«Алгоритмдеу және бағдарламалау» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша



бет18/64
Дата06.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#79582
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64
Байланысты:
ПИТОН УМК

while i < 15:
print(i)
i = i + 2 # нәтиже 5 7 9 11 13

Есеп №3. 2-нің 1-ден 10-ға дейінгі дәрежесін экранға шығару


for x in range(1,11):
print ( 2**x )
# 2 4 8 16 ... 1024


Функциялар

Функция белгілі бір тапсырманы орындайтын және бағдарламаның басқа бөліктерінде қайталап қолдануға болатын код блогы болып табылады.
Функцияның жазылу форматы:

def функция_аты ([параметрлер]):
инструкциялар

Жақша ішіндегі параметрлер міндетті емес.


Қарапайым функцияны қарастырайық:

def say_hello():
print("Hello")

Функцияны шақыру үшін функция аты және жақшаның ішінде параметрлерге берілетін мәндер көрсетіледі.



def say_hello():
print("Hello")
say_hello()
say_hello()
say_hello()

Мұнда say_hello функциясы үш рет шақырылып тұр. Нәтижесінде біз келесідей консольдық түр аламыз.



Енді функцияны параметрлерімен қолданайық.

def say_hello(name):
print("Hello,",name)
say_hello("Tom")
say_hello("Bob")
say_hello("Alice")

Функция name параметрін қабылдап, экранға келесі нәтиже шығады:





Үнсіз келісім бойынша мәндер
Функцияның кейбір параметрлерінің мәндерін үнсіз келесім бойынша қабылдайтындай міндетті емес етуге болады. Мысалы:

def say_hello(name="Tom"):
print("Hello,", name)
say_hello()
say_hello("Bob")

Мұнда name параметрі міндетті емес болып табылады. Егер функцияны шақырған кезде оған мән бермейтін болсақ, онда үнсіз келісім бойынша Tom жолы шығады.


main функциясы
Бағдарламада көптеген функциялар болуы мүмкін. Сондықтан оларды реттеу үшін арнайы main функциясын қосып, оның ішіне басқа функцияларды жазған дұрыс.

def main():
say_hello("Tom")
usd_rate = 56
money = 30000
result = exchange(usd_rate, money)
print("Берілетін ақша", result, "доллар")
def say_hello(name):
print("Hello,", name)
def exchange(usd_rate, money):
result = round(money/usd_rate, 2)
return result
# main функциясын шақыру
main()





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет