Минералдық тұздардан



бет1/4
Дата16.03.2023
өлшемі27,39 Kb.
#172681
түріҚұрамы
  1   2   3   4
Байланысты:
бұлшықет


Бұлшық ет

Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і белокмайкөмірсу және минералдық тұздардан тұрады. Адам денесінде 400-ден астам бұлшық ет бар, олар дене салмағының 40%-тен астамын құрайды. Бұлшық ет пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне байланысты алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ болып келеді. Көбіне, ұзын бұлшық ет қол мен аяқта, қысқа бұлшық ет омыртқа бағанасы бойында, жалпақ бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан. Кейбір ұзын бұлшық ет түрлі сүйектерден басталады да екі басты, үш басты және төрт басты болып келеді. Организмдегі бұлшық ет тіндерін екі түрге бөледі: а) қаңқалық көлденең жолақты бұлшық еттер. Бұлар тірек-қимыл мүшелеріне қатысты денені әр түрлі қозғалысқа келтіреді, жиырылу жылдамдығы өте жоғары болады; ә) бірыңғай салалы (тегіс) бұлшық еттер ішкі органдардың қызметін қамтамасыз етеді, баяу жиырылады, үнемі ұзақ қозғалыста болады. Бұлшық ет пішініне немесе бекитін сүйектеріне сай шаршыүшбұрыштыжұмырдельтажолақ деп аталады. Ал қызметіне қарай — бүккішжазғыш,әкелушіәкетуші; орналасқан жеріне қарай — төс-бұғана бұлшық етіқабырға аралық бұлшық еттер, т.б. болып ажыратылады. Бұлшық ет тірек-қимыл мүшесіне жатады. Дененің қозғалысы мен қызметі Бұлшық еттің жиырылғыштық қасиетіне байланысты. Оның жиырылу процесі жүйке талшықтары импульстерінің әсерімен рефлекторлы түрде өтеді. Бұлшық етте қан тамырларыжүйке түйіндері мен талшықтары және лимфалық құрылымдар орналасады.
Маңызы
Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттің катысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-тендігін сақтайды. Кеуде куысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу козғалысына қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің козғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшыкеттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі.
Таңғажайып фактілер
• Бұлшық еттер дене салмағының бестен екі 2/5 бөлігіне дейін мөлшерді құрайды.
• Орташа алғанда ерлерде әйелдерге қарағанда дене салмағының бұлшық еттер салмағына қатынасы артық болады.
• Ең үлкен бұлшық ет - бөксе бұлшық еті, ол жүру, жүгіру және секіру кезінде артқа қарай, ал денені алдыға қарай итеру қызметін атқарады.
• Ең кіші бұлшық ет- құлақтың түпкі жағында орналасқын көлемі "1" санының мөлшеріндей үзеңгі бұлшық ет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет