Сабақ тақырыбы : Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері. Сабақтың мақсаты



Дата17.06.2018
өлшемі45,77 Kb.
#42851
түріСабақ
Күні ______________ ________ сынып

______________ пәні

Сабақ тақырыбы: Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері.
Сабақтың мақсаты:

  • Тыныс алу мүшелерін танып білу, маңызы туралы түсінік беру.

  • Тыныс алу жатығуларын орындау арқылы оқушылардың және ақпарат көздері арқылы қызығушылығын ояту.

  • Оқушыларды өз денсаулықтарын күтуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, топпен жұмыс

Тілдік мақсаттар: Пәнге қатысты лексика және терминалогия: Оқытудың тілдік мақсаты түсіндіру үшін топта жұмыс істеу арқылы айтылым, тыңдалым және жазылым дағдылары жүзеге асады.

Құндылықтарға баулу: «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру Зайырлы қоғам және жоғары руханият -Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулықты дамыту туралы түсінік беру;салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

Пән аралық байланыс: волеология

Көрнекіліктер: Интерактивті тақтамен жұмыс, слайд, кітаптар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару

  • Психологиялық ахуал. Шаттық шеңберін құрып « Жүректен жүрекке» тренингі (Жұмсақ жүрек)ойыншығы арқылы оқушылар бір-біріне бере отырып жылы тілектерін білдіреді.

  1. Үй тапсырмасын тексеру (өткен материалды қайталау) Кім жылдам.(сұрақ - жауап)

  1. Жүректің құрылысы?

  2. Қан тамырлары нешеге бөлінеді?(3- ке артерия, вена, қылтамыр -капиляр)

  3. Жүректің жұмысын зерттейтін ғылымды қалай атайды? (кордиология)

  4. Қанайналым дегеніміз?

  5. Қаның құрамы?

  1. Жаңа сабақ жоспары:


2-слайд Тыныс алу жүйесінің маңызы. Тыныс алу тірі ағзаларға тән қасиет. Тынысалу деп организм мен сыртқы ортаның арасындаңы газ алмасуды айтамыз. Жер бетінде тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тыныс алу кезінде оттегін қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. 
3-слайд Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Демалғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар – тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, және бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерінен сақтау үшін жылытылады.
Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі. Тыныс мүшелері мұрыннан басталады Тыныс жолдары екіге бөлінеді: а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары; ә) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны – өкпе альвеолалары (лат.альвеолус — ойма қуыс, науа). Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрайды. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі – өкпе. 

4-слайд Тыныс алу мүшелері – суреттер


5-слайд: Тыныс алу мүшелерінің құрылысы 
1-мұрын қуысы

2- жұтқыншақ

3- көмекей қақпақшасы

4- көмекей

5- кеңірдек

6- оң жақ өкпе


7- диафрагма

8- ауатамырлар 

6-слайд Тыныс алу мүшелерінің қызметі.

Тыныс алу жолындағы мұрын қуысында (кеңсірік) көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан бөлінген шырыш шаң тозаңдарды ұстап қалады әрі ауаны ылғалдандырады.

Сілемейлі қабықшадағы қылтамырлар ауаны жылытады. Ондағы қан жасушалары – лейкоциттер мұрын қуысына енген микробтарды жояды. 

Көмекей  мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін сілемейлі қабықша астарлайды. Қабырғасы – 3 сыңар, 3 жұп шеміршектен түзілген. Шеміршектерге бұлшықеттер бекінеді. Дыбыс сіңірлері шеміршекке бекінеді. 

Кеңірдек – көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9–12 см. Кеңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 бронхыға тармақталады. 
 Бронхы (грекше «bronchus» – тыныс алқымы) кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті кілегейлі қабықшамен қапталған. Бронхылар өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары бронхиолдар (грекше «bronchіolі» – кішірею) деп аталады. Бронхиолдардың ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршіктерімен (альвеолалармен) аяқталады. 
Альвеоланың (латынша «alveolus» – ұяшық, көпіршік, қуыс) диаметрі 0,2–0,3 мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас капилляр қантамырлары торлап жатады.   
6-слайд Тыныс алу жүйесіне арналған видео көрсетілім 

7-слайд Сергіту сәті. 

1. Терезе, есікті ашып тыныс алу жаттығуын жасату. 


IV. Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары: 
8-9 слайд

1) Интерактивті тапсырма: Тыныс алу жүйесінің компоненттерін табыңдар

2) Тыныс алу жүйесіне байланысты сәйкестендіру кестесін толтыру 



1 Тыныс алу мүшелері 


а) іші ауаға толы өкпе көпіршіктері 


2 тыныс алу 


д) мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше 


3 лейкоциттер 


в) мұрын қусы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, өкпе 


4 көмекей 


г) мүшелер мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу 


5 алвеолалар 


д) көмекейдің жалғасы іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше 


6 кеңірдек 


е) мұрын қуысына енген микробтарды жояды 


V. Қорытынды. Рефлексия. 

VI. Үйге тапсырма беру

§38. Тыныс алудың маңызы.Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі




VІІ Бағалау (Жауап берген оқушыларға таратылған стикер арқылы)


Каталог: 389FDE46B55DA214
389FDE46B55DA214 -> Сабақтың тақырыбы: «Киіз үйді бейнелеу»
389FDE46B55DA214 -> Сабақтың тақырыбы: Портрет түрлері. Салтанатты портрет. Сабақтың мақсаты
389FDE46B55DA214 -> Кіріктірілген сабақтар
389FDE46B55DA214 -> Программалық жабдықтама. Операциялық жүйе 4
389FDE46B55DA214 -> Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс Мақсаты
389FDE46B55DA214 -> Оқу ісінің орынбасары: Аргинова А. С
389FDE46B55DA214 -> ОҚУ Үрдісіне жаңа технологияларды енгізудің тиімділігі
389FDE46B55DA214 -> Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Меирбекова Назипа Нүгербекқызы 2 «Б»класс. Қазақ тілі Эпиграф «Қыс мезгілі өзінше тамаша!» Сабақтың тақырыбы
389FDE46B55DA214 -> Сабақ Ортақ тақырып Сабақ тақырыбы Бөлімше Оқу мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет