«Алгоритмдеу және бағдарламалау» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша


ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары



бет5/64
Дата06.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#79582
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
ПИТОН УМК

ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
2 тақырып. Бағдарламаларды әзірлейді және рәсімдейді


ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері
ЭЕМ-де есеп шығару күрделі процесс болып есептеледі, ол төмендегі кезеңдерден тұрады:

  1. Берілген есепті математикалық түрде өрнектеу, яғни есепті мәселе ретінде қоя білу.

  2. Есепті шығарудың ЭЕМ-ге ыңғайлы сандық тәсілдерін анықтау.

  3. Есепті шығару жолын алгоритм түрінде бейнелеу.

  4. Есепті ЭЕМ-де шығару программасын жасау жэне оның қателерін түзету.

  5. Есепке керекті мэліметтер дайындау.

  6. ЭЕМ-де есепті шығару және шыққан нәтиженің іс жүзінде қолдану.

Берілген есепті математикалық түрде өрнектеу дегеніміз – есептің берілген мәндерін математикалық таңбаларды қолданып жаза білу жэне керекті математикалық формулаларды, өрнектерді анықтау болып саналады.
Күрделі формулаларды, тендеулерді арифметикалық амалдар тізбегіне айналдыру есепті шығарудың сандық тәсілдерін табу не анықтау жолы болып есептеледі. Қазіргі кезде барлық есептердің шығару жолының сандық тәсілдері белгілі десе де болады, тек солардың ішінен өзімізге тиімді жолын таңдап алуымыз керек. Бұл мақсатта есепті шығару дәлдігін, нәтижені жылдам табу мүмкіндігін, мәліметтерді дайындау мен есепті шыгарудың бағасын салыстыра отырып қарастыру қажет.
Есептің алгоритмін жасағанда, оның шығару жолы тізбектелген іс-әрекеттер ретінде схема түрінде өрнектеледі.
Программа жасағанда қазірде кеңінен тараған программалау тілінің бірінде алгоритм нақты түрде жазылады. Бізде кеңтараған тілдерге - Паскаль, Дельфи, Си жатады. Жазылған прог- рамманың қатесін түзету ЭЕМ-нің көмегімен шешіледі, өйткені жіберілген қателерді тек ЭЕМ ғана жылдам аңғарып, түзету мүмкіндігін береді.
Есепті шығаруға керекті деректерді сұрыпталған күйінде алдын ала қагазға, әйтпесе магниттік дискіге жазып, ЭЕМ-нің жадына реттей отырып енгіземіз. Есептің нәтижесін алған соң шешім қабылдау және оны іс жүзінде қолдану – мамандардың жұмысы. Тек солар ғана белгілі бір шешім қабылдай алады. Бірақ оқып-үйрену барысында кездесетін, яғни студенттерге арналған есептерде жоғарыда көрсетілген сатылардың бірсыпырасы болмайды, өйткені олар бірден формула күйінде беріледі, шығарудың сандық тәсілі формулада айқын көрініп түрады (интеграл, туынды болмаса), нәтижені алған соң, оны жазып алу жеткілікті. Мәселені шешудің немесе есеп шығарудың көрсетілген алты сатысы күрделі өндірістік есептерде, дипломдық немесе курстық жұмыстарда жиі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет