Иіс сезу қызметі.
Адамдарда иіс сезу қызметі – нейроэпителиалды иіс сезу жасушалары-хеморецепторлары бар иіс сезу зонасының сілемейлі қабығы арқылы орындалады. Иіс сезу аймағы иіс сезу саңылауынан басталады (rimma olfactoria), бұл саңылау мұрынның ортаңғы кеуілжірінің төменгі шеті және мұрын далдасы аралықтарында орналасқан, ені 3-4мм болады. Иіс сезу саңылауы үстіне қарай иіс сезу аймағына өтеді, бұл аймақ мұрынның жоғарғы латералды және медиалды қабырғаларында және күмбезге дейін орналасқан. Иіс сезу саңылауы жабылып қалғанда респираторлық иіс сезу қабілетінің төмендеуі – гипосмия, иіс сезбеу – аносмия басталады. Егер нағыз рецепторлардың өздері зақымдалған жағдайда оны иіс сезу нерв невриті деп атайды, ал бұл кездегі иіс сезудің бұзылуын – эссенциалдық гипо немесе аносмия дейді. Көбінесе бір жақты иіс сезбеу (аносмия) – бас мидың маңдай бөлігі ісіктерінің немесе іріңдігінің белгісі болып келуі мүмкін.
Дыбысты жаңғырту (резонаторлық) қызметі.
Мұрын қуысы және қосалқы қойнаулар дауыстың тембірін , әртүрлі дауыс үндерін ұлғайтып және дауыстың бояу өзгерістерін құрауға қатысатын ағза болып саналады. Кішірек қойнаулар (торлы лабиринт, сына тәрізді қойнау) тым жоғарғы дыбыстарды жаңғыртады, ал ірі қойнаулар (жоғарғы жақ және маңдай қойнаулары) тым төменгі үндерді жаңғыртады. Үлкен кісілерде қалыпты жағдайда қосалқы қойнаулар қуыстары өзгермейді, сондықтан дауыстың тембірі бүкіл өмір бойы тұрақты болады. Қосалқы қойнаулардың қабыну процестерінде, оның сілемейлі қабықтарының қалыңдауына байланысты дауыс тембірінің аздаған өзгерісі байқалуы мүмкін (бұны әншілер бұрын байқайды). Жұмсақ таңдайдың жағдайы белгілі дәрежеде дыбыстың ашықта жақсы естілуін реттейді, бұл кезде мұрынжұтқыншақ және мұрын қуысы жұмсақ таңдайдың көмегі арқылы жұтқыншақтың ортаңғы бөлігінен, көмейден бөлектеніп жабылады. Жұмсақ таңдай кейбір дауыссыз дыбыстарды (м, н , л) шығару мезгілдерінде бос салбырап тұрады, бұл кезде мұрын-жұтқыншақ және хоаналар ашық қалады да дауыс мұрынның рең өзгешелігіне ие болады. Жұмсақ таңдайдың салдануында немесе ол толық бітпей, ашық қалған жағдайларда ашық мыңқылдап сөйлеу пайда болады, ал мұрын қуысы, хоаналар және мұрын-жұтқыншақ бітеліп қалған жағдайларда (полиптерде, аденоидтарда, ісіктерде, мұрын кеуілжірлерінің гипертрофиясында) жабық мыңқылдап сөйлеу байқ