Алгоритм түрлері
Алгоритмнің басқарушы құрылымдары. Біз әртүрлі сипаттау әдістерінде алгоритмнің басқарушы құрылымдары деп атқарылу реті бір-бірімен стандартты жалғасу әдісіне байланысты анықталатын алгоритм қадамдарының жиындарын айтамыз. Алгоритм құрылымдарының үш түрі бар: тізбектелу, тармақталу және қайталау (цикл). Осы үш құрылымды араластырып пайдалану арқылы кез келген күрделі есептердің алгоритмдерін сипаттауға болады. Басқарушы құрылымдар кез келген алгоритмдік тілдің негізі болып табылады. Сондықтан, алгоритмдерді басқару құрылымдары негізінде сипаттау программалау тілін тез меңгеріп пайдалануға тиімді қадам. Оған қоса алгоритмді сипаттауға басқарушы құрылымдарды пайдалану жаңадан жазылған алгоритмнің дұрыстығын тексеруді жеңілдетеді және басқа программалаушылардың әр уақытта жазған алгоритмдерін пайдалануға мүмкіншілік береді.
Егер алгоритмнің N қадамы болса және олардың барлығы басынан аяғына дейін бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын болса, онда ондай алгоритмді сызықтық алгоритм деп атаймыз.
Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді өзгеретін болса, онда ондай алгоритмді тармақталушы алгоритм дейміз.
Алгоритм орындалғанда "иә" немесе " жоқ " деген мәндердің бірі қабылдай алатын логикалық өрнекті шарт деп атаймыз.
Кез келген шарт мынадай үш бөлімнен тұрады:
сол жақ бөлігі;
салыстыру таңбасы;
оң жақ бөлігі.
Мысалдар келтірейік: А > 0, Х < А+С, К = 6
Мына төменде алгоритмнің тармақталушының бөлігінің жалпы түрі келтірілген.
егер < шарт >
онда "иә" тармағы
әйтпесе " жоқ " тармағы
бітті
Мұнда егер, онда, әйтпесе, бітті – қызметші сөздер, егер команданың басын, ал бітті команданың аяқталуын білдіреді.
Тармақталу командасы мына төмендегідей қысқаша түрде пайдаланылады:
егер < шарт >
онда
"иә" тармағы
бітті
Шартты тексеру блогын сіздер блок – схемада ромбымен таңбалаймыз. Егер шарт дұрыс болса, онда есепті шешу үшін "иә" тармағы пайдаланылады, ал оған кері жағдайда - "жоқ" тармағы пайдаланылады.
Егер берілген шамаға тәуелді алгоритмнің белгілі бір тізбектелген қадамдарды бірнеше рет орындалатын болса, онда ондай алгоритмді қайталанушы (циклдік) алгоритм дейміз. Бұл берілген шама цикл параметрі деп аталады.
Кез келген қайталанушы алгогритмде ол аяқталу үшін параметр болуы тиіс. Параметр белгілі бір мәнге ие болған кезде цикл аяқталатын болады.
Мына төменде циклдің басында параметр үшін қойылған шартты тесеруге арналған қайталаушы алгоритмнің алгоритмдік тілде жазылуы және блок – схемасмының жалпы түрі берілген.
Әзір < шарт >
ЦБ
команадалар тізбегі
ЦС
Мұнда әзір, ЦБ (циклдің басы), ЦС (циклдің соңы) – қызметші сөздер, ЦБ және ЦС әзірше шарт орындалғанға дейін орындалатын командалар тізбегін таңбалайды.
Машинаға түсінікті командалар тізбегі арқылы жазылған есептің алгоритмі осы есептің программасы деп, программа құру процесі – программалау деп аталады.
Информацияны өңдеудің алгоритмін 3 түрлі жолмен құруға болады.
1) ауызша алгоритм
2) блок-схема түрінде
3) алгоритмдік тілде
Достарыңызбен бөлісу: |