламасы қатені тексерудің және түзетудің 3 нұсқасын ұсынады. (ағылшын, орыс тілі т.б. )



  • Автоматты түрде тексеру;

  • Қолмен тексеру;

  • Автоауыстыру;

Автоматты түрде тексеру: Word бағдарламасы мәтіндегі орфографиялық және грамматикалық қатені, мәтінді теріп отырған кезден-ақ автоматты түрде тексереді.

Дұрыс жазуды қолмен тексеру: дұрыс жазылуды қолмен тексеру үшін Дұрыс жазу диалогтік терезесі пайдаланылады. Ол үшін рецензиялау мәзірінен Дұрыс жазу тобының – дұрыс жазу батырмасын шертеміз.

Автоауыстыру: мәтін теру кезінде туындайтын қателерді түзету үшін Автоауыстыру бұйрығы жұмыс жасайды.

Рецензиялау мәзірінде Ескерту енгізу тобы орналасқан. Бұл топтамада:



  • Ескерту енгізу;

  • Ескертуді жою;

  • Келесі ескерту;

  • Алдыңғы ескерту батырмалары орналасқан.

Құжатты құпия сөзбен қорғау мүмкіндігін өшіру:

  • Құжатты ашу үшін құпия сөзді пайдаланамыз;

  • Файл батырмасын шертіп – Дайындау – құжатты шифрлау батырмасын шертеміз.

  • Құжатты шифрлау диалогтік терезесінде Құпия сөз жолындағы құпия сөзді өшіреміз.

Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.



Үйге тапсырма: Рецензиялау, емле ережесі, ескерту, құжатты қорғау оқып келу.

Бағалау.

Пәні:Информатика

Сыныбы:10 «б»

Күні:


Сабақтың  тақырыбы:Құжатқа графиктік объектілер және диаграммаларды, математикалық формулаларды кірістіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Диаграмма құру үшін ең алдымен мәлімет керек екенін түсіндіру қажет.Кесте туралы мәлімет беру,диаграмма құру үшін мәліметті кестеге енгізу керектігін түсіндіру және диаграмманың түрлерін қарастыру.

Тәрбиелілік:Оқушылардың жан-жақты ойлау өрісін дамыту.

Сабақтың әдістері:түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік қолдану,тәжірибелік әдіс.

Сабақтың көрнекілігі:компьютер,экран,проектор.

Сабақтың типі:Тәжірибелік  элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру

Диаграмма құру үшін бізге ең алдымен сандық және мәтіндік ақпарат керек.

Кесте-жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылады,мысалы:5 баған,5 жол болуы мүмкін.

Жол-қатар орналасқан ұяшықтардың көлденең бірлестігі.

Баған-қатар орналасқан ұяшықтардың тік бірлестігі.

Баған мен жол қиылысып,ұяшық түзеді.

Ұяшық-дерек сақталатын орын.

Құжатта диаграмма құру үшін біз кестемен жұмыс жасаймыз.Диаграмма-Microsoft Excel және Microsoft Word  программаларының графикалық мүмкіндігі.Мәліметтерді  кестеге енгізіп,диаграмма құрамыз,яғни,диаграмма-деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған.Диаграммалардың түрлері:

·         Бағандық

·         Сызықтық

·         Дөңгелек

·         Нүктелік

·         Сақиналық

·         Көпіршіген

·         Жапырақшылық

·         Цилиндрлік

·         Конустық

·         Пирамидалық

·         Биржалық

Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалық екі осі болады:горизонталь(категориялық)

және вертикаль осі (мәндер осі).Көлемді диаграммалар құрғанда үшінші ось-қатарлар қосылады.

IV Жаңа білімді бекіту

Диаграмманы тәжірибе түрінде орындау арқылы білімдерін бекітеміз.

V Қорытынды кезең

VІ Бағалау

VІІ Үйге тапсырма §17 оқу



Сыныбы: 10 сынып күні________ ___________

Тақырыбы: Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы

Сабақтың мақсаты:

а)аппараттық және программалқы қамтамасыз етуді, программалық жүйелермен таныстыру.

Б) логикалық ойлау қабілетін дамыту

В) пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу

Сабақ көрнекілігі: мәтіналғы (сканер), принтер, web-камера, модем, тұсаукесерлайд шоу

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ типі: Тәжірибелік элементтері бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастырып, түгендеу

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру

III. Жаңа сабаққа кіріспе кезеңі

Аппараттық қамтамасыз етудің дамуы

Аппараттық қамтамасыз ету перифериялық құралдарға қажетті компьютердің электрондық толтырылымын құрайды. Процессор, электрондық платалар, монитор, пернетақта-бұлардың барлығы аппараттық қамтамасыз етуге жатады. Компьютердің заманауи аппараттық қамтамасыз етілуі көлемінің барынша кішіреюіне және өнімділігінің үлкеюіне әкеледі. Мысалы, қазіргі ұялы телефондарда компьютердің процессорлары орнатылған.



Программалық қамтамасыз етудің дамуы

Компьютердің ұзақ мерзімді жадында сақталған барлық программалар жиынтығы оның программалық қамтамасыз етуін құрайды. Программалық қамтамасыз ету жанжақты даму үстінде.

Сонымен қатар бекітілген бойынша жіктеуге қиындық тудыратын дәстүрлі емес программалар пайда болды. Жүйелі программалық қамтамасыз ету дегеніміз-компьютер желілері мен компьютер жұмысын қамтамасыз ететін программалар жиынтығы.

Базалық программалық қамтамасыз етудің кеңейтілуіне қосымша орнатылған программалар жатады, оларды функционалдық белгілері бойынша төмендегідей топтауға болады:

1. Компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігін анықтайтын программалар

2. Компьютерді вирустардан қорғайтын вирусқа қарсы программалар

3.Дискілерге арналған программалар

4. Мұрағаттарды қамтамасыз ететін программалар

5. Желілірдің қызметіне арналған программалар

6.Қолданбалы программалар



Программалық жүйелер дегеніміз-программалық өнімдерді дайындау және енгізу технологиясын қамтамасыз ететін программалар жиынтығы. Программалық жүйелерге трансляторлар, программа дайындайтын орта, анықтамалық программалар кітапханасы, байланыс редакторлары ж.т.б жатады.

Жүйелік программалық жасақтама-дербес компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жасақтама.

Амалдық жүйе-құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтығы.

Қызметші(сервистік) программалар-әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

IV. Бекіту кезеңі

1.Жүйелі программалық қамтамасыз ету дегеніміз не?

2.Программалық жүйе дегеніміз не?

3. Программалық жасақтама қандай деңгейден тұрады?

4.Программалық қамтамасыз етудің жіктелуін ата

V. Қорытынды кезең

1. Бүгін сабақта не білдік?

2. Не үйрендік?

VI.Бағалау кезеңі

Сабақта тапсырманы орындағанына, меңгерген деңгейіне байланысты бағалаймыз.

VII. Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу.

Тақырып бойынша 4 сұрақ ойластырып келу



Сыныбы: 10 сынып күні________ ___________

Тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату

Сабақтың мақсаты:

а)компьютердің қосымша құрылғыларын орнату мен баптау туралы түсінік беру

Б) логикалық ойлау қабілетін дамыту

В) пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу

Сабақ көрнекілігі: желіге қосылған компьютер, мәтіналғы, принтер, web камера, модем, тұсаукесер, оқулық.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ типі: Тәжірибелік элеменрті бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастырып, түгендеу

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру

III. Жаңа сабаққа кіріспе кезеңі

Қосымша құрылғылар –компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар. Оларды жүйелік блоктың сыртына да, ішіне де қосуға болады.

Компьютердің қосымша құрылғыларына дыбыс колонкалары, микрофон, принтер, мәтіналғы, модем және т.б жатады.



Принтер – мәтіндік және графиктік ақпаратты қағазға шығару құрылғысы.

Сканер – компьютерге мәтіндік және графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы.

Модем – телефон желілері бойымен ақпарат тарату құрылғысы.

Баған (колонка) – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы .

(DVD) CD-ROM – лазерлік дискілерді көруге арналған құрылғы.

Тышқан – компьютермен жұмыс істеуге арналған ыңғайлы құрылғы .

Принтерлерді баптау және орнату

Принтерді баптау Windows 7 операциялық жүйесінде орнату үшін көрсетілген. Бірақ егер компьютерде басқа операциялық жүйе орнатылған болса да орнату жұмыстарының бір-бірінен айырмашылығы шамалы.

Ең алдымен принтерді тоққа қосуымыз керек. Содан кейін арнайы шнур арқылы компьютер мен принтерді байланыстырып жалғаймыз.Ол шнур принтер қорабының ішінде міндетті түрде болады. Компьютер қосатын тетікті көлеміне қарай тауып алыңдар. Бірақ соңғы шығып жүрген принтерлердің шнуры кәдімгі біз қолданып жүрген флешканың формасындай болады.

Осылардың барлығы дайын болған соң, орнатуға кірісеміз. Компьютердің кез келген қосымша құрылғыларының баптаулары Басқару панелі деген жерде сақталады. Экранның сол жақ төменгі бөлігінде Пуск батырмасы арқылы сол жерге өтеміз де,Қондырғылар және принтерлер деген бөлімге кіреміз.

Одан кейін Принтерлерді орнату деген батырманы басу керек. Содан соң шыққан терезеден принтерлерді орнату типін таңдаймыз.

Егер сол компьютерге ғана орнату керек болса, Локалді принтерді қосу, ал егер жергілікті принтер болса, Жергілікті принтер қосу деген батырманы таңдау керек. Сонымен Локалді принтерді қосу батырмасын таңдаймыз.

Одан кейін принтердің портын таңдап Әрі қарай батырмасын шертеміз де, дискіден принтердің өз маркасын арналған драйверін орнатамыз.

Мәтіналғыны орнату.

Жоғарыда айтып өткендей драйвер туралы мәселені шешіп болып, шнур арқылы мәтіналғыны компьютерге жалғаған соң, Windows автоматты түрде құрылғыны орнатады.

Мәтіналғы ескі болса, орнатуды өз қолдарыңмен іске асыруға тура келеді. Пуск арқылы басқару панелі деген мәзірге барып, терезенің сол жақ жоғарғы бөлігіндегі Қосымша құрылғы атты батырманы басып, Windows –тың айтқан барлық қадамдарын орындап шығасыңдар.

IV. Бекіту кезеңі

Тапсырма:

1.Компьютерлеріңе принтерді локалді түрде орнатыңдар

2. Принтерді желілік түрге келтіріп баптаңдар.

3. Мәтіналғыны, web камера құрылғыларын орнатыңдар

V. Қорытынды кезең

1. Бүгін сабақта не білдік?

2. Не үйрендік?

VI.Бағалау кезеңі

Сабақта тапсырманы орындағанына, меңгерген деңгейіне байланысты бағалаймыз.

VII. Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу.

Тақырып бойынша 4 сұрақ ойластырып келу.

ІІ тарау бойынша тест сұрақтарының кілті

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

11



А

Д

В



А

А

В



В

С

В



Д

А


10 сынып

19.10.2015ж

Пән мұғалімі: Құлқараева Ж


Оқу ісінің меңгерушісі

_______Е. Л. Дайнашов




Сабақ тақырыбы:

Мәтінді танып алу технологиясы, мәтіндерді танып алу программасы

Жалпы мақсат пен міндеттері

Мәтіндік тану жүйелері мен мәтінді сканерлеу және олардың түрлерімен таныстыру.          

Оқушылардың ойлау қабілеті мен пәнге деген қызығушылығын арттыру.Іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.




Сілтеме

10 сынып оқулығы

Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер:

АКТ – ны пайдалану

Құрал-жабдықтар:

проектор, мультимедиапрезентация (көзге арналған сергіту жаттығулары), ДК, дәптер, оқулық,

Ұйымдастыру

Өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды:

ABBYY Fine Reader программасының қызметі қандай?

Сәйкестендіріп тану үшін қандай программаларды білу керек?

ABBYY Fine Reader программа терезесінің құрылымын атаңдар?




Оқушылар сұрақтарға жауап береді:


Дәптерге сабақ тақырыбын жазады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен міндеттері анықталады

            Ғылыми зерттеулер мен практикалық жұмыстар бағыттарының бірі құжаттарды тану (түсіну) технологиясы болып табылады. Құжаттарды тану мақсат-міндеттері әрқилы және әр текті, өйткені құжаттардың өзі әр қилы және әр текті. Олардың шешуі сканер, видеокамера немесе басқа да сканерлейтін құрылғыдан алынған құжат бейнесінің талдауы негізінде құрылады. Құжат танудың жалпы мақсаты – ақпарат көрсетімі пішінін графикалықтан адам және программамен қабылданатын түріне өзгерту. Сканердің көмегімен мәтіннің бейнесін графикалық файл ретінде қабылдап алсақ жеткілікті. Әлпетте, мұндай мәтінмен жұмыс жасау мүмкін емес, кез келген сканерленген бейне сияқты, мәтіні бар бет графикалық файл – жай ғана бейне болып ұсынылады. Мәтінді оқуға және баспаға шығаруға болады, алайда өңдеуге және форматтауға болмайды. Құжатты мәтіндік файл түрінде алу үшін, мәтінді тану жұмысыны жүргізу қажет, яғни, бейненің графикалық элементтерін мәтіндік символдардың тізбегіне айналдыру қажет.     Графикалық бейнелерді мәтінге айналдыру үшін арнайы мәтінді тану программалары бар (Optical Character Recognition - OCR). Мәтінді тану бұл мақсаттың ең маыңызды процестерінің бірі болып табылады және мәтіннің графикалық бейнесінің символдық пішінге (мыалы, ASCII-код) өзгеруін белгілейді.  Қазіргі заманғы  OCR көп әрекет жасай білуі керек: тек ғана терілген мәтінді танымай, сонымен қатар, қолдан жазылған жазбаларды да тану білуі керек. Құрамында бірнеше тілде жазылған мәтінді дұрыс тани білу, кестелерді дұрыс тану да жатады. Және де ең бастысы – тек ғана терілген мәтінді ғана емес, шынайылықтан алыс жатқан мәтінді тани білуі керек. Мысалы, сарғайып қалған  газеттегі кеспелерді немесе үшінші машинажазбалардың көшірмесін тану сияқтылар. Сонымен қатар, алынған нәтижені ұтымды мәтіндік редаторда(ms word) да сақтау да аса маңызды болған жөн. Яғни, терілген мәтіннің электронды, өңдеуге дайын нұсқасын алу үшін, OCR  программасында жеке амалдардан тұратын тізбекті орындау керек.

Алдымен, беттегі мәтіннің орналасу құрылымын анықтау қажет: бағандарды, кестелерді, бейнелерді  ерекшелеу. Ары қарай ерекшеленген фрагменттерді мәтінге айналдыру қажет.  

Ең көп таралған оптикалық тану жүйелері ішінде мысалы, ABBYY FineReader и CuneiForm от Cognitive. 

            CuneiForm  құжаттарды тану жүйесі мәтіндік процессорлармен, электрондық кестелермен, деректер базаларын басқару жүйелерімен қабылданатын мәтіндегі, яғни редакцияланатын мәтіндегі құжаттың графикалық бейнеленуінің өзгеруін іске асырады. CuneiForm аралас мәтіндермен жұмыс істейді және мәтінді графиктерді пішімді бір құжатта сақтайды.

CuneiForm-мен жұмыс процесі мынадай кезеңдерге бөлінеді: сканерлеу, бейнені жазу, мәтінде тану, мәтінді қарау, мәтінді жазу.

Салық декларацияларын толтыруда, халықты тіркеуді жүргізуде, т.б. түрлі өрістері бар бланктер қолданылады. Қолжазбалалы мәтіндер осы оптикалық тану жүйелері арқылы танылып,  компьютер базасына енгізіледі.

Apple  фирмасымен 1990 жылы шығарылған алғаш қалта компьютерлерімен қатар, қолжазбаларды тану жүйелері құрыла бастады. Мұндай жүйелер қалта компьютерлері экранына арнайы қаламмен жазылған мәтінді мәтіндік компьютерлік құжатқа айналдырады.

Мәтінді тану программаларын сканерді сатып алу кезінде немесе бөлек сатып алуға болады.

Ең танымал программасы ABBYY компаниясымен ұсынылған  FineReader программасы.  FineReader – кез келген шрифтта терілген мәтінді тани алады. Прогрмма 176 тілдегі мәтінді дұрыс аудара алады. FineReader программасының барлық нұсқаларының интерфейстері қарапайым, қолдануға түсінікті. Тану процесін бастау үшін, құрал –саймандар тақтасынан,  Scan & Read батырмасына басу жеткілікті. Қалған амалдарды программа өзі автоматты түрде аяқтайды.  Қолданушыға тек сканерлеудің параметрлерін ғана таңдау қалады. FineReader  сканермен TWAIN-интерфейсі арқылы жұмыс істейді. Бұл бірегей халықаралық стандарт 1992 жылы компьютерге бейнені кірістіру үшін құрылғылармен байланыстыруды унификациялау мақсатында енгізілген.

Тану сапасы  көбінесе сканерлеу кезінде бейне қаншалықты жақсы алынғанына байланысты болады. Бейне сапасы сканерлеудің негізгі параметрлері арқылы орнатылады: бейне типі, кеңейтілімі және жарықтығы. Сүр түсті  сканерлеу тану жүйесі үшін оптималды режим болып табылады. Бұл режимде жарықтық автоматты түрге алынады. Егер сіз бейнедегі түрлі түсті элементтер электронды құжатқа сол күйінде берілсін десеңіз, онда сканерелеудің түсті типіне қою керек.  Оптималды кеңейтілімі ретінде жай мәтін үшін 300 dpi және ұсақ шрифтісі бар мәтін үшін -  400-600 dpi кеңейтілімдер алынады.

Тану процесі аяқталған соң, FineReader программасы қолданушыға келесі нұсқаларды ұсынады:арық қарай сканерлеу және тану(көпбетті құжат үшін),немесе алынған нәтижесі белгілі бір мәтіндік форматтарда сақтау үшін, мысалы Microsoft Office-тан  HTML-ге немесе PDF-ке. Немесе Word или Excel программасына өтіп, сол жерде өңдеу жұмыстарын жүргізу.

Құжаттарды сканерлеу құрылғысы

Құжаттарды сканерлеу құрылғысы  — шығуында құжаттың бір немесе бірнеше бетіндегі мәліметтерге сәйкес электрлік сигналдар пайда болатын құрылғы. Біршама кең тараған құрылғыда фотоэлемент немесе фотоэлементтер сызғылды жарықталған бетті әдістеме бойынша қарап шығады. Уақыттың әрбір сөтінде фотоэлемент кескін элементі деп аталатын беттің тым кіші бөлігінің жарықтығын тіркейді. Екілік формаға айналдыру үшін алынған сигналдарды, әдетте, өңдеу қолданылады. Одан кейін таңбаларды оптикалық танып білу, арнаның өткізу қабілеттілігін немесе сақтауыш құрылғының сыйымдылығын үнемді пайдалану мақсатымен қысу әдістері немесе кескіннің сапасын жақсартатын арнайы өңдеу әдісі қолданылуы мүмкін.

Барабанды сканерлер, жоғары класты планшеттік сканерлер немесе пленкалар/ диапозитивтер өңдейтін сканерлер;

Пленкалар / диапозитивтерді өңдейтін сканерлер;

Аралық класты планшеттік сканерлер;

Қарапайым модельдегі планшеттік сканерлер.


Сабақты бекіту сұрақтары

Құжаттарды танудың мақсаттары мен міндеттері?

Тану кезінде құжаттың қандай құрамы ескеріледі?

Құжатты танудың қандай жүйесін білесіңдер?

CuneiForm жұмысының процесі неден тұрады?

Сканерлеу процесі немен анықталады?

Сканерлер қалай жіктеледі?    


Оқушы әрекеті

Сұрақтарға жауап береді



Мәтінді танып алу технологиясы, мәтіндерді танып алу программасы Үй тапсырмасы

тақырыбын оқу. Өз бетінше ғаламтордан қосымша мәлімет іздеу




Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Сұрақтары болса сұрайды.

Каталог: uploads -> doc -> 1106
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1106 -> Әрбір бала -бір жұлдыз жарқырауына


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет