88
зонадағы кей жерлерде (қалдық қоймасы маңында) антропогендік өзгерістер
қатты байқалса, кей жерлерде тозығы жеткен инженерлік инфрақұрылымдар
(ескі аэропорттың ұшу алаңы) кездеседі. Сол себепті мұндай жерлерде қала
құрылысын дамыту тиімсіз. Тек арнайы іс-шаралар (абаттандыру, инженерлік
т.б.) кешенін жүзеге асыру арқылы оңалтуға болады.
8.
Инженерлік және транспорттық (көлік) инфрақұрылымдар зонасы.
Бұл зонаға қаланы сыртқы ортамен байланыстыратын республикалық және
облыстық маңыздағы көлік жолдары (автомобиль және темір жолы), темір жол
вокзалы, автостанция, коммуникациялық байланыс желілерінің ғимараттары,
қаланы және өнеркәсіп орындарын жылумен және сумен қамтамасыз ететін
инженерлік желілер жатады.
Қала мен оның маңының табиғи ортасының ерекшеліктеріне талдау жасау
нәтижесінде жергілікті ландшафт құрылымында әртүрлі функцияға ие болатын
элементтердің мынадай қасиеттерге ие болатыны анықталды (25-сурет).
Сурет 25
-
Жезқазған қаласы мен маңындағы аумақтың табиғи-экологиялық
каркасына негіз болатын элементтер
Жалпы, қаланың жер көлемі - 859 872 га. Жезқазған қаласының жер
қатынастары бөлімінің ресми деректері бойынша
139
, қала аумағындағы жер
құрылымында ауыл шаруашылық жерлері басым (6-кесте). Бұл өз кезегінде
табиғи-экологиялық каркас ауқымын ұлғайтады.
Кесте 6 - Жезқазған қаласының жер санаттары бойынша құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: