1. Жасуша емес құрылымдар- симпласт және жасуша аралық зат жасуша туындылары ретінде. Синцитий


Жасуша қабығы. Ішкі жасушалық (плазмалық) мембрана. Құрылымдықхимиялық ерекшелігі. мембрана үсті (гликокаликс), мембрана асты (қыртысты) қабаттарына сипаттама



бет3/3
Дата12.12.2021
өлшемі27,55 Kb.
#99781
түріҚұрамы
1   2   3
4. Жасуша қабығы. Ішкі жасушалық (плазмалық) мембрана. Құрылымдықхимиялық ерекшелігі. мембрана үсті (гликокаликс), мембрана асты (қыртысты) қабаттарына сипаттама.

Плазмолемма, немесе жасуша қабықшасы, жасушаны сыртынан қоршап қана қоймай, оның сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді. Қалыңдыңы шамамен 10 нм, құрамы 40% липидтерден, 5—10% көмірсулардан (гликокаликс құрамында), және 50—55% ақуыздардан тұрады. 3 бөлімнен тұрады: Гликокаликс; Қарапайым биологиялық мембрана; Мембранаасты (тіректік-жиырылғыштық құрылымдар) қабаты. Плазмалемманың беткейінде мембранаүсті қабат— гликокаликс орналасқан.Қалыңдығы 3-4 нм. Гликокаликс бұл плазмалеммамен байланысқан гликопротеинді жиынтық болып табылады. Көмірсулар ұзын, тармақталған полисахарид тізбектерінен тұрады, олар плазмалемманың ақуыздары мен липидтерімен байланысқан (1сур қара). Гликокаликс рецепторлы және маркерлі қызмет атқарады, сонымен қатар заттардың іріктемелі түрде тасымалдауға және қабырғалық (мембраналық) асқорытуға қатысады. Ал ішкі бетінен (цитоплазмаға қараған беті) биологиялық мембранаға субмембраналық қабат жанасады. Бұл қабат жасуша цитоқаңқасының тығыздалған бөлімі болып табылады. Мембранаасты қабат микрофиламенттер мен микротүтікшелерден тұрады. Ол жасушаға пішін беріп, қабықшаның қозғалғыштығын қамтамасыз етеді.



5. Морфологиялық сипаттама және сүзгілік механизм, рецепторлық және транспорттық функциясы. Функция үрдісінде плазмалық мембрананың мембрана үсті және мембрана асты қабаттарының байланысы.

Тасмалдау қызметін атқару арқылы плазмолемма бірқатар заттардың диффузиясын (пассивті тасмалдау) қамтамасыз етеді, мысалы су, иондар, кейбір төменмолекулалық қосылыстар. Басқа да заттар мембранадан активті тасымалдау, яғни концентрация градиентіне қарсы, энергия жұмсау (АТФ ыдырауы нәтижесінде) арқылы өтеді. Мысалы: көптеген органикалық заттар (қанттар, аминқышқылдары және т.б.). Аталмыш процесстер иондардың тасмалдануымен қатар жүруі мүмкін, арнайы тасмалдаушы-ақуыздар көмегімен. Активті тасмалдау түрлері: Эндоцитоз – әртүрлі заттардың жасуша сыртынан жасуша ішіне қарай ену процессі. Экзоцитоз – заттардың жасушадан сыртқа шағарылу процессі. Бұл кезде жасушаішілік везикулдар сыртқа шығарылады, ал олардың мембраналары жасуша қабықшасымен бірігіп кетедіЖасушаға ірі қосылыстар мен бөлшектердің тасмалдануы (эндоцитоз) 1. Пиноцитоз Жасушаның еритін жоғарымолекулярлы қосылыстарды жұтуы мен енуі. 2. Фагоцитоз Қатты бөлшектердің енуі. 3. Рецепторлармен көмегімен эндоцитоз Енетін субстрат алдын ала плазмолемманың беткейіндегі рецепторлармен байланысады Барлық жағдайда, алдымен плазмолемма цитоплазмаға қарай иіле еніп, өлшемі әртүрлі ойықтар жасайды. Ойықтар қармаған заттармен бірге жасуша плазмалеммасымен цитоплазмаға қарай тартылып үзіледі де, көпіршік (эндосома) п.б.. Жасушадан ірі қосылыстармен бөлшектердің сыртқа тасмалдануы (экзоцитоз) 1. Секреция а) жасушадан еритін қосылыстардың шығарылуы. б) өлшемі әртүрлі заттар болуы мүмкін - жоғарымолекулярлы (мысалы, ақуызды гормондар), және төменмолекулярлы (иондар). в) аталған заттар бірде секреторлы көпіршік ретінде, ал енді бірде жеңілдетілген диффузия арқылы сыртқа шағарылуы мүмкін. 2. Экскреция Жасушадан қатты бөлшектердің сыртқы шағарылуы. Бұл кезде жасушаішілік везикулдар сыртқа шығарылады, ал олардың мембраналары жасуша қабықшасымен бірігіп кетеді. 3. Рекреция Рекреция – қатты бөлшектердің жасушадан шығарылуы: фагоцитоз және экскреция жатады. Көптеген жасушалардың плазмолеммасы құрылысы әртүрлі құрылымдарды түзуге қабілетті, олардың құрамында цитоплазманың маманданған компоненттері болады (микротүтікшелер, микрофибриллалар). Бұндай құрылымдарға — микробүрлер, кірпікшелер, жгутиктер жатады. микробүрлер кірпікшелер жгутик Соның ішінде ең кең таралған микробүрлер. Бұл плазмалеммамен шектелген цитоплазманың өсінділері б.т. Пішіні цилиндр т/ді, (d=100 нм). Микробүрлер эпителий жасушаларына тән. Олардың санының өсуі, жасушаның беткейінің ауданын ұлғайтады. Бұндай қасиет әсіресе сіңіру қызметін атқаратын (ішек) жасушалар үшін мағызды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет