«Али-Жан» жшс өтпелі тақырып: «Балабақша» Тақырыпша


К-№10 Алаңдағы ағаштарды бақылау



бет41/45
Дата09.01.2022
өлшемі312,01 Kb.
#110553
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
циклограмма 19-20

К-№10

Алаңдағы ағаштарды бақылау

Мақсаты: Алаңдағы ағаштарға бақылай жасау білуге үйрету.

Көркем сөз.

Қанша заман өткенімен,

Ескірмейтін асыл шыршы.

Алатаудың көктемімен

Доссың ғой сен, жасыл шырша.

Еңбек: Ағаштардың түбін қармен жабу.

Мақсаты: қар ағаштың түбін аяздан қорғайтынын балаларға түсіндіру. Балаларды табиғатқа қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Қ/қозғалыс ойыны: «Торғайлар мен автомобиль» К-№11

Балалардың өзіндік іс-әрекеті.

   



Серуеннен оралу

12.00-12.20

Киімдерін ауыстырып, шкафтарға ретімен жинау балалардың еркін қызметі.

Түскі ас

12.20-13.00

Балалардың назарын тамаққа аудару; дұрыс, мәдениетті тамақтану бойынша жеке жұмыстар жүргізу;

Ас ішерде күнде біз,

Сөйлемейміз күлмейміз.

Астан басқа өзгені,

Елемейміз білмейміз.


Тәтті ұйқы

13.00-15.10

Ертегі К №11

«Маша мен аю»



Ертегі К-№10

«Жеті лақ пен қасқыр»



Ертегі К-№2

«Шалқан»


Ертегі К-№3

«Бауырсақ»



Ертегі К-№12

«Қолғап»



Ұйқыдан ояну, шынықтыру шаралары (ауа,су)

15.10-15.40

Массажды жолақшамен жүру.

Ұйқы ашар жаттығулары.К-№1

Ойын жаттығуы: «Су, су, менің беті-қолымды жу»


Бесін ас

15.40-16.00

Балалардың назарын тамаққа аудару; дұрыс, мәдениетті тамақтану бойынша жеке жұмыстар жүргізу;

Өзіндік іс-әрекет, ойындар



16.00-16.30



Сюжетті-рөлді ойын

«Отбасы» К- № 11



Сюжетті-рөлді ойын:

«Отбасылық мереке»

К- №12


Сюжетті-рөлді ойын

«Анамның туған күні»

К-№13


Сюжетті-рөлді ойын

«Қонақ күтеміз»

К- № 14


Сюжетті-рөлді ойын

«Отбасы»


К- №11

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН, ОЙЫН ЖАТТЫҒУЛАРЫ

Жыл мезгілі туралы әңгіме «Қыс» (суретпен жұмыс)


Әңгіме жүргізу

«Менің отбасым».




Дидактикалық ойын

«Достық шеңбері».




Ойын: «Қыс мезгілінде қалай киінеміз?»


Дидактикалық ойын

«Кім тез атап береді?».

(отбасы мүшелері туралы айту)

«Денсаулық» саласы бойынша негізгі қимыл түрлерінің бастапқы дағдыларын үйрету.


«Коммникация» саласы бойынша қысқа тақпақтарды, өлеңдерді түсініп және жатқа айта білуге үйрету.


«Денсаулық» саласы бойынша негізгі қимыл түрлерінің бастапқы дағдыларын үйрету.


«Шығармашылық» саласы бойынша

түстерді ажыратып және дұрыс атай білуге үйрету.

«Таным» саласы бойынша заттардың түсі, пішіні, көлемі туралы түсініктер беру.





Серуенге дайындық

16.30-16.40

Киіну: киімдерін реттеу (түймесін салу, бауын байлау т.б.)

Серуен

16.40-17.40

Серуенге қызығушылығын арттыру, балалармен жеке сұхбат: Балаларды серуенге дайындау:ойынға қажетті материалдарды іріктеу, балалармен жеке жұмыс.

Балалардың үйге қайтуы

17.50-18.00

Ата-аналарға кеңес

«Суық тию ауруларының алдын алу»



«Менің отбасым»

тақырыбында үйде әңгіме жүргізу.



Ата-аналарға кеңес «Желшешек ауруы» туралы

Ата-аналарға кеңес:

«Жеке бас гигиенасы туралы»



Ата-аналарға кеңес:

«Баланың үйдегі күн тәртібін ұйымдастыру»





Тексерілді:
Әдіскер: С.Сартаева.

«Балапан» ортаңғы тобы балаларының өмірін және тәрбиесін ұйымдастыру циклограммасы

«Али-Жан» ЖШС

Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»

Тақырыпша: «Үй құстары» Уақыты: 27.01-31.01.2020 жыл ІІ апта

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

27.01.2020ж.

Сейсенбі

28.01.2020 ж.

Сәрсенбі

29.01.2020ж.

Бейсенбі

30.01.2020ж.

Жұма

31.01.2020 ж.




Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу
Ойындар: (Үстел үсті, саусақ ой-ындары жәнет.б.)
Таңғы жаттығу

(5 мин)

7.30-8.20


Тәрбиешілердің балалармен қарым- қатынасы:Балабақша туралы жеке пікірлесу, балаларға жақсы көңіл күй сыйлау үшін ойындар ұйымдастыру. Жақсы көңіл күй ортасын қалыптастыру.

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН, ОЙЫН ЖАТТЫҒУЛАРЫ

К- № 3

Д/ойын: «Қарап ал да, есіңе сақта»


Саусақ ойыны:

«Піл досым»

К-№1


Дидактикалық ойын:

«Қайсысы ұнайды?»

К- №5


Саусақ ойыны:

«Доп»


К- №5

Үстел үсті ойыны:

«Не қайда тұрады?»




7 КЕШЕНДІ ТАҢҒЫ ГИМНАСТИКА

Таңғы ас

8.20- 8.55

Мәдени-гигиеналық машықтарды меңгеру және орындауды пысықтау

Ойын жаттығуы ( «Су, су, менің беті-қолымды жу»)



Ойындар, ҰОҚ дайындық

8.55 -9.20

ҰОҚ ұйымдастыру үшін балалардағы кішігірім қозғалыстағы ойын және ойын жаттығулары

Дидактикалық ойын

«Не қайда өмір сүреді?»

К- № 9


Саусақ ойыны

«Доп»


Картотека № 3

Дидактикалық ойын:

«Біздің көңіл-күйіміз»

К- №7


Дидактикалық ойын:

«Қарама-қарсы сөздер»

К-№ 8


Дидактикалық ойын:

«Қайсысы ұнайды?»

К-№ 5


Ұйымдастырыл

ған оқу қызметтері

9.20 -10.30

1.Дене шынықтыру.

Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша


2.Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Үй құстары»

Мақсаты:


Білімділік: тілдегі дыбыстарды дұрыс айта білуін және зейін қойып тыңдауын жетілдіру,сөздерде дауысты дыбыстарды анық айта білуін қалыптастыру. Балаларға үй құстары жайында мағұлмат беру.

Дамытушылық: Дауысты дыбыстарды (а, ә, о, ө) дұрыс айту үшін артикуляциялық жаттығулар арқылы жаттықтыру.

Тәрбиелік:Үй құстарына қамқор болуға тәрбиелеу.



1.Дене шынықтыру

Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша



2. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Ұзын-қысқа. Беттестіру және тұтастыру тәсілдері»

Мақсаты:

Білімділік: әртүрлі заттар тобын көлеміне,ұзындығына қарай (ұзын – қысқа)беттестіру және тұтастыру тәсілдері бойынша салыстыру дағдысын қалыптастыру.

Ұзындығына қарай бір-біріне қарама-қарсы екі заттысалыстыруды үйрету: сөйлегенде «ұзынырақ», «қысқарақ» сөздерін қолданып білдіру;беттестіру және тұтастыру тәсілдерін қолдану; таныс заттарды саны бойынша салыстыруға үйретуді жалғастыру: (біреу – көп);

Тәрбиелік: өз бетімен жұмыс жасауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.



1.Орыс тілі

Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша



2.Музыка

Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша



3.Сурет салу

Тақырыбы: «Балапан» (заттық с/с)

Мақсаты:

Білімділік: Сурет салу құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Арналы техникалық құралдар мен нұсқау бойынша балапан бейнесін бере білуге дағдыландыру. Дамытушылық: Ұсақ қол моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: Үй құстарына қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.




1.Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2.Жаратылыстану

Тақырыбы:«Шұбар тауық»

Мақсаты:

Білімділік: Үй құстары туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Балалардың зейін қою, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту; тану үдерісін жандандыру.

Тәрбиелік: Үй құстарына қамқорлық жасауға үйрету.




1.Музыка

Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша


2. Құрастыру

Тақырыбы: : «Балапан»

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың саусақ қимыл-қозғалыстарын жетілдіру. Қағазды умаждау арқылы балапанды жасауға болатынын түсіндіру. Тәрбиелік: Балапанға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу


Серуенге дайындық

Серуен


10.30-10.45

10.45.-12.00.



Серуенге қызығушылығын арттыру, балалармен жеке сұхбат: Балаларды серуенге дайындау:ойынға қажетті материалдарды іріктеу, балалармен жеке жұмыс.

К-№1 Қар үстіндегі іздерді бақылау.

Мақсаты: балаларды қар үстіндегі адамдардың, жануарлардың, құстардың ізін айыра білуге үйрету.

Көркем сөз:

Қандай суық қыс деген?

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең

Құлағыңды тістеген.

Еңбек: Ойын құралдарын қардан тазалау.

Мақсаты: еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Қимылды ойын: «Кептерді қуып жет» К-№1

Мақсаты:

Жеке жұмыс: Жұмбақтар жасыру

Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ жүреді.

Аузы жоқ ұлиды. (Боран)

Өзіндік іс-әрекет: Аққала жасау. Қалаулары бойынша ойындар.




К-№2

Қар (ұлпаларының) ұшқындарына бақылау жүргізу.

Мақсаты: балаларға қар ұшқындарының қалай пайда болатыны жайлы айту, олардың құрылысымен таныстыру. олардың құрлысымен таныстыру,

Қар ұшқыны алты қанаттан тұрады, олар бір—біріне өте ұқсас келеді.

Қар ұшқыны жаңбыр сияқты, бұлтта жаратылады. Су буы өте жоғары көтеріледі: сол жоғарыда ауаның температурасы өте төмен болғандықтан, сол су буларынан кішкентай ғана мұз қиыршықтары пайда болады. Алты қырлы мұз түйіршіктері өсіп кішкентай жұлдызшаларға айналады, сөйтіп қар ұшқындары жерге түседі.

Көркем сөз:

Қыста көлге мұз қатты,

Табанымды мұздатты.

Мұз ойылып кетті тез,

Күліп едік, біз қатты.

Еңбек: Ойын алаңын қардан тазарту.

Мақсаты: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:

Мәтел:


Қар көп болса, астық көп болады.

 Қ/қозғалыс ойыны: «Түсті автокөліктер» К-№2

Балалардың өзіндік іс-әрекеті.


К-№3

Қар жауып тұрған құбылысты бақылау.

Мақсаты: қар жауып тұрған құбылысты бақылай білуге үйрету.

Көркем сөз:

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Еңбек: участкені тәрбиешінің көмегімен сыпыру.

Мақсаты: Үлкендерге көмектесе білуге тәрбиелеу.

Қ/қозғалыс ойыны: «Ақ қоян» К-№3

Мақсаты:

Жеке жұмыс: «Адасқан қар қиыршықтары» тақырыбына шығармашылқ әңгіме құрастыру.

Жұмбақ: Құм сияқты ұсақ болғанымен, жер бетін жауып үлгереді.  (қар)

 Балалардың өзіндік іс-әрекеті.



К-№6

Қайың ағашын бақылау.

Мақсаты: қайың ағашының қысқы көркін бақылауға үйрету.

Көркем сөз

Ағаштар тұр жүдеп,

Жапырақ сәні енеді.

Соғады жел үдеп,

Қыстың кеп сәлемі. 

Еңбек: қайың ағашының түбіне қар жинау.

Мақсаты: балаларға ағаштың түбін қармен жабудың сырын, пайдасын түсіндіру.

Қ/қозғалыс ойыны: «Күн мен түн» К-№7

Жеке жұмыс: «Жұмбақты шеш» сюжетті ойын ойнату.

Жұмбақ:  

Жазда жатсаң көлеңкесінеалады,

Қыста жақсаң, жаның рахат табады. (Ағаш)

Балалардың өзіндік іс-әрекеті.




К-№8

Желді бақылау

Мақсаты: желдің соғу бағытын бақылау. Аңғарымпаздыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Сұрақтар:

1.   Желдің бағытын, күшін қалай біліп, анықтауға болады?

2. Қыста жел қандай болады?

Еңбек: Аула сыпырушыға көмектесу.

Мақсаты: Үлкенге көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

Қ/қозғалыс ойыны: «Қасқырлар мен лақтар» К-№4

Жеке жұмыс: екі аяқпен бірдей қарлы жолмен секіру.

Балалардың өзіндік іс-әрекеті.

 


Серуеннен оралу

12.00-12.20



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет