13-билет Сұрақ



Дата08.02.2022
өлшемі18,87 Kb.
#122849
Байланысты:
13-14 экология
Лекция 2 каз, родственные цветовые сочетания , zhumabaev magzhan tabaldyryk

13-билет
Сұрақ: 1.Экологиялық факторлар туралы түсінік және олардың жіктелуі.
2.Орнықты дамуға өтудің экономикалық-экологиялық тиімділігі.
3.Экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы.
4.Қазақстандағы жер қойнауларын пайдалану.
Жауап:
1. Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы. Экологиялық табиғи және антропогенді экологиялық факторлар болып екіге бөлінеді. Табиғи факторлардың өзі биотикалық және абиотикалық деп жіктеледі.
2. Қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланыс бүгінгі таңдағы проблемалардың бастысы болып отыр. Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, қоршаған ортаны бейберекет ластаумен экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Қоршаған ортаны сауықтыру ықпал етуде және экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасауда табиғатты пайдалануды кешенді және үйлесімді түрде қалыптастыру ісі — әлем елдерінің алдында тұрған маңызды проблема болып табылады, сондықтан қоғам мен табиғат арасындағы өзара қайшылықтардың кедергісінен өту — өндіріс пен экономиканы экологияландыру болмақ,. Осыған байланысты табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, экология пәндерін оқытуда сабақ беру жүйесін өзгерту қажет.
3. Халыққа экологиялық білім беруді, ең алдымен мектептен бастаған дұрыс. Онда жас адамның алғашқы қалыптасуы, көзқарасының, азаматтық саналарының жүйеге түсуі экологиялық жауапкершілікті сезіну мен бірге тәрбие алуы қажет. Түпкі мақсат мұраттың бірлігі жүргізілетін жұмыстарды жүйелілігін, оқу, тәрбиелеу әдісімен құралдарының бір мазмұнға ыңғайлануын туғызады. Оның бәрі табиғатқа біртұтас көзқарас қалыптастырып, жас адамның бойында жауаркершілік сезімін оятады. Оның табиғат пен қарым-қатынасында белгілі бір жүйе қалыптасады, практикалық ісінде де ойлылық туадыОсы жолмен олардың бойында бүкіл тіршілік атаулыға деген биік сезім мен жауапкершілік қалыптаса бастайды.
4. жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімі – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды бақылауға және оның мониторингіне, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді электрондық сатып алуды өткізуге және олардың тізбесін түзуге арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;
жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жер қойнауының ластануын болғызбауға және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайтуға бағытталған iс-шаралар жүйесi;


14-билет
Сұрақ: 1.Өндіріс орындарынан шығарылатын зиянд заттар.
2.Тұрақты даму концепциясы бағдарламасы.
3.Топырақтың құрамы және экологиялық маңызы.
4.Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ-ның рамалық конвенциясы.
Жауап:
1.Зиянды заттар - 1) адам организмімен жанасуы нәтижесінде өндірістік жарақаттануға әкелетін, кәсіптік ауруларды немесе адам денсаулығында қандай да бір ауытқуларды туғыза алатын химиялық қосылыстар; әдетте, мұндай заттардың тізімін құзырлы мемлекеттік арнаулы мекеме бекітеді; 2) организмнің өсуіне, дамуына немесе денсаулығына нұқсан келтіретін химиялық заттар. Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар адам организіміне тыныс алу арқылы, адам терісі арқылы, ас қорыту жүйелері арқылы енеді. Ішіндегі ең қауіптісі тыныс алу арқылы енетін улы заттарЗиянды заттардан қорғануға қарсы құрал – жабдықтардың түрлері: противогаз, респираторлар, арнай киімдер. Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар көбінесе адамның денсаулығын төмендетеді. Сондықтан, зиянды заттарды адам өміріне қауіп туғызатын аймақ дейді.


2. 1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
3. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады.Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады.
4. Конвенция " Нью-Йоркте 1992 жылғы 9 мамырда қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясын білдіреді. " Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топ " 1988 жылы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасы бірлесіп құрған Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобын білдіреді. Климаттың ғаламдық өзгеруі туралы шектемелі конвенция – климаттың жаhандық өзгеруі салдарынан туындайтын проблемаларды шешуге арналған халықаралық келісім.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет