1. Жасуша емес құрылымдар- симпласт және жасуша аралық зат жасуша туындылары ретінде. Синцитий



бет1/3
Дата12.12.2021
өлшемі27,55 Kb.
#99781
түріҚұрамы
  1   2   3

1. Жасуша емес құрылымдар- симпласт және жасуша аралық зат жасуша туындылары ретінде. Синцитий.

Барлық тіндерде, олардың қасиетін анықтайтын негізгі элемент – жасушалар. Адам организмінде тіндер құрамына жасушадан басқа, жасушалардын туындылары болып табылатын жасушаемес құрылымдар да кіреді. Жасушаемес құрылымға: симпласт, синцитий және жасушааралық зат жатады.

Симпласт– сыртынан плазмолеммамен жабылған, цитоплазмасында көптеген ядролары бар құрылым. Олар біртипті жасушалардың қосылуынан пайда болады. Симпластқа мысал ретінде қаңқа бұлшықет талшықтары, трофобласттың сыртқы қабаты (цитотрофобласт жасушаларынан түзілген көпядролы құрылым), сүйек жасушалары остеокластты (преп.қара) келтіруге болады.

Синцитий – бұл цитоплазмалық көпіршелері (1) арқылы байланысқан жасушалар тобы. Синцитий толық бөлінбеу нәтижесінде түзіледі. Яғни жасушада ядро мен цитоплазмада бөлінеді, бірақ түзілген екі жас жасуша бір-бірінен толық ажырамай цитоплазмалық көпіршелері (1) арқылы байланыста болады. Мысалы, аталық жыныс безде жүретін үздіксіз процесс сперматогенезде, (сперматозоидтың түзілуі иректелген ұрық түтігінде өтеді) сперматогендік жасушалар бөлінгенмен бірбірімен осы көпіршелер (1) арқылы байланыста болады, бұл олардың өзара ақпарат алмасуына жағдай жасайды.

Жасушааралық заттың құрылымдық компоненттері: негізгі зат пен осында орналасқан талшықтардан (бір немесе бірнеше түрі) қалыптасқан. 2) Шығу тегі: жасушааралық зат құрылым компоненттері жасуша ішінде синтезделіп, соңынан жасушааралық кеңістікке бөледі Осы бөлінген өнімдер қосылып бірігіп жасуша туындысын түзеді. 3) Мөлшері: барлық тіндерде бірдей емес. Дәнекер тіндерінде өте көп (жасушадан да көп), ал эпителий және нерв тіндерінде тіпті жоқ десе де болады.

2. Жасуша туралы ұғым. Жасуша (торша) тірі ағзаның ең кіші бөлігі. мен Эукариотты жасушалардың жалпы құрылысы: жасуша қабығы, цитоплазма, ядро. Жасуша туындысы ретінде жасушаемес құрылымдар.Жасушаның пішіні және өлшемінің арақатынасы.

Плазмолемма, немесе жасуша қабықшасы, жасушаны сыртынан қоршап қана қоймай, оның сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді. Қалыңдыңы шамамен 10 нм, құрамы 40% липидтерден, 5—10% көмірсулардан (гликокаликс құрамында), және 50—55% ақуыздардан тұрады. 3 бөлімнен тұрады: Гликокаликс; Қарапайым биологиялық мембрана; Мембранаасты (тіректік-жиырылғыштық құрылымдар) қабаты. Плазмалемманың беткейінде мембранаүсті қабат— гликокаликс орналасқан. Қалыңдығы 3-4 нм. Гликокаликс бұл плазмалеммамен байланысқан гликопротеинді жиынтық болып табылады. Көмірсулар ұзын, тармақталған полисахарид тізбектерінен тұрады, олар плазмалемманың ақуыздары мен липидтерімен байланысқан (1сур қара). Гликокаликс рецепторлы және маркерлі қызмет атқарады, сонымен қатар заттардың іріктемелі түрде тасымалдауға және қабырғалық (мембраналық) асқорытуға қатысады.

Биологиялық мембрана негізінде - амфифильді липидтердің қос қабаты жатыр. а) Бұндай липидтер молекуласынының 2 бөлімі болады: гидрофобты (май қыш-ң екі көмірсутекті «құйрықтары») және гидрофильді (көмірсудың спирт қалдығы, азотты негізі). б) Сулы ортада бұл молекулалар өздігінен қос қабатты құрайды, онда гидрофобты бөлімі бір-біріне, ал гидрофильді бөлігі – сулы ортаға бағытталған.

Мембрана құрамына сонымен қатар ақуыздар да кіреді. Интегральді ақуыздар (3) мембрананың липидті қос қабатына толық терең еніп тұрады. Ал перифериялық ақуыздар (4) мембрана беткейінің бірімен байланысады. Мембранаға жартылай еніп тұратын ақуыздар – жартылай интегральді (5) деп аталады. Қызметі бойынша түрлері: фермент-ақуыздар, тасмалдаушы ақуыздар, рецепторлық, құрылымдық ақуыздар.

Ал ішкі бетінен (цитоплазмаға қараған беті) биологиялық мембранаға субмембраналық қабат жанасады. Бұл қабат жасуша цитоқаңқасының тығыздалған бөлімі болып табылады. Мембранаасты қабат микрофиламенттер мен микротүтікшелерден тұрады. Ол жасушаға пішін беріп, қабықшаның қозғалғыштығын қамтамасыз етеді.

1. Тіректік Мембрана жасуша түзуге қатысады: оған жасушаішілік қаңқа элементтері жанасады (микротүтікшелер, микрофиламенттер және аралық филаменттер). 2. Рецепторлы Плазмалемманың сыртқы беткейінде маманданған рецептор– ақуыздар (гормон, медиатор, антигенмен байланысатын) орналасуы мүмкін. 3. Басқа жасушалармен байланыс Жасуша рецепторладың көмегімен басқа жасушаларды танып, олармен адгезия арқылы байланыс орнатуы мүмкін. 4. Барьерлі Құрамындағы липидтті биқабат арқасында мембрана арқылы көптеген заттар (гидрофильді қосылыстар, иондар) өте алмайды, яғни цитоплазманы сыртқы ортадан жақсы шектейді. 5. Тасмалдау Сонымен қатар плазмалемма құрамында заттарды (төмен-, жоғарымолекулалы, сұйық және қатты заттар) тасмалдайтын жүйелер бар.

• Цитоплазма (cytoplasma), қоршаған ортадан плазмолеммамен бөлінген, құрамына гиалоплазма, тұрақты түрдегі жасушалық компоненттер, сонымен қатар әртүрлі тұрақсызқосылыстар кіреді. Гиалоплазма ( грек тілінен аударғанда hyalinos - түссіз), немесе цитоплазманың матриксі, жасушаның өте маңызды бөлігі, оның шынайы ішкі ортасы болып табылады. Гиалоплазма - бұл әр түрлі биополимерлерді: белоктарды, нуклеин қышқылдарын, полисахаридтерді және т.б. қамтитын күрделі коллоидты жүйе. Бұл жүйе зол тәрізді (сұйық) күйден гель тәрізді күйге және кері айналуға қабілетті. Гиалоплазма негізінен әртүрлі глобулярлы ақуыздардан тұрады, олар эукариотты жасушадағы жалпы белок құрамының 20-25% құрайды. Гиалоплазманың ең маңызды ферментіне қант алмасуының ферменттері, азотты негіздер, амин қышқылдары, липидтер және басқа да маңызды қосылыстар жатады. Гиалоплазмада аминқышқылдарын белок синтезі, тасымалдау (трансферналар) кезінде РНҚ (тРНҚ) кезінде активтендіруге арналған ферменттер бар. Гиалоплазмада рибосомалар мен полирибосомалардың (полисомалардың) қатысуымен нақты жасушалық қажеттіліктер үшін, белгілі бір жасушаның тіршілігін сақтау және қамтамасыз ету үшін қажетті ақуыздар синтезделеді.

Ядро - барлық толыққанды эукариоттық жасушалардың міндетті құрылымы. Ол генетикалық ақпараттың (ДНҚ) сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ, бұл ақпаратты ақуыз синтезі процесінде жүзеге асырады. Ақуыздардың синтезін және оның реттелуін қамтамасыз етумен қатар, ядро бөліну кезінде аналық жасушаларға тұқым қуалайтын ақпаратты беруге дайындалады. Бұл генетикалық материалдың аналық жасушаларына беру үшін екі еселену нәтижесінде пайда боладыЯдроның қызметтері: 1. Хромосомалардың ДНҚ молекулаларында тұқым қуалайтын ақпаратты сақтау. 2. Ақуыздар синтезін қамтамасыз ету және жасушадағы барлық синтетикалық процестерді бақылау арқылы тұқым қуалайтын ақпаратты жүзеге асыру (аРНК, тРНҚ, рРнқ синтезі, рибосомалардың суббірлігі және т. б.). 3. Генетикалық ақпаратты жасушалардың бір ұрпағынан (буынынан) келесі ұрпағына беріп отыру. 4. Қажет болған жағдайда – басқарылатын бағдарланған жасуша өлімін өзін-өзі жоюды (апоптоз) іске асыруЯдро құрылысы Интерфазалық жасушада ядро 4 компоненттен тұрады: 1. Кариоплазма 2. Хроматин 3. Кариолемма 4. Ядрошық





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет