«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз.
Қазіргі Қазақстан тарихын зерттеу енді-енді өріс ала бастады.Қазіргі Қазақстан тарихы пәнін оқыту қоғамның бойында патриотизм мен азаматтық позицияны қалыптастыруға ,Қазақстанның сын ғасырлық тарихы бойынша терең ғылыми білімдерді бекітуге ықпал етуші фактор болуы тиіс.Әсіресе ,Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы ,қоғамның саяси ,экономикалық және әлеуметтік салалардағы реформалар үрдісі ,ішкі және сыртқы саясаттағы жетістіктері өскелең ұрпақ санасына құйылуы тиіс.
Тәуелсіз Қазақстан тарихы –бұл Отандық тарихтың заңды жалғасы және маңызды бөлігі болып табылады.Өткенсіз бүгін ,бүгінсіз ертең жоқ деген қанатты сөз тарих ғылымының қоғамның бүгіні мен ертеңіндегі маңыздылығын нақты анықтап тұр.Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің іргетасын әлемнің елеулі бөлігіне ықпал еткен ұлы дала көшпенділерінің мемлекетін дәстүрі және бірнеше жүз жылдық барысындағы қазақтардың азаттық жолындағы күрес тарихы,Ресей және Кеңестік Социалистік Республикалар одағы құрамында өмір сүрген тәжірбиесі құрайды.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының төрінде Қазақстан халқының жаңа мемлекет құраудағы төзімділігі,ізгілігі еңбексүйгіштігі шешуші рөл атқарады.Ең бір қиын кезеңдерде де Қазақстан азаматтары жарасқан ынтымақ-бірлігімен соғысқа, жанжалға жол бермеді.
Қазақстанның шынайы тәуелсіздік жолына түскеніне небәрі 25 жыл ғана болды.Осы аз ғана уақыттың қазақ келешекте өмір сүріп,күн кешетін жас ұрпақ өз атамекенінің тарихын,өз шыққан тегін, ата-бабаларының тарихы тәжірбиесін әрі қарай мақтанышпен жалғастыру үшін білу керек.
Қорыта айтқанда,Қазақстан тарихы пән ретінде жастардың дүние танымдарын,азаматтық позицияларының қалыптасуына зор ықпал етеді,яғни өз елінің, өз халқының тарихын білу патриоттық сезімдерді туғызады.
ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз.
ХІХ - ғасырдың аяғынан бастап Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық - саяси
өмірінде күрделі өзгерістер болды. Қазақ қоғамында демократиялық ой - пікір, ұлттық сана өсті
Отаршылдық - әкімшілік басқару жүйесі қазақ халқының алдыңғы қатарлы азаматтарының сана -
сезімі, ұлттық намысы оянуына түрткі болды. Ұлттық езгіге қарсы қозғалыстарының басында енді
қазақ зиялыларының талантты тобы тұрды. Олар Ресей демократиялық саяси қозғалысымен таныс
болып, орыстың озық ойлы демократтарының еңбектерін оқып білді.
Патша үкіметінің Қазақстандағы саяси тәртібі, оның салдары және соған байланысты қазақ
қоғамында саяси ой - пікірдің қалыптасуы, дамуы туралы ғылыми зерттеулер жазылып, кеңестік
дәуірге сәйкес бағасын алды. Бірақ оларда қазақ ағартушыларының және зиялыларының
еңбектеріндегі саяси - құқықтық идеяларына ұлттық мүдде тұрғысынан баға берілмеген.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде әлемдік тарихта ірі оқиғалар болып өтті. Ірі империалист
Державалар арасындағы қайшылықтардың түбіне жете шиеленісуі бір - біріне қарсы екі әскери
одақтың (Үштік Одақ және Антанта) құрылуына әкелді. Ғасыр басында империализм дәуіріндегі
алғашқы ірі қақтығыс - орыс - жапон соғысы болған еді. Ірі елдердің отарлық бұғауындағы
халықтардың ұлт - азаттық күресі жандана түсті. Тәуелсіздік үшін күрескен ұлттық буржуазия
өкілдерімен қатар осы елдерде пайда болған ұлттық интеллигенция өкілдерін, жұмысшыларын және
шаруалары мен қолөнершілерін қамтыған алғашқы ұлттық ұйымдар пайда болды, жергілікті
баспасөз дамыды. Отаршылдарға наразылық көрсету неғұрлым саналы, әрі ұйымшыл түрде өтіп, ұлт- азаттық сипатқа ие болды.
ХХ ғасырдың басы қазақ зиялыларының саяси, құқықтық ойлары
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және мәдени дамуында ХІХ
ғасырдың екінші жартысымен салыстырғанда едәуір өзгерістер болды. Осы өзгерістермен қатар ел
өміріндегі саяси оқиғалар да қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуына әсерін тигізді. ХІХ -
ХХ ғасырлар тоғысында пайда болған ұлттық интеллигенция тобы өлкедегі азаттық жолындағы
күрестің өсуінде айтарлықтай рөл атқарды. Олардың қазақ даласында оқу - ағарту, мәдени
шараларды дамытудағы еңбектері де әлемдік өркениетке деген ұмтылысы мөн талпынысын
білдіреді.
Жаңа ғасырдың бастауымен бірге Ресей өкіметінің отаршылдық саясатының бұрынғыдан да күшейе
түсуі ұлт - азаттық қозғалысындағы жас қазақ интеллигенциясының рөлін күшейте түсті. Бұл кездегі
қазақ интеллягенциясы өзінің құрамы, бағыты, мақсаты және қоғамдық - саяси қызметінің сипаты
жағынан әртүрлі топтарды біріктірді және олардың негізгі бөлігін әдебиетшілер, мұғалімдер,
адвокаттар, дәрігерлер және тағы басқалар құрады.
Қазақ интеллигенциясының осы кезеңдегі тарихи орны қазақ халқының өлкедегі аграрлық мәселенің
әділ шешілуімен, оқу - ағарту ісінің дамуымен және отарлық езгіге қарсы күресімен тығыз
байланыста айқындалды. Ұлт - азаттық күресіндегі қазақ интеллигенциясының алғашқы және
табанды өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Бақытжан Қаратаев, Мұхаммеджан
Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Әлімхан Ермеков және т.б. болды.
Олардың құрамы да өздерінің саяси көзкарастарымен, іс - әрекеттерімен айрықшаланды. Олардың
кейбірі социалистік идеяларды ұстанды, социал - демократтармен бірлесіп жұмыс істеді. Олардың
ықпалы жағынан неғұрлым басым екінші бір бөлігі либералдық - демократиялық позицияларда бол -
ды. Бұл бағыттың жұрт таныған өкілдері Ә. Бөкейханов, Б. Ка - ратаев және тағы басқалар либералдық - демократиялық бағытты қорғады.
1905 - 1907 жылдары Ресейде болған алғашқы орыс революциясы да қазақ даласының саяси
оянуына, өлкеде езгінің отаршылдық, әлеуметтік және басқа да түрлеріне қарсы ұлт - азаттық,
жұмысшы, аграрлық және баска да қозғалыстардың өрістеуіне едәуір дәрежеде серпін берді. ХХ
ғасырдың алғашқы ширегін қазақстандық тарихшылардың бір тобы "саяси күрестер мен рухани
жаңғырту кезеңі" деп атауға әбден лайық екендігін атап көрсетті. Саяси күрестер мен рухани
жаңғырту кезеңінің тарихы 1905 - 1907 жылдардағы орыс революциясынан басталатынын айту
әбден орынды болмақ. Өйткені, осы жылдардағы орыс революциясы қазақ даласындағы ұлттық
қозғалыстың бастау алуына өз ықпалын тигізді. А. Байтұрсынов айтқандай осы кезеңде "Бұл дала
саясат ісіне тартылып, азаттық қозғалысының ағынына араласты"
1905 жылы 25 шілдеде Қарқаралы қаласына таяу Қоянды жәрмеңкесінде алаш қозғалысы
жетекшілерінің бастамасымен өткен қазақ сьезінде әлеуметтік - экономикалық талаптармен бірге
саяси талаптар да қойылған. Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы атына жазылған петиция
қабылданды. Ә. Бөкейханов пен Ж. Ақбаевтың басшылығымен жазылған бұл петицияда үкіметке
мынадай талаптар қойылды:
1) Діни сенімге қысым жасауды тоқтату;
2) Қазақ мектептерінде қазақ тілінде оқыту, интернат, пансионат, жоғары оқу орындарының жайы;
3) Қазақ тілінде газет шығару;
4) Переселендердің көшіп келуін тоқтатып, жерді қазақтікі деп жариялау;
5) Қазақтарды атамекен қоныстарынан көшіруді тоқтату;
6) "Далалық билеу Ережесін" өзгерту;
7) Болыстық кеңселер мен халықтық соттарда істі қазақ тілінде жүргізу, өтініштерді қазақ тілінде қабылдау құқығын қалпына келтіру, қызметке қазақ тілін білетін тілмаштарды алу;
8) Сотісін қазақ тілінде жүргізу;
9) Бастықтар мен урядниктердің санын қысқарту;
10) Генерал - губернатордың бұйрығымен жер аударуды тыю;
11) Жоғары үкіметте қазақ депуттарының болуы. Революцияның алғашқы айларынан бастап - ақ
жоғары билік сатысына талаптар қойған Қарқаралы петициясы қазақ өлкесінің оянуына едәуір
себепкер болған аса зор саяси оқиға ретінде тарихта қалды.
Ұлт зиялыларының саяси күресінде Ресей Мемлекеттік Думасына сайлау жүргізу және оған қатысу
айтарлықтай рөл атқарды. Олар өздерінің саяси күресінде Мемлекеттік думаның мінбесін де тиімді
пайдалана білді.
Екінші Мемлекеттік Думаның 1907 жылғы 16 мамырда өткен мәжілісінде Орал облысынан сайланған
Депутат Б. Қаратаев қоныс аудару саясатының қазақтар шаруашылығына тигізген зардаптары
туралы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында "біздің мемлекетте ұйыққан аграрлық мәселені
далалық облыстарға, атап айткаңда, Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарының жеріне
шаруаларды қоныс аудару арқылы шешкісі келеді. Үкіметтің осынау сұрқия саясатынан қазақтарға
аштан қырылу қаупі төніп тұр" деп атап керсетті. Дума төрағасы депутаттың сөзін бөлгенде Б.
Қаратаев Дума мінбесінен шаруалардың жерге деген зәрулігін қанағаттандыру үшін жеке меншік
жерлерді тәркілеу жөніндегі кез - келген ресейлік оппозициялық қозғалыстың әрекетін қазақтар
Дереу қолдайды деп батыл мәлімдеме жасады. Мұның өзі сол жылдардағы ұлт - азаттық күрес
жетекшілерінің саяси белсенділігі мен көзқарастарының қаншалықты өскендігін көрсете алады
Екінші Мемлекеттік Думаға қазақ халқынан сайланған депутаттар кадеттерге қосылды және баска
ұлттық партиялар өкілдерімен бірге орыс шаруаларын шеткері аймақтарға қоныс аударуын тоқтату күштерін ұйымдастырды. Ресей Мемлекеттік Думасы белгілі дәрежеде ұлт зиялыларының саяси -
құқықтық көзқарастарының қалыптасуына ықпал етті, қазақ даласының саяси - әлеуметтік және
мәдени - рухани дамуына серпін берді
1913 жылдан бастап жарық көрген "Қазак" газеті либералдық - демократиялық бағыттағы идеяларды
білдірді. Редакторы А. Байтұрсынов болған "Қазақ" газетінде ұлт зиялыларының сол кездегі жарық
жұлдыздары болған Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, Ж.Аймауытов және
басқалар жұмыс істеді. Осы газет төңірегінде болашақ "Алаш" партиясының белсенділері мен
жақтаушылары топтасты. Оппозициялық газеттің отаршылдық саясатқа қарсы сипаттағы
мақалалары жергілікті әкімшілікті мазасыздандырды, сондықтан да отаршылдық әкімшілік "Қазақ"
газетін үнемі бақылауға алды, 1913 - 1916 жылдар аралығында газетті 26 рет жапты, редакторы А.
Байтұрсыновты бірнеше рет қамауға да алды
Саяси - құқықтық идеялар мен бағдарламаларды жасау ісімен айналыскандардың бірі ұлт - азаттық
қозғалыстың жетекшісі, әйгілі мемлекет кайраткері, ғалым - әдебиетші Әлихан Бөкейханов еді. Оның
артына қалдырған шығармашылық мұрасының үлкеи бөлігі - орыс тілінде жазылған монографиялық,
энциклопедиялық сипаттағы еңбектері және "Қазақ" газетінде ана тілінде жазылған мақалалары.
“Қазақ” газеті арқылы Ә. Бөкейханов қазақ кауымын Ресейдегі саяси оқиғалармен таныстырды және
саяси - құқыктық сауатын ашты. Газеттің 1913 - 1914 жылдардағы сандарында ол "Бе - бель", "Жан
Жорес”, "Керек сөз", "Балқан соғысы" жіне "Тағы соғыс" мақалаларында саясат пен соғыс
мәселелерін сөз етеді. 1910 жылы жазған "Қазақтар" дейтін зерттеуінде Ә.Бөкейханов қазақ
халқының тарихын, оның әлеуметтік құрылымын, орыс бодандығын, отаршылдықтың зардаптарын
айтады. Қазақ әдет - ғұрып нормаларыңдағы бұрынғы құқықтық жүйенің жойылып, оның орнына
патша өкіметі енгізген заңдардан кейін әділетсіздік пен парақорлықтың белен алғаны сыналады.
Ә. Бөкейхановтың ойынша европалық білім алып саяси істерге араласа бастаған қазақ зиялылары
екі бағытқа бөліне бастаған. Олардың бірі - мұсылмандық идеяны жақтайтын түрікшілер, ал өкіншісі
европалық дамуды қолдайтын батысшылдар. Саяси екі ағымның пайда болуын атап көрсеткен
Ә.Бөкейханов оларға ғылыми сипаттама да берді және бұл екі ағымның әлі нақты партия болып
қалыптаспағандығын ескертті. Өзінің саяси қызметінің бастауында батысшылдар жағында болған ол
саяси бостандық мәселелерінде діни ағымдарға да қарсы болмады.
ХХ ғасырдың басыңдағы қазақтың ірі қоғам қайраткері, саяси - әлеуметтік тақырыпта өндіре жазған
ақын, публицист, қазақ алфавитінің тұңғыш реформаторы, ағартушы - ұстаз Ахмет Байтұрсынов
1873 жылы қазіргі Қостанай облысында дүниеге келді. Оның түрлі оқиғаларға, халықаралық
жағдайға, заң, ел билеу, сот, жер, еркіндік тақырыптарына арналған "Бұл заманның соғысы" (1914),
Қазақ халқын билеу туралы 1868 жылы шыққан Уақытша Ереже" (1914), "Соғысушы патшалар"
(1914), "Заң жобасының баяндамасы" (1914), "Жәрдем комитеті" (1915), "Қазаққа ашық хат" (1916),
"Қазақ жерін алу тураласындағы ни - зам" (1916), және тағы басқа мақалалары Ахмет
Байтұрсыновтың саяси - құқықтық көзқарастарының эволюциясын, қайраткерлік қабілетін, отан
сүйгіштігін жан - жақты көрсете алады. Қоғамдық өмірдің сан алуан көкейтесті мәселелерін арқау
етіп жазған оның мақалалары алғашқы кезде "Айқап" журналында, 1913 - 1918 жыл - дары өзі
редактор болған "Қазақ" газетінде, жеке жинақтарында, кейіннен кеңестік баспасөзде жарияланды:
Ахмет Байтұрсыновтың аталған мақалалары мен басқа да еңбектерінде құқықтық мемлекет
принциптеріне сай келетін идеялар көптеп кездеседі. Ол құқыктық мемлекетте өкімет билігін, ең
алдымен заң шығарушы жоғарғы орган - парламентті қалыптастыруда заң шығаратын адамдарды
сайлауда қателеспеу қажеттігіне басты назар аударады. Сайлауға қатысуда жеке бастың немесе
ағайынның, рудың намысы үшін ғана дауыс беру азаматтыққа жатпайды. Билік басына немесе заң шығару қызметіне келетін адам үшін немқұрайлы дауыс беру, жершілдік пен ағайыншылық,
жершілікке салыну, Ахмет Байтұрсыновтың айтуынша "ол сайлау өмес, құр талас немесе сауда"
Халықтың сайлауға қатысуы және дауыс беруі туралы мәселеде ол былай деп жазады: "Пайдалы
адамды сайлаумен залалды адамды сайлау арасында ешбір парық болмаса, жұрт неге азаяды?
Яғни өз жақынын сайлап, бар мақсаты табылғандай көрінеді. Сайлау көп үшін берген нәрсе, көп
пайдасын көздеп сайланса... сайлау дұрыс өз мағынасында болғаны. Халықтың пайдасы, залалы
қаралмай, мынау туғаным - тұқымдасым... - деп сайланса, ол сайлау емес". Демократияның ең
маңызды көрінісі сайлау болып табылатындығын ескерген қазақ ойшылы "Тағы да халық соты
хақында" мақаласында "Сайлау деген - өзіңе берген құқықтар" деген қорытынды жасайды.
Рим заңгерлерінің "заң жиі өзгермеуі тиіс", "заң жақсы болса ғана оны шығарушылар халық
құрметіне ие болады”, "заң халық үшін қызмет етеді" деген қағидаларына сүйенген А. Байтұрсынов
ғасырлар бойы қалыптасқан құқықтық нормаларды жоғарыдан бұзып, халыққа таныс емес заңдарды
күштеп танудын қаншалықты зардапқа соқтыратынын ескертеді.
ХХ ғасырдың басында империялық саясат билер сотының аясын тарылтуға барынша ынталылық
танытты, ресейлік сот жүргізу ісінің тиімділігі туралы насихат күшейтілді.
ХХ ғасыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруының алғышарттарын атаңыз.
ХХ—шы ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде ұлттық саяси партияларының алғышартының қалыптасып, одан әрі дамуы қазақ халқының ұлт—азаттық қозғалысының маңызды кезеңі болып табылады. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақ халқын рухани жағынан да отарлады: тілінен, ділінен бірітіндеп айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды. Бұл жөнінде М.Дулатов 1907 жылы жазған " Қазағым менің, елім менің" атты мақаласында былай деп ашына жазған еді: " ...ең алдымен қазақ халқы — Ресейге тәуелді халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады.... Өздеріңіз көп жазбай байқап отырғандай... чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып—соғып, малдарын тартып, ойына не келсе соны істеді... . ... енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет—ғұрыптарымызға, біздің молдаларға да тиісті неке мәселелеріне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды.... .... енді бұл чиновниктер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып қазақтардың суымен шұрайлы жерлерін тартып әперуде. Чиновниктерде арқалаған олар өздеріне жайлы қазақ жерлерін еркін иемденуде.... Бұлар сорлы қазақтарды ұрып—соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде ..." [1, 30 б.] Сөйтіп Қазақстанда ең алдымен отаршылдыққа қарсы ұлттық сұраныстарға жауап беруге бағытталған идеялар, одан туындаған қозғалыстар мен саяси партиялар құрыла бастады. Қазақ ұлтының демократиялық интеллигенциясының жетекшілері, біріншіден, патшалық Ресейдің халықты қорлайтын отарлау саясатының мәнін әшкерлеуді және қазақтардың этнос ретінде сақталып қалуы үшін оның келешігіне қатер төндіріп отырған патша үкіметінің өлкені кеулеп бара жатқан жан—жақты экспансиясының тоқтатуды мақсат етті. Екіншіден, олар заң шығарушы және басқарушы үкімет органдарының алдына кадеттер ұсынған үлгі мен әр түрлі петициялар арқылы талап—тілектер қою демонстрациялар мен шерулер ұйымдастыру, мемлекеттік думаның сайлауына белсенді түрде араласып, парламентке халық өкілдерін өткізу үшін күресуді мұрат тұтты. Сондықтан да 1905–1907 жылдары қазақ интеллигенциясы кадеттер ұсынған Ресей қоғамын реформалау талаптарын жүзеге асыру жолында жүргізілген саяси науқандарға қатынасуда айтарлықтай белсенділік көрсетіп, нақтылы іс—әрекеттерге барды. Олар, атап айтқанда қазақ қауымын ең болмағанда уездер мен болыстар шеңберіндегі жүйесін қалыптастырудың отарлық сипатын өзгертуді талап етті. Қазақ интеллигенциясының қоғамдық—саяси қызметінің тағы бір бағыты Ресейден Қазақстанға орыс мұжықтарын көшіру ісін басқаратын аударушылардың қоныс аударушы мекемелерінің қызметін тоқтату үшін саяси күрес жүргізуге арналды. Үшіншіден, ұлттық—либералдық қазақ интеллигенциясы қоғамының саяси өміріне өзін өкімет пен дергілікті халық бұқарасын байланыстыратын күш ретінде көрсетуге ұмтылды
Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімімен қызметі туралы баяндаңыз.
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті. .Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.
ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларына тоқталсақ, әрине олар сан жағынан көп болған жоқ. Оның себебі орта білімді мұғалімдер даярлайтын курстар мен училищилер болмаса, арнайы оқу орындары ол кезде жоқ еді. Негізінен қазақ мамандары Ресейден білім алды ал патша өкіметі үшін қазақ халқының мәдениетін қаранғылықта ұстау тиімді болған еді. ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басында қазақ жастары үшін Қазан, Мәскеу, Петербург, Орынбор, Омбы, Варшава қалалары үлкен білім ордасы болды. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде 120 - ға жуық қазақ жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы диплом алған. Олардың қатарында Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Б.Қаратаев, Б.Құлманов, Б.Сыртанов, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, С.Асфандиаров, С.Шәлімбеков, Х.Досмұхамедов және басқа да бір топ қазақ жастары білім алған еді. Аталған білім алушылар білім алып қана қоймай ХХ ғасырдың басында ұлт мәселесін жеке дара мемлекет мәселесін Ресей отарына қарсы келген зиялылар тобын құрды. . ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің мұсылман халықтарын оятуды мақсат еткен кітап, газет - журнал түріндегі басылымдар көбейді. 1910 жылдардағы аумалы төкпелі кезеңде қазақтардың саяси өміріне бағыт бағдар берген «Қазақ» газеті 1913 жылдың басында шыға бастады. Кейіннен Алаш партиясының ресми баспасөз органына айналған бұл газетті Думаның бұрынғы мүшесі Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов басқарды. Сол дәуірдің алдыңғы қатарлы үш зиялысы газетке бағыт бағдар беріп отырды.
Ресейде білім алған ұлт зиялылары жоғарыда көрсетілгендей қазақты еуропа жолымен алып жүреміз, татарға қоңсы қондырмаймыз деген ағымның басында Ә.Бөкейхановпен, А. Байтұрсынов болды, ал «Ислам түрік туының астына жиналамыз» деген ағым Орал, Торғай оқығандарында күшті болды. Бұл ағым «Айқап» журналында бет алды. (1911 жылдан бастап шыққан «Айқап» журналы қазақ қоғамдық өміріндегі тұңғыш ықпалды журнал еді, сонымен қоса қазақ тілінде ұлттық рухты көтерген алғашқы журнал болды.) ХХ ғасырдың басында Ресей қалаларында білім алып, орыстың алдыңғы қатарлы мәдениеті мен саяси ықпалын сезінген қазақ зиялылары кейбір оппозициялық партиялардың ықпалымен Қазақстанда саяси ой пікірді дамытып, демократиялық идеяларды насихаттай бастады. Қазақ зиялыларының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсіресе кадеттер партиясының әсері болды және кадеттер партиясының өзі қазақ зиялылары тарапынан қолдау тапты. Қазақ зиялылары кадет партиясы құрамына еніп, мүшелікке өтіп, бағдарламасын мойындады. Қазақ зиялыларының рухани жетекшісі Ә.Бөкейханов 1906 жылы кадеттер партиясының Орталық комитетіне мүше болып сайланды. олар өздерінің ұлттық демократиялық мемлекет құру идеясын іс жүзіне асыру мақсатында 1917 жылы «Алаш» партиясын құруға белсене кірісті. Ал автономия құру идеясы қазақ зиялыларының ұзақ жылғы саяси күрестерінің, үздіксіз идеялық іздерістерінің нәтижесі болғаны анық. Қазақ зиялыларының ұлт азаттығы жолындағы күресі жаңа құқықтық мағынаға ие болып отырды. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының мемлекеттілікті жаңғырту мәселесін көтеруі. Сонымен бірге ақпан ревалюциясы тұсындағы қазақ зиялыларының мемлекеттілік үшін күрестері мен кеңес өкіметі кезеңіндегі қазақ зиялы қауымының ұлттық автономия мәселесін көтеруі сол уақыттың талабы болды. Қазақ зиялыларының ұлттық мемлекет құруға бағытталған іс әрекеттері, ұлттық тәуелсіздікті қалпына келтіру қызметері тарих беттері арқылы талдау жасау негізінде сол уақыттағы ұлттық идеялар, бүгінгі күнге бастан кешіріп отырған тәуелсіздікке жол салды
1905-1907 жылдардағы Ресейдегі бірінші орыс революциясының Қазақстанның қоғамдық-саяси қозғалысына әсерін талдаңыз.
1905– 1907ж.ж. ресейде бірніші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905ж. 9қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этногроф, тарихшы, шежіреші Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап “Қанды жексенбі”деген өлең жазады. Содан кейін автор қуғын – сүргінге ұшырап, Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болады. Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл, Семейде жұмысшылрдың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен далалық өлке орталығы Омбы қаласында наразылық шеруі шықты. Бұл кезеңде Патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына тұсті. 1905 -1907ж.ж. жұмысшылардың бірқатар толқулары болып өтті. Жұмысшылар алғашқыда жоғарғы жақтағы бастықтардың атына арыз айтып, шағым түсіріп көрді. Мысалы, 1902ж мыс кеніштері мен Екібастұз көмір кенінің 150жұмысшысы дала генерал – губернаторының атына арыз – шағымдар жолдады. Жұмысшылардың кәсіпорындарды тастап қашып кетуі де аз болған жоқ. Кейінірек жұмысшылар наразылығының бұйрыққа бағынбау және ереуіл сияқты түрлерріне көше бастады. 1904ж Зайсан уездіндегі Надеждинск кен қазу орнында жұмысшылардың ереуілі болып өтті. Оған Мейірхан Кемалов басшылық етті. 1905ж Қазақстандағы темір жол жұмысшылары Бүкілресейлік саяси ереуілге қатысты. Жұмысшылар тез арда саяси кепілдіктер мен бостандықтар берілуін, Құрылтай жиналысын шақыруды талап етті. 1905ж 15қарашада Қарқаралы қаласында жұмысшылар мен шаруалардың, солдаттардың, сондай – ақ енді қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары өкілдерінің саяси шеруі болып өтті. Шеруді ұйымдастырушылардың бірі Ж.Ақбаев Семей түрмесіне қамалды. 1905ж желтоқсанда Спасск мыс балқыту зауытында, сондай – ақ Қарағанды кен қазу орындарында үлкен ереуілдер орын алды. Оларға іле – шала Павлодар қаласындағы өзеншілер де бас көтерді. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, зейнетақыны арттыруды, дәрігерлік қызметті тегін көрсетуді талап етті. Осымен бір мезгілде Успенск кенішінде жұмысшылардың ірі бас көтерілулері басталды. Капиталға қарсы “орыс – қырғыз одағы” құрылды. Бұл біріккен одақтың басшылары Б.Топорнин, Байшағыров, С.Невзаров сияқты жұмысшылар болды. 1906 ж маусымда Семей қаласының жұмысшылары іс – жүзінде түгелдей дерлік көтерілді. Оған орыс пен қазақ, татарлар да қатысты. Ереуіл нәтижесінде қала халқы жиналыс өткізу бостандығын жеңіп алды. 1907ж жазында Семей, Ақтөбе, Верный, Қостанай сияқты қалалар кәсіпорындарыңың жұмысшылары шеруге шықты.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері туралы баяндаңыз.
1914 жылы 1 тамызда басталған. Оған тайпалық Ресейде қатысқан бірінші дүниежүзілік соғыс оның халықтарына аса ауыр қайғы қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Империяның отар аймақтарында патша шенеуніктерінің басынушылығы мен зорлық- зомбылығы өлшеусіз артты. Қазақтардың жерлерін жаппай тартып алу жалғасып жатты. Қазақтардан тартып алынған жерлер патша офицерлеріне, шенеуніктерге, дін басыларына, казак әскерлерімен Ресейден және Украинадан қоныс аударған шаруаларға үлестірілді. 1916 жылдың ортасына таман қазақ халқынан тартып алынған жерлердің көлемі 45 млн десятинаға жетті. Соғыс Қазақстан экономикасына құлдырауына әкеп соқты. Соғыс шикізатты, азық түлікті, малдың және басқа да материалдық орасан зор мөлшерін жұтып жатты. Осыған байланысты иығына жаңа ауыртпалықтар түсті. Міндетті түрде ет тапсырылды. Мемлекет керегіне мал жаппай еріксіз алынды. Әр үйден жаңа соғыс салығын алу т.б.салықтардың мөлшері артты. Салықтар 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда – 15 есе өсті. Соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп- жетілу процессін тездете түсті. Соның жарқын көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын қамтыған 1916 ж ұлт азаттық көтерілісі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |