Алғыс айту күні – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен өзара сенімділік,барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметтің орнығуына негіз болатын идея
Алғыс айту күні – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен өзара сенімділік,барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметтің орнығуына негіз болатын идея 𝟣 𝒩𝒶ỳ𝓇𝓎𝓏 Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Бұл күні Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Ал АҚШ және Канада халықтары Алғыс айту (Thanksgiving Day) күнін қараша айының әрбір төртінші бейнесінде атап өтетін көрінеді.
Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді.
Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Рахмет айту күнінің басты нышандарының бірі – түйе тауық
Ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен
Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рахмет айту күнін «Ұлттық мереке» деп жариялаған. Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып, адамдар ақша, азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды. ХVІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кештер ұйымдастырады
Қытайлықтардың да бұл мерекені атап өтуі ерекше.
Қытайлықтар үшін алғыс айту мерекесі қыркүйек айының соңы мен қазанның ортасы болып есептеледі.
«күз ортасындағы фестиваль» деп те атайды.
Қытайлықтар бұл мерекені отбасында ғана емес, тұтас деревня болып тойлайды.
Балаларын әдемі киіндіріп, шеруге шығарады.
Кешкілік Айға қарап, келешек күннен жақсылықтың болуын тілейді.
Жиын-терім маусымының аяқталғанына қуанып, олар қуаңшылық болдырмай, астықты жинап алғаны үшін Айдаһарға алғыс сезімін білдіреді.
Тапсырма Ал сен кімге алғыс айта аласың? Өзің қалаған алғыс,өлең шумақтарын оқу арқылы аналарыңмен немесе әке,аға,әпкелеріңмен бірге арнайы репортаж видео түсіру Анама алғыс! Жанарымды жайнатқан жөргектегі елде. Еңсесі түзу жан болар ма едім? Құба талды бесігін тербетпегенде. Түн ұйқысын тәркі етіп тынымсыздыққа Қуанышы тасыған еңбектегенде – Ана саған мың алғыс!
Әкеме алғыс! Ұл болсын деп тілеген Ер Түрігімдей. Өмірімде бөрідей болуға баулып Қойынына басатын бөлтірігіндей. Бақытым болар жырымды жария етсем Әуелеген әкемнің еркін үніндей – Әке саған мың алғыс!
Ағаға алғыс! Ұзай кетсем ойлайтын қамымды менің. Бір бәлеге тап болса құрсақтастарым Қапсырмалап,қысатын жанымды демім. Бауырларым болмаса тірегім болған Осыншама айбатты,арынды ма едім?! – Аға саған мың алғыс!
Әпкеге алғыс! Нұсқауымен көрсеткен кәделіні ұқтым. Анамыздан айнымай туылғаннан ақ Иесіне айналған әдемі үміттің. Өшірмейтін жарығын мына әлемдегі Белгісі болып жаралған әдеміліктің – Әпке саған мың алғыс!
Ұстазға алғыс!Бағым жанып,батылмен бел асқаныма. Төзіндіріп өмірдің талаптарына Ниеттеген арманның ең асқағына. Арқасында ұстаздың даналар баққан Ой-өрісім бұл күнде тең аспаныма – Ұзтазым саған мың алғыс!
Досыма алғыс! Бірге қарсы шығатын қиындықтарға. Ең бақытты ер болып жүретін едім Қысылғанда достарым күйімді ұққанда. Көтеретін еңсемді егіліп,талсам Жақсылықты жамандық зұлым жыққанда – Досым саған мың алғыс!