Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет43/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
-
 
кешенді зерттеу әдістері негізінде Текелі және Жезқазған қалаларының 
функционалдық зоналарын анықтау, жер құрылымына қатысты деректерді 
талдау және картографиялау; 
-
 
ғалымдар келтірген әдістемелер негізінде моноқалалардағы табиғи-
экологиялық каркас элементтерін айқындау, каркастың жобалық негіздемесін 
жасау және тұжырымдау. 
Зерттеу пәні:
моноқалалардың экологиялық жағдайы, қоршаған ортаны 
инновациялық дамыту мәселелері.
Зерттеу нысаны немесе географиялық ауқымдылығы.
Шетелдік 
сәулетшілер, географ-ғалымдар қалалық аумақтарды жоспарлауда табиғи 
каркасты қалыптастырудың маңызын арнайы зерттеуде. Қазіргі заманғы 
әдебиеттерге шолу жасау негізінде осы мәселенің сан қырлы жақтарын 
теориялық тұрғыда негіздеп, жүзеге асыру тәжірибесімен таныстық. Бұл ұғым 
ресейлік ғалымдар еңбектерінде келесі түсініктермен сәйкес келеді: «аумақтың 
табиғи каркасы» 

115

, табиғи-экологиялық каркас 

116

, «ландшафттық-
экологиялық каркас» 

117

, «жасыл каркас» 

118

, «тірек каркасы» 

119


«табиғат қорғау каркасы» 

120

, «экологиялық каркас» 

121

және т.б. Ал, 
Еуропа елдерінде «экологиялық желі (экологическая сеть)» 

112


«ландшафттық жоспарлау» 

123

түсініктері кеңінен таралған. Яғни, аталған 
ұғымдардың негізгі мәні - қоршаған ортаның тұрақты, жасыл дамуын 
қамтамасыз етуге үндейді. 
Еуропа елдерінде өндірістік шағын қалаларды сауықтыру мәселесі 
ландшафттарды қайта қалпына келтіру (рекультивация) арқылы шешілуде. 
Яғни, индустриялық кезеңде ресурс көздері маңында қалыптасқан шағын 
қалаларда ландшафттық каркастар қалыптастыру арқылы экологиялық 
тұрақтылығын қамтамасыз етуде. Мұның бірден-бір мысалы ретінде 
Германиядағы Рур аймағын айтуға болады. Рур – көмір және болат өндірісіне 
негізделген Германиядағы ескі өнеркәсіптік аймақ 

77, б.460

. Экономиканы 
әртараптандыру және экологиялық сауықтыру мақсатында мұнда кезең-
кезеңімен жоспарлы бағдарламалар орындалды. Деградацияға (тозуға) 
ұшыраған аумақтарды оңалту (реабилитация) мақсатында Солтүстік Рейн-
Вестфалия федералдық жерлер басқармасы 1989-1999 жж. «Эмшер-Парк 
Халықаралық құрылыс көрмесі» 

123

аймақтық жоспарын жүзеге асырды. 2007 
жылы бастаманы жалғастыру мақсатында «Рур концепциясы» қабылданды. 
Мақсаты: барлық Рур облысы аймақтарын және қалаларын тұрақты дамыту 


83 

124

. Жоба негізін 5 қағидатқа бағытталған Эмшер өзені аумағын 
ландшафттық құрылымдау жұмыстары құрады. Ұзындығы 70 км, аумағы 460 
км
2
жерді қамтыған
Эмшер ландшафттық паркі Еуропадағы ең үлкен табиғи 
оңалту жобасы саналды. Жоба 2,5 млн. халық шоғырланған 17 қаланы (Рур, 
Гладбек, Гельзенкирхен, Эссен, Вальторп, Люнен және т.б.) қамтыды. Эмшер 
өзені бойындағы ландшафттық парк жоғары деңгейде урбандалған Рур елді-
мекендерін «жасыл байланыстырушы» ролін атқарды [125]. Эмшер-Парк 
ландшафттық жобасы өндірістік елді-мекендерді инновациялық орталық 
ретінде дамытуға жол ашты. Мұнда, ландшафттық каркастың жетекші элементі 
«рөлін» Эмшер өзені атқарды.
Жалпы, Еуропа елдері қоршаған орта тұрақтылығын сақтауда тек қалалар 
мәселесін шешумен ғана шектеліп қалмауда. Мұнда макрорегиондардың 
экологиялық тұрақтылығын сақтау бойынша да іс-шаралар атқарылуда. 
Биологиялық және ландшафттық әртүрлілікті сақтаудың Пан-Еуропалық 
стратегиясы 

122

осыған дәлел. Бұл «жасыл байланыстырушы» экожеліні 
(экокаркас) халықаралық дәрежедегі табиғат қорғаудың тиімді құралы ретінде 
қарастыруға болады. Әрине мұндай экожелі құрудың ұқсас (аналогтік) 
тәжірибесі Қазақстан жағдайында да қолға алынды. Қазақстан ХТҚҰ-ның 
(IUSN) Ортаазиялық жобасын жасауда Орталық Азия Экологиялық желісін 
қалыптастыру бойынша бастамашы болды 

126

. Экожелінің географиялық 
ареалы - Орта Азия елдерін және Қазақстанды қамтыған. Мұнан кейін де 
экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін түрлі бағдарламалар, 
концепциялар, жобалар жасалды. Көпшілігі ірі қалалар және ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтар мысалында орындалды 

127-128

.
Табиғи каркасты қалыптастырудың жалпы концепциясы мен негізгі 
принциптері, 
елді-мекендердің 
тұрақты 
дамуындағы 
ролі 
ресейлік 
ғалымдардың еңбектерінде [121; 129-133] жүйелі зерттелген. Қалалардың бас 
жоспарында табиғи каркас қалыптастыру мәселесі Н.С. Краснощекованың [129, 
с.10-166] еңбегінде жүйелі талданған. Мұнда автор табиғи каркас типінің 
(типология) анықтаушы факторы және жағдайы ретінде табиғат ерекшелігін 
және қаланың экологиялық жағдайын ескереді. Табиғи ерекшелігінің негізгі 
факторларына: рельеф, су ресурстары, орман ресурстары, жануарлар әлемі және 
биоресурстарды жатқызады. Ал, қала құрылысының жағдайы, ландшафттық-
жоспарлар, қоршаған орта сапасы экологиялық жағдайына негіз болады деп 
санайды. Сонымен қатар, табиғи каркастың құрылымдық элементтері мен 
олардың экологиялық тиімділігі көрсетіліп, еуропалық елдердегі ірі қалалық 
аумақтардың (Париж, Лондон, Берлин, Ранштад) осы тектес тәжірибесі нақты 
сипатталған. Автор табиғи каркас кез-келген қала үшін өте тиімді деп санайды.
Аумақтың ландшафтылық, табиғи-экологиялық тепе-теңдігін сақтайтын
табиғатты пайдаланудың өзіндік жүйесі болатын экожүйелердің жиынтығын 
табиғи каркас ретінде сипаттауға болады [121, с.297-316]. А.В. Елизаров табиғи 
каркастың элементтерін жіктеу арқылы олардың функцияларын да сипаттаған. 
Ғалым антропогендік әрекет қарқынды сипат алған ХХІ ғасырда далалық 
аумақтардағы табиғат пайдаланудың басты стратегиясы ретінде табиғи каркас 


84 
қалыптастыруды атаған. Ресейдің Ярославль қаласы мысалында қалалардың 
экологиялық 
каркасын 
құрастырудың 
ландшафтылық-географиялық 
ұстанымдарын арнайы зерттеген И.М. Георгица [130] қаланың табиғи каркасын 
қалыптастыру үшін урбоэкожүйелердің құрылымы мен антропогендік 
динамикасын талдау қажет деп есептейді. Д.В. Бобрышевтің [131] 
зерттеулерінде агломерациялардың табиғи каркасы және орталық қаланың 
дамуының ландшафтылық әлеуеті өте тығыз байланыста қарастырылған. 
Ғалымның пікірінше, қалалардың дамуына оның табиғи каркасының жоспарлы 
сипатта болуы, осы арқылы тұрғындардың өмір сапасының жақсаруы маңызды 
рөл атқарады.
Табиғи-экологиялық каркастың функционалдық құрылымы, негізгі және 
жанама элементтер тобы, осы топтағы әрбір элементтердің функциялық ролі 
Д.З. Гридневтің 

132-133

зерттеу жұмыстарында жүйелі талданған. Автордың 
пікірінше, негізгі элементтер тобы аумақтың біртұтас табиғи-экологиялық 
құрылымын түзеді. Олар табиғи кешендердің тепе-теңдігін, биологиялық 
алуантүрлілігін қамтамасыз етіп, аумақтағы ағындардың қызметін реттеп 
тұрады. Жанама элементтер тобы негізгі элементтердің функцияларын қолдау 
арқылы жергілікті жерде белгілі бір экологиялық функция атқарады, бірақ 
физикалық-географиялық каркастың біртұтас жүйе ретіндегі қызметін 
қамтамасыз ете алмайды.
Каркас құрылымындағы әрбір элементтің ролі жіті 
зерделенген автордың әдістемелік үлгісін 

132

өз жұмысымызды орындауда 
негіз ретінде пайдаландық. Себебі, автор келтірген каркас элементтерінің 
құрамын (су қоймасы, өзен ағыны, жасыл желектер, антропогендік өзгерген 
аумақтар т.т.) біздің зерттеу нысанымыз аумағынан кездестіруге болады. 
Сонымен қатар, Жезқазған және Текелі қалаларының табиғи-экологиялық 
каркасын қалыптастыруда жергілікті жердің ерекшеліктерін де ескеру өте 
маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет