Мұрын қуысының



бет1/5
Дата28.05.2023
өлшемі77,57 Kb.
#177841
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ì?ðûí ?óûñûíû?



Мұрын қуысы (cavum nasi) сыртқы мұрынның жалғасы болып саналады және ол ауыз қуысы мен бассүйектің алдыңғы ойығы аралығында орналасқан, ал сыртқы жағынан оны көз ұялары мен мұрынның қосалқы қойнаулары қоршап тұрады. Мұрын қуысын мұрын далдасы екі бірдей жартыға бөледі, артқы жағынан хоана арқылы мұрын-жұтқыншаққа және алдыңғы жағынан танауға ашылады. Мұрын қуысының әрбір жартысы төрт ауатасығыш қосалқы қойнаулармен қоршалған: жоғарғы жақсүйек, торлы, маңдай және негізгі (сына тәрізді), бұлар өз жақтарында мұрын қуысымен байланыста. Мұрын қуысының әр жартысында төрт қабырға бар: жоғарғы, төменгі, ішкі (медиалды), және сыртқы (латералды). Артқы қабырғасына хоана (мұрын-жұтқыншақ тесігі) сәйкес келеді, алдында ашық қалады және танау арқылы сыртқы ауамен қатынасады.
Мұрын қуысының төменгі қабырғасы (мұрын қуысының түбі) жоғарғы жақсүйектің екі таңдай өсіндісінен және артында таңдай сүйектің екі көлденең пластинкасынан құралған. Бұл сүйектер дәл ортаңғы сызық бойында бір-бірімен жік арқылы жалғасқан. Бұл жалғасудан ауытқушылық әртүрлі кемістіктерге әкеледі (қасқыр ауыз, қоян ерін). Мұрын қуысы түбінің дәл ортасында және алдында мұрын-таңдай каналы бар (canalis incisivus), бұл арқылы ауыз қуысына аттас артерия мен нерв өтеді, каналда үлкен таңдай артериясымен байланысады. Бұл жағдай мұрын далдасын сілемейлі қабық асты кесіп алу және осы аймақтағы басқада операциялар кезінде бірталай қан кетуден құтылу үшін есте болу керек. Жаңа туған нәрестелердің мұрын қуысы тістің бастамасымен (зачаткасымен) шектеседі, бұл тістер жоғарғы жақсүйектің денесінде орналасқан.
Мұрын қуысының жоғарғы қабырғасы (төбесі) алдында мұрын сүйектерінен, ортаңғы бөлігінде тесік-тесік (тесіктелген) пластинкадан (lamina cribrosa) және торлы сүйектің жасушаларынан, артқы бөлігінде негізгі қойнаудың алдыңғы қабырғасынан құралған. Тесіктелген пластинканың тесілген тесіктері арқылы иіс сезу нервісінің талшықтары өтеді, бұл иіс сезу нервісінің буылтығы тесіктелген пластинканың бассүйегіне қараған бетінде жатыр. Бұдан басқа бұл тесік-тесік пластинка арқылы торлы нерв және вена өтеді, сол сияқты бұл арқылы мұрын қуысынан бассүйектің алдыңғы шұңқырына өтуге болады. Клиникалық тұрғыдан есте болу керек, жаңа туған нәрестелердің тесік-тесік пластинкалары фиброзды болып саналады, тек үш жасына қарай сүйектенеді.
Мұрын қуысының ішкі (медиалды) қабырғасы немесе мұрын далдасы (орталығы) алдыңғы шеміршекті және артқы сүйекті бөліктен тұрады. Сүйекті бөлігін – торлы сүйектің перпендикулярлы пластинкасы және желбезек, шеміршекті бөлігін – төртбұрышты шеміршек құрайды. Төртбұрышты шеміршектің жоғарғы шеті – мұрын қырының алдыңғы бөлігін құрайды. Мұрын кіреберісінде, төртбұрышты шеміршектен алдыға және төмен қарай, сырттан көзге көрінетін мұрын далдасының қимылдайтын терілі-жарғақты бөлігі бар. Жаңа туған нәрестелерде торлы сүйектің перпендикулярлы пластинкасы жарғақты құрылым болып келеді, тек алты жасына қарай оның сүйектенуі бітеді. Перпендикулярлы пластинканың желбезекпен және төртбұрышты шеміршекпен қосылған жерлерінде бір тілім (жолақ) шеміршек бар – өсу зонасы. Кейде бұл жерде мұрын далдасының жотасы және тікенекке ұқсас шошағы пайда болады, бұлардың өзі мұрынмен тыныс алуды қиындатады және олардың мұрын кеуілжірлеріне (қалқандарына) жанаса тиюі неврозбен және бастың ауруын шақыруы мүмкін. Әдетте мұрын далдасы дәл ортаңғы жазықтықтың бойында болмайды. Мұрын далдасының ортаңғы сызықтан әжептәуір қисаюы, мұрын арқылы тыныс алудың бұзылуына әкеледі.
Мұрын қуысының сыртқы (латералды) қабырғасы құрылысы жағынан тым күрделі. Бұны құрауға алдыңғы және ортаңғы бөлігінде мұрын сүйегінің ішкі беті, жоғарғы жақсүйек қойнауының медиалды қабырғасы және оның маңдай өсіндісі, көз-жас (қаңырақ) сүйек, торлы сүйектің медиалды беті және артқы бөлігінде – таңдай сүйектің перпендикулярлы бөлігі және сына сүйектің таңдайқанат өсіндісі қатысады. Сыртқы қабырғасында мұрынның үш кеуілжірі орналасқан: төменгі, ортаңғы және жоғарғы. Мұрынның төменгі кеуілжірі өз алдына жеке сүйек болып саналады, оның бекітілу сызығы – дөңесі жоғары қараған доға құрайды, сондықтан бұны жоғарғы жақсүйек қойнауына пункция жасарда және конхотомия операциясында еске алу қажет. Ортаңғы және жоғарғы кеуілжірлер торлы сүйектің өсінділері болып саналады. Ортаңғы кеуілжірдің алдыңғы шеті торлы лабиринттің ауатасығыш жасушасымен (concha bullosa) жиі жел үрлеген көпіршік түрінде болады. Барлық мұрын кеуілжірлері бір жақ бүйір жиектерімен мұрынның латералды қабырғасына бекітіліп, басқа жақ жиектері медиалды және төмен қарай салбырап түсіп тұрады, сөйтіп бұлардың астыларында өздеріне сәйкес мұрынның төменгі, ортаңғы және жоғарғы жолдары құрылады. Мұрынның жоғарғы кеуілжірімен және негізгі қойнау аралықтарындағы кішкентай кеңістік – сфеноэтмоидалды кеңістік деп аталады, әдетте оны мұрынның жоғарғы жолына жатқызады. Мұрын далдасымен және мұрын кеуілжірлері аралықтарында саңылау түрінде бос кеңістік қалады, ол мұрынның түбінен төбесіне дейін жалғасады – бұл мұрынның жалпы жолы. Жаңа туған нәрестелерде мұрынның төменгі кеуілжірі мұрынның түбіне дейін төмен түседі, барлық мұрын жолдарының біршама енсіздігі байқалады, бұл жағдайлар кішкентай балаларда мұрын сілемейлі қабығының аздаған ісінуінің өзінде тез басталатын мұрын арқылы тыныс алудың қиындауына себепші болады.
Мұрынның төменгі жолы мұрынның түбінен және мұрынның төменгі кеуілжірінің жиегіне дейінгі аралықта орналасады. Мұрынның төменгі жолының латералды қабырғасы төменгі кеуілжірдің бекітілу сызығына қарағанда негізгі табанына қарай әжептәуір қалыңдау, сондықтан жоғарғы жақсүйек қойнауына пункцияны кеуілжірдің бекітілу сызығының ең жоғарғы нүктесінде жасау қажет. Үлкендерде бұл нүкте кеуілжірдің алдыңғы шетінен артына қарай 2см аралықта орналасқан. Мұрынның төменгі жолының латералды қабырғасында, төменгі кеуілжірдің алдыңғы шетінен артына қарай 1-1,5см аралықта мұрын-көзжас каналының шығарушы тесігі бар. Бұл тесік туғаннан кейін пайда болады, оның ашылуының кідіруі көз жасының қайтуын (ағылуын) бұзады, бұның өзі каналдың киста тәрізді ұлғаюына және мұрын жолының тарылуына әкеледі
Мұрынның ортаңғы жолы төменгі және ортаңғы кеуілжірлердің аралықтарында орналасқан, оның латералды қабырғасында орақ тәрізді (жарты ай тәрізді) саңылау бар (hiatus semilunaris), оның артқы бөлігі алдынан біраз төмен, жалпақтығы 2-3мм. Бұл саңылауды бірінші рет Н.И.Пирогов анықтаған. Ортаңғы жолдың бұл саңылауына, артқы бөлігіне тесік арқылы – жоғарғы жақсүйек қойнауы, алдыңғы-жоғарғы бөлігіне жиі – маңдай қойнаудың каналы және торлы сүйектің алдыңғы және ортаңғы жасушалары ашылады.
Мұрынның жоғарғы жолы ортаңғы кеуілжірден мұрынның ең жоғарғы бөлігіне (төбесіне) дейін жалғасады және сфеноэтмоидалды кеңістікте осы жолдың ішінде қоса есептеледі. Мұрынның жоғарғы жолына жоғарғы кеуілжірдің артқы шеткі деңгейінде негізгі қойнаудың саңылауы ашылады. Сол сияқты мұрынның жоғарғы жолымен торлы лабиринттің артқы жасушалары да байланысады. Бұндай топографиялық байланыста мынаны ескеру қажет, негізгі қойнау және торлы лабиринттің артқы жасушаларының іріңді қабынуында, ірің ортаңғы кеуілжірдің үстінде жиналады және хоана арқылы артқа ағып, жұтқыншақтың артқы қабырғасына жиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет