ҚР-ғы нотариат: Жоғарғы заң білімі және әдетт заң мамандығы жөнінен кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, мемлекеттік немесе жеке натариус сынағынан өткен, Әділет білктілік алқасында біліктілік емтиханын тапсырып, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия бола алады.
Жекеше және мемлекеттк нотариустардың нотариаттық қызметті жүзеге асырған кездегі асырған кездегі құқықтары, міндеттері тең болады. Олар ресімделген құжаттардың бірдей заң күші болады.
Осы баптың 1-тармағында көзделген лицензиясы жоқ адамдардың (осы Заңның 1-бабындағы 2-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда) натариаттық іс-әрекеттер жасауы не нотаріат туралы заңдарының өзге де талаптардын бұзып жасауы және сол іс-әрекеттерден табыс табуы заңдарға сәйкес жауапты болуға әкеп соғады.
Нотариустың көмекшілері мен сынақтан өтушілері болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекші бола алады.
Нотариустың көмекшісі жеке практикамен айналысатын нотариусқа еңбек шартының негізінде жұмыс істей алады немесе мемлекеттік нотаріат кеңсесінің құрамында бола алады.
Нотариустың көмекшісі нотариустың тапсырмаларын нотариустың нұсқауымен және жауапкершілігімен орындауға құқылы.
Қазақстан Республикасының жоғарғы заң біліі бар азаматтары нотариустың сынақтан өтушілері бола алады. Сынақтан өтушілер жеке практикамен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік нотариустыардың сынақтан өту туралы шарт негізінде сынақтан өтеді.
Нотариустардың сынақтан өтушілердің сынақтан өтудің тәртібі, мерзімі мен шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Нотариустардың сынақтан өтушілері тулалы ережемен белгіленеді.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына Әділет біліктілік алқасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген лицензия (нотаріус лицензиясы) нотариусқа нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік береді.
Нотариус лицензиясын алуға қажетті құжаттардың тізбесін Әділет біліктілік алқасы, ал лицензияның берілу мерзімі мен тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.
Нотариус лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін, бастр лицензия болып табылады және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Нотариус лицензиясын беру үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі салық заңдарында белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жекеше нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізілімін жүргізеді және ведомствалық баспасөз органында нотариаттық қызмет пен айналысуға лицензия берілген адамдар туралы мәліметтер жариялайды, онда:
нотариустың тегі, аты әкесінің аты;
лицензия берілген күн мен оның нөмірі көрсетіледі.
Нотаріус лицензиясын алған, бірақ нотариаттық іс-әрекеттер жасауға үш жыл бойы кіріспеген адамның нотариаттық қызметпен айналысуға біліктілік емтиханын қайталап тапсырғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.