Ашық сабақтың технологиялық картасы
Пән: Айналадағы әлем
Күні: 14.12.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы: Қыс мезгілі
Сабақтың мақсаты: балалардың қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Табиғат көрінісін сипаттап, қыс қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
2. Түзету-дамытушылық: есте сақтау, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік: табиғатты аялап, әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.
Пәнаралық байланыс: оқу және тіл дамыту, математика, бейнелеу өнері, музыка және ән.
Көрнекілік: қыс мезгілінің суреттері, аңдардың суреттері, аққала, дидактикалық ойындар.
Достарыңызбен бөлісу: |