Алғы сөЗ Ұсынылып отырған «Нотариат» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы «Құқықтану»


Нотариаттық қызметтің негізгі принциптері



бет3/61
Дата08.02.2022
өлшемі217,23 Kb.
#119695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
нотариат
БИЛЕТЫ МЕНЕДЖМЕНТ ТИПО РУС, Менеджмент вопросы ВО КАЗ, Кәсіпкерлік- табыс көзі, ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА 6 Поиск информации в Интернет, 1 КУРС каз.яз 21-22уг. 2 семестр с 14 февраля, практика 2-JavaScript, 1 КУРС ДОТ 21-22уг. 2 семестр, 4 4дәрістер - Циклдер, Комп жүйелердің сәулеті, 2-дәріс (1) (1), Архитектура 1 прак, Д рістер кешені Д ріс №1 Д ріс та ырыбы, 16933018, Тізім практикалық жұмыс, Зертханалық жұмыс Веб
Нотариаттық қызметтің негізгі принциптері:
Нотариаттың ұйымдастырылуы мен қызметін реттейтін нормалар заңның жеке саласын құрайды. Ол азаматтық, азаматтық іс жүргізу, отбасылық, тұрғын үй, халықаралық жеке құқық сияқты құқық салаларымен тығыз байланысты.Нотариаттың өкілеттігін құрайтын нотариаттық әрекеттер жасау кезінде тек қана нотариат туралы заң ғана емес, аталған құқық саласының көпшілігіне де жүгіну керек. Мысалы, заң немесе өсиет бойынша мұрагерлік құқық туралы куәлік берген кезде нотариус азаматтық, отбасылық, тұрғын үй және жер туралы заңдарды басшылыққа ала отырып, оларға түсініктеме береді.Сондықтан аралас құқықтық қатынастарды жақсы білу нотариус қызметімен айналысатын тұлғалар үшін басты талап болып табылады.
Тақырыбы: Нотариат туралы заңдар

  1. ҚР нотариатттық қызметті құқықтық реттеу


Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодексi нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдарынан тұрады.Заңдардың иерархиялық принципіне сәйкес, ұлттық құқық жүйесінің негізгі қайнр көзі, соның ішінде Қазақстан Республикасы нотариатының да негізгі қайнар көзі Конституция болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет, басты құндылығы адам, оның құқығы мен бостандығы болып табылады деп көрсетеді. Адам құқығы мен бостандығын тану мен кепілдік беру одан әрі Конституцияның 12 бабында қарастырылады. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталынады. Бұл норма қызметі азаматтар мен заңды тұлғалардың субъективтік құқығы мен заңмен қорғалатын мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нотариат жүйесін құру үшін негізгі болып табылады.
Конституцияның 6 бабында мемлекеттік және жеке меншік үшін тең дәреже және тең қорғау құқығы бекітілген. Сонымен қатар Конституцияның 13 бабының 3 бөлімінде әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көрселген ретте заң көмегі тегін көрсетіледі. Бұл баптың да нотариатттық қызметке тікелей қатысы бар.
Нотариаттық қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілердің келесі жүйесіне Азаматтық кодекс жатады. Оның жалпы және ерекше бөлімдерінде мәміленің түсінігі, нысаны мен түрлеріне, мәміленің жекелеген түрлеріне қойылатын талаптарды қамтитын көптеген нормалары бар. Азаматтық Кодекстің 57-60 тарауы толығымен мұрагерлік құқықты реттеуге арналған. «Нотариат туралы» Заңның 2 бабы нотриат туралы заңнама «нотариаттық қызметті реттейтін Азаматтық құқық нормаларынан тұрады» деп көрсетеді.
Әр түрлі нотариаттық әрекеттерді жасаған кезде нотариустар мен нотриаттық әрекеттер жасауға құқығы бар басқа да лауазымды тұлғалар тек нотриаттық өндіріс ережелерін ғана емес, сонымен қатар азаматтық ісжүргізу, неке-отбасылық, жер, еңбек және басқа да құқық салаларының нормаларын қолданады.
Нотариаттық қызмет пен нотраиттық әрекеттер жасауды реттейтін арнайы заң «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы.
Тақырыбы: Нотариус қызметін бақылау



  1. Нотариаттық қызмет

  2. Нотариат қызметінің ұйымдық және құқықтық негіздері

  3. Нотариустың құқықтық жағдайы және нотариустың қызметін бақылау

  4. Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды жүзеге асыру тәртібі

  5. Нотариаттық қызмет және оның кепiлдiктерi



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет